Басты бет Жаңалықтар Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанның батысынан өзге өңірлерде жауын-шашын болады.

Фото: Goodfon.ru

«Қазгидромет» РМК мамандары 1-3 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады. Синоптиктердің мәліметінше, республиканың көп аймағында өткінші жаңбыр мен бұршақ жауады.

Жаздың алғашқы демалыс күндерінде Қазақстанның көп облысында найзағай соғып, өткінші жаңбыр мен бұршақ жауады. Жел де күшеюі мүмкін. Ауа температурасы аздап төмендейді, — деп хабарлайды «Қазгидромет» мамандары.

Қазақстанның батысында жауын-шашын болмайды. Температура климаттық нормадан 3-6 градус жоғары болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version