Тегін қазақшаландырғысы келген азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына арызданып, 15 жұмыс күні ішінде құжатына өзгеріс енгізе алады.
Қажетті құжаттар:
- Азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы;
- Мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қалаулы тегі, әкесінің аты көрсетіліп, ауыстырылуға тиісті құжаттар жайлы мәліметтер баяндалған жазбаша өтініш;
- Ауыстырылуға тиісті жеке бас куәлігі;
- Төлқұжат;
- Туу туралы (куәлік жеке басты куәландыратын құжат) пен 3,5х4,5 мөлшерлі 3 фотосурет;
- Жеке бас куәлігі үшін 0,2 АЕК, төлқұжат үшін 4 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығы төленгені жайындағы түбіртегіңізді бірге алып баруыңыз керек.
Бір əріпке бола жарты жыл болды əлі жүрмін собезде. Əйтеуір адамнің санын көбейтіп отырғандар, бітіріп жатқан жұмыстары жоқ. Айлыққа жұмыс істеген соң сондай болады, солардің бəрін процентке жұмыс істесе, əңгіме басқа болар еды.
Текті қазақшалау басты емес тілді қазақшалау керек қой. Сіздер банкоматта қай тілді таңдайсыздар? Банк налог бәрі қағазды орысша зырылдатады бәрі ауылдан келген қазақша жазуға үлгі жоқ орысша не жазып отырғанын бір құдай біледі робот сияқты адамдар отыр
банкоматта тек қазақша!!!
Ал диплом т.с.с. құжаттарда бірге жасалынама?
Комментті тек -ова мен -ов,-ева лар жазады-ау осы жолы, -ова дан айырылып,басқа проблемага калармыз
Аттестат, диплом, баланың туу туралы куәлігі, неке куәлік, метрике бәріне әсер етіп машақат болмай ма?
мен мысалы фам…..атамнын атымен,озим атым жане акемнин атын жаздырсам болады ма…….
Менің əкемнің аты Қамза, отчеством Камзинович еді. Бір апта бұрын, қызымның фамилиясын Қамза деп қояйын деп ЦОНға барып едім, маған, «Қамза деп жаздыру үшін, Сіздің отчествоныз Камзинович емес, Қамзаевич болу керек» деді. Сол себепті, қызыныздың фамилиясы «Қамзина» болуға тиіс деп, талабымды орындамады.
Сосын тым болмағанда отчествосын қазақша: «Медетқызы» деп жазындар деп едім, ол үшін фамилиясы да қазақша болу керек деп, тағы да болмайды деді. Сонымен, «Медетқызы» емес, «Медетовна» болды. Енді қызымның фамилиясы да, отчествосы да орысша баламамен қойылды.
Так-что, өтірік мозганы сікпендер! Қаямды шайнаған əнгіме сендердікі!
Айтпақшы бұл, Ақтау қаласының ЦОНында, сəбиге туу туралы куəлік алуға барғанда орын алған оқиға.
Медет егер қазақшаға өзгерту керек болса
Кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне түпкілікті көшкен соң аты-жөніңізді, тегіңізді қазақшаға ауыстыруға болады. Дәл қазір ауысудың қажеті жоқ. Себебі, латын әліпбиіне өткен соң, міндетті түрде біртіндеп барлық төлқұжаттар, куәліктер ауыстырылады. Осыны ескерген жөн!!!