Басты бет Жаңалықтар Сауат Мыңбаев Президентке Арыс оқиғасы кезіндегі жолаушы тасымалы туралы айтты

Сауат Мыңбаев Президентке Арыс оқиғасы кезіндегі жолаушы тасымалы туралы айтты

Қазақстан Президенті "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сауат Мыңбаев. Фото: Аkorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына теміржол саласының қазіргі даму жағдайы мен келешегі туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, экспорт және транзит тасымалдарын ұлғайту, көлік қызметінің сапасын жақсарту қажеттігіне назар аударды.

Сауат Мыңбаев Арыстағы төтенше жағдай кезінде жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі қабылданған шаралар туралы баяндап, контейнерлік тасымалдар саласындағы жағдай, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін жүргізіліп жатқан жұмыс пен операциялық іркілістерді азайту туралы мәлімет берді.

Президент «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version