Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Олимпиада-2024 қай мемлекеттерде өтуі мүмкін?

Вирджиния Раджи мэр қызметіне маусымда сайланған. Ол Олимпиаданы өткізу жобасының қымбаттығына және ойынды ұйымдастырудағы коррупциялық дауларға байланысты Римнің ойындарды өткізу құқығын жеңіп алу бәсекесіне қатысуына қарсы екенін мәлімдеген. Римнің бәсекеден бас тартуын қалалық кеңестің 30 мүшесі қолдап, 12-сі қарсы шыққан.

2024 жылғы Олимпиаданы өткізу бәсекесінде енді үш үміткер — Лос-Анджелес, Париж және Будапешт қалды.

Еске сала кетейік, Жазғы Олимпиада Лос-Анджелес (1932 жылы, 1984 жылы) пен Парижде (1900 жылы,1924 жылы) бұрын соңды екі рет өткізілген. Ал Будапешт үшін бұл алғашқы Олимпиада болуы мүмкін. Алдағы төрт жылдықтың бәсекесі 2020 жылы Токиода өтпек.

Один ответ для “Олимпиада-2024 қай мемлекеттерде өтуі мүмкін?”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version