Басты бет Қоғам Алматы әкімі тұрғындардың негізгі әлеуметтік мәселелерін атады

Алматы әкімі тұрғындардың негізгі әлеуметтік мәселелерін атады

Бақытжан Сағынтаев Президент Қасым-Жомарт Токаевтың тапсырмасы бойынша Алматы активімен кездесіп, қаланы одан әрі өркендетудің стратегиялық бағыттары мен оларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Фото: Аlmaty.gov.kz

Алматыны дамытуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси платформасындағы «Шетсіз қала» концепциясына баса назар аударылады.

Халықтың негізгі әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру қажет, яғни лайық жалақысы бар жұмыс орындарын ашу, азық-түлік бағасы мен коммунал қызмет тарифтерінің қымбаттауына жол бермеу, қолжетімді тұрғын үй салу, экологияны сақтау, медициналық қызметтің сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет, — деді қала әкімі.

Алматы әкімі аймақтарды абаттандыру, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі, «қарапайым заттар экономикасын», инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Жергілікті атқарушы органдар үшін қала тұрғындарының табыс деңгейін арттыру мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар пакеті жасалды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version