Басты бет Жаңалықтар Алдағы үш күнде елімізде ауа температурасы төмендейді

Алдағы үш күнде елімізде ауа температурасы төмендейді

Еліміздің батысында ғана ауа райы басқаша болады. Батысқа Архангельск өңірінен келетін антициклон күннің 41 градусқа дейін ысуына ықпал етеді.

Фото: Vistanews.ru

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 15-17 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың хабарлауынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, температура төмендейді.

Жел күшейіп, күн күркірейді, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Ал республиканың батысына Архангельск өңірінен келетін антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашын болмайды, ауа температурасы біртіндеп 30-41 градусқа дейін жоғарылайды, — деп хабарлады синоптиктер.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version