Дене шынықтыру сабағын және оның бөлімдерін физиологиялық негіздеу

Оқушылардың дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырылған екі жолмен: оқу сабақтары және жаттығу сабақтары арқылы жүргізіледі. Дене тәрбиесі процесін орындайтын негізгі сабақ -оқу сабағы. Оқу сабағы мұғалімнің басшылығымен арнайы бағдарлама , белгіленген сабақтар кестесі бойынша жүргізіледі. Дене тәрбиесі жүйесінде оқу сабағы 3-бөлімнен тұрады. Дайындық бөліміне :киім ауыстыру,спорттық жабдықтарды орналастыру, кезекшіге тапсырма беру, сапқа тұру т.б. ,сабан басталарда рапорт беру, сабан міндетін хабарлау, көңіл бөлу жаттығуларын орындау жатады.

Кіріспе бөлімінің негізгі міндеті – оқушылардың организімін сабақтың негіді бөлімінің қимыл- әрекетіне функционалды дайындау. Кіріспе – дайындық бөліміне сабақтың жалпы уақытына 5-12 минөттен, жаттықтыру сабақтарына 30-40 минөтке дейін уақыт бөлінеді.

Сабақтың негізгі бөлімінде оқу бағдарламасына және сабан міндетіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері орындалады. Негізгі бөлімнің ұзақтығы оқу сабағында 30-35 минөтке, жаттықтыру сабақтарында 90 минөтке дейін созылады.

Сабақтардың қорытынды бөлімінде организмнің функционалдық белсенділігі ақырындап төмендейді. Қорытынды бөлімінде орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, арнайы Назар аудару жаттығулары, жәй қарапайым ойындар т.б. Қорытынды бөлімінің ұзақтығы 3-5 минөтке, жаттықтыру сабақтарында 5-10 минөтке дейін созылады.

Бұл бөлімде қимыл әрекетінің орындау тәсілі меңгеріледі және бірталай дағды белгілері пайда бола бастайды. Бірақ жаттығуды орындау тұрақсыздығы сақталады, тәсілді әр түрлі себептер жеңіп бұза алады. Жаттығуды орындау барысында жіберілген қателерді дер кезінде түзетудің маңызы зор. Өйткені ол жаттығушының жаттығуды үйренуде жақсы нәтижеге қол жеткізуіне септігін тигізеді. Қимыл әрекетті меңгерудің бастапқы кезеңдерінде қателер көп кездеседі. Сондықтан оқу әдістемесін дұрыс қолдана отырып оларды болдырмауға ұмтылуы қажет.

Қатенің шынығуы, оны түзету көбінесе жаттығуды қайталау сипатына байланысты .Ол қарапайым қайталау стандартты жаттығулар тәсілін үйренгенде пайдаланылады, оқушылардың қимыл әрекеті мұғалімнің көрсеткендей орындауын талап етеді. Вариативті қайталау қозғалыс әрекетін әр түрлі жағдайда орындай алатын икемділікті талап етеді. Сол мақсатпен қозғалыс әрекетін қайталау әр түрлі ауыспалы варианттар жүйесімен ,түрліше жағдайда орындалады. Оқушылар жаттығулардың стандартты жаттығулар тәсілін үйренгенде пайдаланылады, оқушылардың қимыл әрекеті мұғалімінің көрсеткеніндей орындауын талап етеді. Вариантивті қайталау қозғалыс әрекетін әр түрлі жағдайда орындай алатын икемділікті талап етеді. Сол мақсатпен қозғалыс әрекетін қайталау әр түрлі ауыспалы варианттар жүйесімен, түрліше жағдайда орындалады. Оқушылар жаттығулардың стандартты орындау тәсілін тұрақты игергенде ғана вариативті қайталауды пайдалану қажет.Бұл кезде үйрету әдістерінің барлық топтары қолданылады: сөз қолдану әдістері көрнекі қабылдау әдістері, тәжірибелік әдістері.

Қимыл әрекетін жетілдіру .

Бұл кезеңнің мақсаты қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл ептілігіне жету. Жаттығуды Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл ептілігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп- жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз.Қимыл дағдысы әр түрлі қозғаушы факторларға қарсы жоғары тұрақтылық дамытады, көрермендер, әр түрлі. Қимыл дағдысын қалыптастырғанда қозғалыс дәлдігі жақсарады, қимыл ырғағы жетілдіреді жеке қозғалыста біртұтас қимыл әрекетке айналады.Қимыл дағдысын қалыптастыру кезінде азаматшалар қызметін бөлу процесі қатар жүреді.Қимыл дағдысын қалыптастыру кезінде анализаторлар қызметін бөлу процесі қатар жжүреді. Қимыл анализаторының мәнеі артады. Өйткені бұлшық еттердің сезімталдығы қозғалысты бақылауда жетекші рол атқарады. Көру анализаторының қызметі, қоршаған сыртқы ортадағы жағдайды және әрекеттің нәтижелігін бақылау қызметіне ауысады. Қимыл дағдысы жаттығуды көп қайталағанда пайда болады. Жаттығуды дұрыс қайталау мынадай факторларға : үйрету міндетіне, оқу материалының, күрделігіне, оқушылардың дайындық деңгейіне ,оқыту әдістемесінің жетілгендігіне байланысты.Тәжірибеде қайталаудың екі жолы қолданылады.

Созылмалы көптеген сабақтарға бөліне қайталау жасау.Түйінді қысқа мерзімде бір жеке бірнеше сабақты жасау.Қимыл дағдысы әр түрлі және біртіндеп қалыптасады.Әр түрлі қалыптасу төрт түрге бөлінеді.

1.Дағдылы жағымсыз тездете қалыптасуы. Үйрету барысының басында қимыл әрекетін игеру тез, сонан соң ақырындап қалады. Өйткені тәсіл негізгі тез қабылданады да бөлшектері ұзақ игеріледі.

2.Дағдының жағымды тездете қалыпиасуы. Бұл үйренудің бас кезінде дағды, аздап сонан соң тезірек өседі. Әр түрлі қалыптасудың осы түрі, күрделі әрекетке жетелейді, жаттығуды бөлшектеп үйреніп, толықтырғаннан соң, ло үйренулер дағдының тез өсуін шапшаңдатады.