Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Қытаймен бірігіп, 50 кәсіпорын ашады

Қазақстан Қытаймен бірігіп, 50 кәсіпорын ашады

Алдағы жылдары еліміз «Қазақстан-Қытай индустриялық-инвестициялық» бағдарламасы аясында 50 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның құны – 26 млрд АҚШ доллары. Сондай-ақ, 11 жыл ішінде Қазақстанға 226, 7 млрд доллар инвестиция тартылған. Бұл туралы арнайы брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров мәлімдеді.

©Szh.kz

«2005 жылдан 2016 жылға дейін елімізге тартылған инвестиция 226, 7 млрд долларға жетті. Бұл – шет мемлекеттердің ұлттық экономикамызға салған тура инвестициясы. Оның 13,4  млрд доллары немесе 5,6%-ы Қытайға тиесілі. Бүгінде инвестицияның дамушы нарықтан дамыған нарыққа өту тенденциясы байқалады. Бұл – Қазақстанға да әсер ететіні белгілі. Соңғы жылдары шетелден келетін инвестицияның төмендегені байқалады. Өкінішке қарай, Қытайдан тартылатын инвестиция – 30%», — дейді вице-министр.

Ерлан Хаировтың айтуынша, екі ел арасындағы экономикалық байланысты күшейту мақсатында жаңа жобалар жүзеге асырылады.

«Қос ел арасында Қазақстан-Қытай  индустриялық-инвестициялық бағдарламасы бар. Оның құрамында 50-ге жуық жоба бар. Жобаның құны – 26 млрд АҚШ доллары. Түсіндіре кетейін, бұл бағдарламалар үнемі өзгеріп отырады. Қазақстан тарапынан бағдарламаға жауапты – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ал Қытай жағынан Реформаны дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет. Біз осы күнге дейін 9 бірлескен отырыс өткіздік. Келіссөзді онлайн түрде жүргіземіз. Әрбір жобаны талқыға саламыз. Егер экономика, қызығушылық жағынан өзгерістер болса, жобаны тізімнен шығарамыз немесе керісінше. Сондықтан бұл процесті жанды механизм деп атасақ болады. Біз әрқашан әріптестерімізбен байланыс орнатып отырмыз», — дейді ол.

Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі жобаның мақсатына тоқталды.

«Жоғарыда аталған жобаларда қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлердің үлесі бар. Жобалар әртүрлі саланы қамтиды. Бұл кәсіпорындар арқылы шығарылған өнім экспортқа жіберіледі. Оның ішінде тауар Қытайға экспортталады. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Яғни, Қазақстан кең нарыққа шығуға мүмкіндігі бар», — дейді Е.Хаиров.

Сөз соңында вице-министр Қытай инвестицияның әлемдік нарықтағы үлесінің жоғары екендігін айтты.

«Қытай – әлемдегі ең үлкен инвесторлардың бірі. Мысалы, Еуропалық одақ Аспан асты елі үшін арнайы бағдарламалар жасап отыр. Мақсат – қытайлық инвесторларды Еуропаға әкелу. Қазақстан үшін Қытайдың инвестициялық мүмкіндігін пайдаланбау ақымақтық болар еді», — дейді вице-министр.

5 пікір

  1. Қытай басшы Қазақ құл болса,жеріңнен айырылғаның,анау-мынау әңгімесі,жерді босатың дегеннің сыпайы түрін әр түрлі қылып жеткізуде,болмаса қытайда не шаруасы бар қайта-қайты қылқылдап(қытайлап).

  2. Қазақ жұмыссыз бола тұра Қытайға жұмыс тауып бермек,басқа елге инвесторлар жұмысшы болып келсе(әрине бірінші өз халықына жұмыс сосын инвестор) біздің елге инвестор қожайын болады.

  3. Ең болмаса «100 нақты қадамда» айтылған, УӘДЕ берілген, мемлекет жұмыстарының ашық жарияланатына (интернет арқылы) сүйене отырып, ол қытайдан келетін кімдер, қаншалықты, қандай мақсатта, не атасының басын жасамақ біздің жерде , соны білейік те?! басын құрбанға шалған мал құсап тырп етпей отырғанша …

  4. не ойлағандары бар түсінбедім тыныш өмір жетпейма алде кім бұндай бастаманы шығарып бастап жүрген. Оданда асықпай жаймен дамыған дұрыс едіғо. я беріп жатқан мықты білім жоқ, түсінбедім шетелде оқып келгендер осыларды істесе боладығой солар не қарап жүр. бұндай жағдайға қарсы шығуымыз керек 1 қытайдың артынан 1000 қытай еріп келеді әлі алдын алмасақ.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version