Басты бет Жаңалықтар Алматының қазіргі және бұрынғы әкімдері өзара твит алмасты

Алматының қазіргі және бұрынғы әкімдері өзара твит алмасты

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек пен қазіргі әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-де бірге түскен фотосы мен мазмұны бірдей пост жариялады. 

Бауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаев. Фото: Тwitter.com/BauyrzhanBaibek

Алматының экс-әкімі, қазіргі Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Бақытжан Сағынтаевпен түскен фотосын Twitter-де «Постты тапсырдым. @sagintayev_b» деген жазбамен жариялады. Сәлден соң Бақытжан Сағынтаев осы фотоны «Постты қабылдадым, @BauyrzhanBaibek» деген жауаппен твиттеді.

https://twitter.com/BauyrzhanBaibek/status/1147084335142645760

https://twitter.com/sagintayev_b/status/1147084629461147648

Алматының бұрынғы және қазіргі әкімдері бұл фотоға 5 шілде күні Nur Otan партиясының XXV кезектен тыс конференциясы барысында түскен. Конференцияда Бақытжан Сағынтаев партияның Алматы филиалының төрағасы болып сайланды.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 28 маусым күні Алматы әкімі болып тағайындалды. Ол бұрын ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болды. Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып 29 маусым күні тағайындалды. Ол бұл қызметті Алматы әкімі болғанға дейін де атқарған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version