Басты бетҚоғамКемеңгерліктің 30...

Кемеңгерліктің 30 жылы. Елбасы жастарды Отанды қадірлеуге шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев сөзінде мемлекеттің барлық жетістігіне бірліктің және еңбектің арқасында қол жеткенін, тәуелсіздік — қазақстандықтардың бірнеше буынының арманы болғанын атап өтті.

Тәуелсіздігіміздің тарихын білмейтін және оған қызығушылық танытпайтын жастар өз Отанын жоғалтып алуы мүмкін екенін сезінбейді. Біз мұны ұрпағымызға түсіндіруіміз керек. Мемлекет бұған жол бермейді, біздің халқымыздың тұрақтылығы мен бірлігін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолданады, — деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің байлығы мен бірлігіне қызғанышпен қарайтындар барын да еске салды.

Қазақстан халқы — ауылдарда және қалаларда мұндай молшылықта өмір сүріп көрмеген. Солай емес пе!? Сол себепті, мұны бағалауымыз керек, — деді Елбасы.

Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр. Конференция қоғамның тұрақты дамуындағы, еліміздің экономикалық және әлеуметтік саяси жаңғыруындағы Елбасының қызметі мен бастамаларының және оның барша әлемде жаһандық қауіпсіздік пен сенім ахуалын жасақтаудағы күш-жігерінің рөлі мен маңыздылығын зерделеуді, Елбасының саяси көшбасшылық феноменін, тұлғаның тарихтағы рөлін одан әрі зерттеуді көздейді. Конференцияға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.