Шығыс Қазақстанда жағажай маусымы ашылады

Шығыс Қазақстан облысының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы облыс тұрғындары мен қонақтарын 15 маусымда «Сібе» көлінде өтетін жағажай маусымының салтанатты ашылуына шақырады.

«Сібе» көліндегі жағажай маусымының салтанатты ашылуының» бағдарламасы:

  • 13.00 — спорт сайыстары;
  • 18.00 – әнші, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Дастан Оразбековтің қатысуымен жағажай маусымының салтанатты ашылуы;
  • 21.00 — мерекелік от шашу мен көңілді би кеші.

Өтетін орны: Ұлан ауданы, Шалқар көлі (үшінші көл).