Басты бет Жаңалықтар Жеңіс күні мерекесінде ауа райы қандай болады?

Жеңіс күні мерекесінде ауа райы қандай болады?

Мамандардың болжамына қарағанда 9 мамырда Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі ауа райына антициклон мен оңтүстік-батыс тропосфера ағындары ықпал етеді.

Алматыдағы Жеңіс күні. Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктері 9 мамырда және одан кейінгі күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Антициклон мен оңтүстік-батыс тропосфера ағындары 9 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күннің жылы және жауын-шашынсыз болуына ықпал етеді. Кейінгі үш тәулікте де республика аумағындағы ауа райында күрт өзгерістер болмайды. Батыс облыстарда күндіз ауа температурасы 30-38 градусқа дейін жоғарылап, найзағай ойнайды, өткінші жаңбыр жауады, — делінген мамандардың 9-13 мамыр күндеріне жасаған болжамында.

Синоптиктердің мәліметінше, 10-13 мамыр аралығында оңтүстік және орталық аймақтарда да күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Аптаның соңында суық атмосфералық фронтпен және Кар теңізінде қалыптасқан антициклонмен бірге солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version