Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Президенттің айтуынша, Рамазан айында ораза ұстау мейірімге, кешірімді болуға және татулыққа үндейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Аkorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Құттықтау Ақорданың сайтында жарияланды.

Қымбатты отандастар! Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл — шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді. Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр. Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін! — дейді Президент.

6 мамыр — Рамазан айының алғашқы күні. Ораза 5 маусымға дейін созылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version