Басты бет Қоғам Алматыда денсаулық айлығында 17,5 мың адам тексеруден өтті

Алматыда денсаулық айлығында 17,5 мың адам тексеруден өтті

Алматы тұрғындары мен қала қонақтары көбіне жалпы практика, лор және кардиолог дәрігерлерден консультация алды. Бұл туралы денсаулық айының есебіне арналған жиында қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев айтты.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 1-30 тамыз аралығында медициналық қызмет көрсетуге бригадалар бөлінген. Жұмысты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басқарды.

Медицина бригадалары қаладағы жаңа шағынаудандарды, базарлар мен сауда орындарын аралады. Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шара қала шетіндегі 60-тан астам аудандарда өтті.

17,5 мың тұрғын тегін медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлердің консультациясын алды. Жалпы практика дәрігеріне — 11 058 адам, лор-дәрігерге — 4 255, кардиологқа — 6 899, гинекологқа — 2 915, невропатологқа — 4 566, офтальмологқа — 5 031, хирургқа — 3 138 адам қаралды. Уролог, педиатр, дерматолог, онколог, ревматолог, стоматолог, эндокринолог, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар да тұрғындарды қабылдады, — деп жазылған хабарламада.

Денсаулық айлығының қорытындысы бойынша 8 228 адамның түрлі аурумен ауыратыны анықталған. Ең көбі — 1 984 адам артериялық гипертензияға шалдықса, ең азы — 19 адамның туберкулез жұқтыру қаупі бар.

Айта кетейік, денсаулық айлығында медицина қызметкерлері тұрғындар арасында Регистр арқылы тіркелу мен мобайл қосымшаны жүктеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Скринингтен өту мен міндетті әлеуметтік медицина сақтандыруын енгізу бойынша ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version