Басты бет Жаңалықтар Синоптиктер 7-9 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады

Синоптиктер 7-9 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады

Мамандардың болжамына қарағанда Қазақстанда алдағы күндері нағыз күзгі ауа райы сезіледі.

Фото: Site-made-in.odessa.ua

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 7-9 қыркүйек күндері елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Циклон мен атмосфера фронттары нөсер жаңбырдың жаууына себеп болады.

Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы 10-20 градус жылы болса,  ал республиканың оңтүстігінде 18-25 градус жылы болады. Ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градус төмендейді, нағыз күзгі ауа райы сезіледі, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандар Қазақстанда мұндай температура мен жаңбыр алдағы үш тәулікте де сақталады деп болжады. Тек Қазақстанның батысында жауын-шашын тоқтап, жылы болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version