Басты бет Қоғам Алматыдағы Самғау ықшамауданынан өрт шықты

Алматыдағы Самғау ықшамауданынан өрт шықты

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қойма өртеніп жатқандығы туралы қоңырау сағат 05.06-да түскен. Өрт Самғау ықшамауданындағы Көкорай көшесінің бойындағы ғимараттан шыққан.

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметінен

Хабарламада 400 шаршы метр аумақты алып жатқан екі қабатты қойманың шатыры өртенгені айтылған.

Өрт қойманың батыс бөлігіндегі құрылым бөлшегі қирағандықтан және қосымша сумен жабдықтау құралдарының болмауынан өрши түскен. Өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй секторының аумағына жақын орналасқан құрама жем сақтау қоймасына өрттің таралуын болдырмау үшін шаралар қолданды. Өрт сағат 06:28-де ауыздықталып, 07:09-де толық сөндірілді, — делінген хабарламада.

Өрт сөндіруге 50 адам мен 12 техника жұмылдырылған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version