Басты бет Жаңалықтар 10 шілдедегі ауа райы: жаңбыр мен аптап ыстық

10 шілдедегі ауа райы: жаңбыр мен аптап ыстық

10 шілдеде республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, жел күшейеді, дауыл тұрады. Солтүстік пен оңтүстікте ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Фото: Nov-pravda.ru

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында 25 м/с жел соғады, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі, Павлодар облысында 18 м/с жел соғады. Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысында 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Ақтөбе облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды  облыстарында қатты ыстық болады. Ақтөбе, Қарағанды облыстарында сынап бағанасы 40-41 градусқа, Ақмола облысында 35-38 градусқа дейін жоғарылайды. Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version