Басты бет Экономика Астана Халықаралық Биржасы сауда алаңы бірқатар қытай компанияларымен келісімге қол қойды

Астана Халықаралық Биржасы сауда алаңы бірқатар қытай компанияларымен келісімге қол қойды

Астана халықаралық биржасы Басқарма төрағасы Тимоти Беннетт Қытай құрылыс банкі мен CITIC Securities, Қытайдың шетелде даму қауымдастығы, CITIC бағалы қағаздарды инвестициялау банкі және Deheng заң фирмасы және Chengxin халықаралық рейтинг агенттігі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Фото: Inform.kz

«Біз Астана халықаралық қаржы орталығымен және «Қазатомөнеркәсіп» қазақстандық компаниясымен жұмыс істейміз. Бұл компаниялармен инвестициялық саясат бойынша жұмысты жалғастыруға дайынюыз. Қазақстанға инвестиция салуға қызығушылық білдіретін клиенттер саны көп. Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқаныма үш жыл болы», — деді Кирк Уильямс, PwC-нің Еуразия елдеріндегі өкілі.

Астана халықаралық биржасы — бұл сауда саласындағы жаңа технологияларды қолдана отырып құрылған заманауи сауда алаңы. Қаржы саласындағы әлемдік көшбасшылар Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры, NASDAQ биржалық тобы және Goldman Sachs халықаралық қаржы тобы — сауда алаңының биржадағы стратегиялық серіктестері.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version