Басты бет Жаңалықтар Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті

Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті

Жазушы-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында қайтыс болды.

Әбілфайыз Ыдырысов. Фото: Тurkystan.kz

Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Әбілфайыз Ыдырысов — Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі, бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әкесі.

Ол ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеді. Тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2004).

Публицист-жазушы, педагог Әбілфайыз Ыдырысовтың қаламынан көптеген ғылыми-зерттеу кітап, деректі эссе, хикая, «Айжанның ғашығы», «Берік», «Аңсаған менің әнімсің», «Ақсүйек», «Кер бұзаудың өлімі» повестері, «Таңшолпан» романы жарық көрді. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version