Германияда жоғары музыка мектебінде білім алған қай саясаткер?
Любек жоғары музыка мектебінде Бауыржан Байбек білім алды
"Ұлы дала кентаврлары" кітабының авторы кім?
2005 жылы Иманғали Тасмағамбетовтің "Ұлы дала кентаврлары" кітабы жарық көрді
Мына саясаткерлердің қайсы Шымкентке басшы болған жоқ?
Асқар Мырзахметов Шымкентке әкім болған емес
Бұл саясаткерлердің арасында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтын тәмамдаған кім?
Аталған оқу орнында Гүлшара Әбдіқалықова білім алды
Үкіметтің қай мүшесі статистика саласында көп жыл қызмет етті?
Статистика ведомствосында 15 жылдай қызмет еткен саясаткер - Әлихан Смайылов
Қай саясаткер ҚР Парламенті Сенатының өкілі?
Бұлардың арасында Парламент Сенатының депутаты - Рашид Түсіпбеков
Қай саясаткер Президент сайлауына кандидат ретінде қатысып көрген жоқ?
Бірғаным Әйтімова президенттікке кандидат ретінде сайлауға түсіп көрген жоқ
Нұрсұлтан Назарбаев "Ешкімнен қорықпа, ешкімнен. Біреу ісіңе араласып жатса, маған фамилиясын айт" деп кімге айтты?
ҚР Тұңғыш Президенті бұл сөзді 2017 жылы Ұлттық банкті басқарған Данияр Ақышевқа айтты
Павлодар облысының әкімі кім?
Павлодар облысын 2016 жылдың 25 наурызынан бері Болат Бақауов басқарады
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін алғаш иеленген саясаткер кім?
Қазіргі Nur Otan партиясы басшысының бірінші орынбасары қызметін ең алғаш Нұрлан Нығматулин атқарды
Әлеуметтік желіде бөлісу: