Цифрлық трансформация төңірегіндегі пікірталас

Түрлі саланы цифрландыру стратегиясы технологиялардың арқасында жүріп жатыр. Соңғы жылдары цифрлық трансформация технологияға емес, адамға тәуелді деген мақалалар жиі шыға бастады.

Оған мынадай дәлелдер келтіріледі: стратегияны іске асыру үшін білікті мамандар қажет. Тиіс тәсілді қолданып, істі дұрыс басқарғанда ғана мақсатына жетеді. Бұл – цифрландыру ғана емес, кез келген үлкен бастамаға қатысты дұрыс тұжырым.

Цифрлық трансформация табысты болуы үшін адаммен бірге технология да қажет. Технологиясыз цифрлы емес, жай өзгеріс болып қалады. Сондықтан оны бизнес стратегияда қолдану пайда әкелмейді. Бизнес стратегия мен цифрлық стратегия бір бірінен ажырамауы керек. Сонда ғана цифрлық технологияның мүмкіндігін толық пайдалана аласыз.

Технология жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Жаңа технологияны кәсібіңізде қалай қолданатыңызды алдын-ала ойластырып,  дұрыс тәсілдер таңдап, жақсы жоспар жасаған дұрыс. Онсыз цифрлық трансформацияның бар мүмкіндігін пайдалана алмайсыз. Бұл тұрғыда Amazon-ды үлгі ретінде келтіруге болады. Бұл компания технологияларды ұтымды үйлестіре білді. Amazon ашқан азық-түлік дүкенінде касса мен сатушs мүлдем жоқ. Дүкенге кіру үшін смартфонда QR-кодты сканерлеу керек. Ақылды камералар сөрелерден алған тауарларды есептеп, дүкеннен шыққанда смартфоныңызға чек жібереді.  Жуырда Ұлыбританиядағы ең ірі сауда жүйелерінің бірі – Sainsbury’s  де Лондонда алғаш кассасыз дүкен ашты. Болашақта осы технологияны қолдану дүкендерде сауда жасауды мүлдем өзгертуі мүмкін.

Жаңа мүмкіндіктер беретін технологияның тағы бір мысалы – “ақылды кеңістік”. Ол ақылды қала, фабрика,  ғимарат  немесе жұмыс орны болуы мүмкін. Ақылды кеңістікте жасанды интеллект, интернетке қосылған құрылғылар, цифрлық сыңарлар мен блокчейн бір жүйеге қосылып, жақсы байланысқан әрі өзара үйлескен ортаны құрады.  Үндістанда жазық далада салына бастаған Амаравати “ақылды” қаласы алдымен цифрлық сыңары  түрінде пайда болған. Құрылысы аяқталғаннан кейін ол әлемде ең дамыған үш шаһардың қатарына кірді.

Цифрлық трансформацияның негізгі мүмкіндіктері

Ұтымды цифрлық трансформация анық түсіну үшін екі түрлі саланы қарастыру керек: ол кез келген ұйымның осы өзгерістерді асыру үшін қажетті негізгі бизнес мүмкіндіктері мен осы салада табысқа жеткен ұйымдардың қолданған әдістері. Осы әдістердің арқасында олар бәсекелестерін артта қалдырған.

Цифрлық трансформацияға қажетті негізгі мүмкіндіктерді түсіну үшін кемелдену үлгісіне көз жүгірту керек. Мұндай үлгілер ұйымның осы үрдісті дамытуға қажетті стратегиялық бағыттар мен негізгі құралдарды қамтуы тиіс.

Бүгінде Gartner және BCS (Британ компьютерлік қоғамы) сияқты бірқатар компания осындай үлгілерді ұсынып отыр. Әрқайсысы цифрлық кемелдену деңгейін әртүрлі тұстан қарастырады. Сондықтан өзіңіздің  кемелдену деңгейін жан-жақты бағалау үшін бірнешеуін қолданғаныңыз дұрыс болады.

Мысал ретінде айтсақ, Gartner компаниясы цифрлық бизнестің кемелдігін тоғыз сала бойынша бағалайды. Оның арасында тұтынушылық тәжірибені меңгеру, инфономика және бизнес-моделінің икемділігі бар.  Ал BCS болса, стратегия, адамдар, үрдіс пен технологияны негізгі төрт бағыт ретінде қарастырады.

Кемелдену үлгісінің қайсысын таңдасаңыз да, сіз бәріне ортақ сала  барын байқайсыз. Олар: стратегия (мысалы, цифрлық стратегия, инвестициялар), үрдіс (цифрлық инновация, өзгерістерді басқару және меңгеру), адамдар (цифрлық біліктілік, көшбасшылық пен мәдениет), технология (серпілісті технология, платформалық құрылым мен бизнес модельдер, цифрлық қызмет көрсету шеберлігі).

Бұдан шығатын негізгі қорытынды: жетістікке жету үшін көшбасшылық, адамдар мен мәдениет құзыреті сияқты дәстүрлі қабілеттермен қоса цифрлық бизнеске ғана тән тағы бірнеше жаңа құзырет қажет. Ең табысты ұйымдар дәстүрлі де, жаңа да қабілеттерді жетілдіріп, барлық бағыт бойынша еңбек атқарып жүр.

Стратегиялық тақырыптар: жетекші мамандардың жеке мүмкіндіктері

2019 жылы Gartner компаниясы IT саласындағы жетекші мамандар арасында сауалнама жүргізді. Оның мәліметінше, қатысқандардың 33%-ы цифрлық бастамалары “ауқымдау” немесе “жетілдіру” кезеңінде екенін айтқан. 2018 жылы бұл көрсеткіш 17% болған. Бүгінде цифрлық кемелдену шешуші кезеңге жеткен кезде біз озық мекемелердің біліктілігін сынап, трансформацияның көмегімен бәсекелестік артықшылыққа қалай қол жеткізгенін көре аламыз.

Кемелдену үлгілеріндегідей, қалай алға шыққанын бірнеше көрсеткіштерінен  байқауға болады. Gartner сауалнамасы, табысты ұйымдардың 75%-ы өздерінің бизнес-модельдерін өзгертіп жатқанын немесе өзгерткенін көрсетті. 75%-ы өнімге бағытталған жеткізу жүйесін енгізген. 89%-ы цифрлық салаға салған инвестициялардың тиімділігін есептеп жүр. Технологияға қатысты табысты ұйымдардың 40%-ы жасанды интеллект және 23%-ы деректерді талдау жұмыс әдісін түбегейлі өзгертеді деп санайды.

PwC компаниясы жуырда жүргізген Digital IQ зерттеуіне келетін болсақ, табысты ұйымдардың 91%-да қызметкерлердің тәжірибесі үшін жауапты маманы бар екенін көрсеткен.  Ал 54%-да цифрлық технологиялар жақсы меңгерілген және бұл қызметкерлеріне  жаңаша ойлауға көмектеседі екен.

Жалпы бұл ұйымдар цифрлық технологияларды жақсы меңгерген, инновацияларды ынталандырады, бизнес-модельдерін өзгертіп жүр, платформалар мен экожүйелерін зерттейді, өнімге бағытталған қызметке көбірек ден қояды, цифрлық трансформацияға салынған инвестициялардың тиімділігін бағалайды. Сонымен бірге олар жасанды интеллект, деректерді талдау және бұлтты қызмет сияқты технологияларға инвестиция салып жүр.

Жаңа бизнес модельдерінің стратегиялық негіздері, тұтынушыға бағытталған қызмет, қалыптасқан ережелерді өзгертіп жүрген технологиялар, өнімге бағытталған қызмет, инновациял – кез келген салада қолдануға болатын құралдар. Бизнес модель платформасын зерттеу үшін тұтынышылармен тікелей жұмыс істейтін компания болу міндет емес. ExxonMobil компаниясының газ тасымалдау саласы мен көліктерге қызмет көрсету Yoshi сервисіне инвестиция құюы осыны айғақтап отыр.

Енді цифрлық трансформация технологияға ғана тәуелді емес деген мақаланы оқыған кезде міндетті түрде технологияның қалайша жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны жайлы ойлап көріңіз. Технология – цифрлық трансформацияға арналған стратегиялық негіздер мен жаңа құзыреттерінің ажырамас бір бөлігі.