Басты бет Жаңалықтар Ақтөбеде сақал қойған жігіттер әскерге алынбай жатыр

Ақтөбеде сақал қойған жігіттер әскерге алынбай жатыр

Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен он жігіт әскер қатарына алынбаған. Арнайы комиссия олардың діни көзқарастарынан қорқып іріктеуден өткізбепті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.  

© Көрнекі сурет

Радикалдардың қорғаныс саласына кіріп, іріткі салуынан қорыққан құзырлы органдар күзгі шақырылымға келгендерді жіті сүзгілеуде. Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті жастарды медициналық тексеруге шақырмастан бұрын жеке істерін тексереді екен. Егер Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер департаментінің тізіміне іліккендер болса әскерге жолатпайды. Биылдыққа он жігіт экстремистік ұстанымдары үшін, тағы бірі баптистердің уағызшысы болғандықтан әскерден шеттетілген.

«Әскерге шақырмастан бұрын ер азаматтарды сырттай зерттеп, жеке істерін тексереміз. Ұлттық қаупсіздік комитеті мен Ішкі істер органдарымен тығыз байланыстымыз. Арнайы тексеру кезінде тіркеуде тұрған- тұрмағаны анықталады», — деді Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Әділбек Құлтаев.

5 пікір

  1. Дұрыс дейміз-ау, білім ордасына жұмысқа қабылданарда жіті тексерілу қажет,білмеймін кей мектептерде еден жуушы етегіне сүрініп,қарауыл сақалын сипап ,бюджетке тендерден өткендер де сақалды мен қысқа балақтылар,бетін жамылғандар болып отыр,басшылар,жоғарыдағылар не қарап отыр,біз айтамыз-ау,қорқам…

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version