Басты бет Жаңалықтар Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин мен дәл осы салмақтағы WBA (Regular) нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дэниэл Джейкобстің кездесуі желтоқсан айында өтеді, деп хабарлайды vesti.kz.

Геннадий-Джейкобс арасындағы жекпе-жек уақытының жуық арада белгіленуіне Сауль «Канело» Альварестің рингке шыға алмауы себеп болды.

Альварес пен НВО каналының келісімі бойынша 10 желтоқсанда тікелей эфирде жекпе-жек көрсетілмі өтпек болған. Альварестің рингке шыға алмауына байланысты каналдағы бос уақыт пен қаражатты Геннадий мен Джейкобстың жекпе-жегінің көрсетіліміне жұмсау қолайлылық тудырды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин бұған дейін Нью-Йоркте кездесу өткізіп көрмеген. Жекпе-жек 10 желтоқсан күніне Madison Square Garden мен Barclays Center ареналарының бірінде өткізілуі мүмкін. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version