Басты бет Қоғам Синоптиктер 15-17 маусымдағы ауа райына болжам жасады

Синоптиктер 15-17 маусымдағы ауа райына болжам жасады

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндергі ауа райын болжады. 

Фото: En.eyeni.biz

Синоптиктердің хабарлауынша, маусым айының ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында ауа райы мамыр айындағыдай құбылмалы болады. Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағай соғып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 10-20 градус жылы болады.

Мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен келеді, — делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, республиканың басқа аймақтарында да ауа райы тұрақсыз, жаңбырлы болады. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндіз ауа 25-33 дейін жылиды. Маңғыстау облысында күн райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы 30-39 градусқа көтеріледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version