Мектеп жанындағы бөлімшелерде ауыспалы егіс жасау. Ауыспалы егіс

Ауыспалы егіс дегеніміз танаптардағы ауыл шаруашылық дақылдары мен парды ғылыми ұсыныстарға сүйене отырып ауыстырп отыру. Дақылды жылда бір жерге себе берсе, оның өнімі бірте- бірте төмендейді екен. Көп жағдайда танапқа тыңайтқыштар берілсе де бұл төмендеу тоқтамайды. Өнімді төмендетпеудің бірден- бір жолы ғылыми деректерге сүйене отырып, дақылдардың орнын ауыстырып тұру керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Ауыспалы егістің көмегімен топырақтың құнарлылығын арттыру, дақылдардың өнімін көтеру, өнімін көтеру, өнімнің сапасын жақсарту, танаптардағы арам шөптердің санын азайту, өсімдіктерді аурудан, зиякестерден қорғау, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау мәселелері шешіледі.

Ауыспалы егістің экономикалық негізі – ғылыми ұсыныстарға сүйеніп анықталған егілетін дақылдардың алатын жер көлемі. Әр дақылдың алаттын жер көлемін белгілегенде мына жағдайлар есептеледі.

  • Шаруашылық орналасқан жердің ауа –райы, топырағы
  • Шаруашылықтың келешекте өркендеу бағыты
  • Ауыл шаруашылық өнімдерін сату жоспары
  • Мал шаруашылығына қажет жем – шөппен толық қамтамасыз етілуі

Егер дақыл көп жылдар бойы бір жерге егіле берсе, оны ауыспайтын дақыл

( бессменные посевы ), шаруашылық тек бір дақылды егілетін болса оны дарадақыл ( монокультура ), дақыл бір жерге сегіз жылдан кем егілетін болса оны қайталап егу ( повторные посевы ) деп атайды. Ауыспалы егістің алмасуынан уақытша шығарылған танапты шықпа танап ( выводное поле ) дейді. Әдетте шықпа танап ретінде көп жылдық шөп егілетін танап қалдырылады. Мысалы, жоңышқа егілген танап 4-5 жыл ауспалы егістен шығарылып тасталады.

Ауыспалы егістегі дақылдар мен пардың белгілі тәртіппен танаптарда ауысып тұруын ауыспалы егістің ротациясы дейді, ал дақылдар мен пардың жыл сайын танаптарда ауысып тұру жоспарын ауыспалы егістің ротациялық кестесі деп атайды.

Ауыспалы егістің қажеттілігін, ауыстырмай егілгенде өнім кемуіне мынадай жағдайлардың себеп болатынын ғылыми дәлелдеп отыр:

Бірінші себеп химиялық тұрғыдан — өсімдіктердің қоректенуіне қатысты себептер. Әртүрлі дақылдар өсу барысында топырақтан қоректік заттарды бойына әртүрлі мөлшерде сіңіреді бидай, арпа сияқты масақты дақылдар азот пен фосфорды көбірек, калийді азырақ сіңіреді, ал қант қызылшасы, күнбағыс, картопсияқты дақылдар керісінше азот пен фосфорға қарағанда калийді көбірек сіңіреді. Осы тұрғыдан алып қарағанда танапқа ылғи астық дақылдарын ге берсе азот ппен фосфордың мөлшері жылдан жылға азая береді де , калий топырақта көбірек сақталады. Сөйтіп қоректік заттардың бастапқы арақатнасы бұзылады.

Ауыспалы егісті дұрыс қолданғанда, танапқа әртүрлі дақылдарды егіп, ауыспалы егіс қолданған уақытта өсімдіктердің қоректенуі жақсарады, өнім мөлшері көбейеді.Екінші физикалық тұрғыдағы себеп — топырақтың физикалық қасиетіне байланысты себептер. Танапқа масақтық, әсіресе топыраақты жиі өңдеп тұруды қажет ететін қызылша, мақта, картеоп сияқты отамалы дақылдарды жылма – жыл еге берсек, топырақтың құрылымдық түйіршіктерінің көбісі трактор дөңгелегінің, жер өңдейтін құралдардың әсерінен жойылып, топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды екен. Яғни топырақ түйіршіктері ұлпаға айналады да, мұндай топырақтар суды тереңдікке жөнді сіңірмейді. Су тисе болды топырақ беті былжырап ериді де, кепкен уақытта қабыршақтанып қатып қалады. Мұндай қабыршақтарды өркендер бұзып, жер бетіне шыға алмайды. Сондай- ақ өсімдік – тамырына оттегінің баруы қиындайды, оның өніп- өсуі нашарлайды, дақылдар әртүрлі ауруларға ұшырайды.

Үшінші биологиялық себептер. Дақылдарды қоршаған әртүрлі тірі организмдерге байланысты себептер. Танапқа бір дақылды еге берген жағдайда бұл дақылдың зиянкестері көбейеді, ауруға шалдығуы жиілейді және аорам – шөптер де жылдан – жылға көбейе түседі.
Ауыл шаруашылық зиянкестерінің кейбіреулері дақылдардың бір түрімен н/е оған жақын түрмен не бір семьяға жататын өсімдіктерменғана қоректенеді. Танапқа бір дақылды үздіксіз егу кезінде сол зиянкестерг жақсы жағдай туады да, олардың саны жылдан жылға көбейе түседі, соған орай бұлардан келетін зиян да атра береді.
Дақылдар ауруы да сол сияқты. Бір жерге дақылды жыл сайын еге берсек, оның ауруға шалдығуы күшейеді. Себебі ауру тудыратын микроорганизмдердің споралары сол танаптағы өсімдік қалдықтарында топырақта сақталады да, келесі жылы тағы да әлгі дақылды ауруға шалдықтырады. Арам шөптер де ауыспалы егіссіз жылдам көбейіп кетеді.

Алғы дақыл деп өткен жылы танапта болған ауылшаруашылық дақылын немесе парлы айтамыз. Себілген дақыл түріне байланысты, топырақтың құнарлылығы азды- көпті өзгеріп отырады. Осы себепті дақылдардың өнімінің мөлшері мен сапасына алғы дақыл күшті әсер етеді.

Қазақстанда кеңінен қолданылатын алғы дақылдар:

Таза пар дегеніміз арам шөптердіқұрту, топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды молайту үшін қалдырылған ешқандай дақыл себілмеген, жаз бойы әртүрлі құралдармен өңделіп тұратын бос танап. Таза пар қара ерте пар болып екіге бөлінеді.

Парға қалдырылған танапты күзден бастап жыртып, өңдей бастасақ, ондай пар қара пар деп аталады. Қара пар республикамыздың оңтүстік, оңтүстік- шығыс облыстарында қолданылады. Қара парға көбіне күздік бидай егіледі.

Парға қалдырылған жер көктемнен бастап өңделе бастаса, ондай парды ерте пар деп атайды. Ерте пар солтүстік облыстарда жиі қолданылады. Оған көбіне жаздық бидай егіледі. Парға егілген астықтардың өнімі 1,5-2 еседей артық болады. Пардан кейін ол танапқа 3-4 жыл астық егуге болады.

Отамалы дақылдар. Оларға қант қызылдшасы, жүгері, картоп, көкөніс, мақта және басқалар егілген танаптарда жаз бойы арам шөптермен күрес жүргізіледі. Оларға көбіне тыңайтқыштар беріледі. Сол себепті отамалы дақылдар астық тәріздес өсімдіктер үшін алғы дақыл болып есептеледі.

Көп жылдық шөптер.

Көп жылдық шөптер топырақтағы органикалық заттарды көбейтеді, топырақтың физикалық қасиетін жақсартады. Көп жылдық шөптер барлық дақылдарға өте жақсы алғы дақыл болып есптеледі.

Дәнді масақты дақылдар Масақты дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әртүрлі бағаланады. Күздік бидай, жаздық бидай мен арпа үшін, көптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Себебі ол арам шөптермен жақсы күреседі, танапты ерте босатады.