Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану

Өкінішке орай, қазір жер шарында ормандардың ауданы мен биомассасының кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртектік функциясын ғана емес, басқа да функцияларының орындалуына әсер етеді.

Өсімдіктің бірінші ретті қызметі ластаушы заттарды, соның ішінде улы заттарды (күкіртті ангидрид (SO2)) денесінде жинауы арқылы көрінеді. Улы заттар кейін топыраққа түскен жапырақтармен немесе басқа жолмен ағзадан шығарылады.

Екінші ретті қызметімен негізінен ауадағы бөлшектерді тұндыру байланысты. Бұл процесс құрғақ күйде де, ылғалды атмосфералық жауын-шашында немесе су буында еріген күйде де жүруі мүмкін. Орманда басқа жермен салыстырғанда ауаны тазарту интенсивтілігі 20-30 есе жоғары болады. Ауа жоғары дәрежеде шаңданған кезде, 1 га орман жылына 50-60 т. шаңды сіңіреді, тұнбаға түсіре алады. Өсімдіктердің ластаушыларды нейтралдауы мен олардың өсімдіктерінің тіршілік қызметіне зиянды әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты, егіс танабын, жолдарды, тұрғылықты жерлерді қорғауда пайдаланады.

Ормандар күшті экожүйе ретінде өздігінен тазарту мен техногенді бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.

Орман кесілгенде, оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады.

Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс – шаралары төмендегідей:

  1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен ластанудан болады.
  2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын шашынға айналғанда әсер етеді.
  3. Улы заттардың өсімдіктерге әсері баяу улану немесе күюі түріндегі күшті зақымданулар түрінде болуы мүмкін.
  4. Улануға және жойылуға көбіне қылқан жапырақты ормандар ұшырайды.
  5. Бұл құбылыстың себебі – ұзақ өмір сүретін (5-7 жыл) қылқанның улануы.
  6. Жалпақ жапырақты ағаштардан улы заттардың әсерінен емен, бүк және басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымданады. Жұмсақ жапырақты ағаштар (қайын) тұрақтырақ.
  7. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы жоғары. Оларды ластанудың индикаторы ретінде пайдаланылады.
  8. Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру жасы қысқарады.
  9. Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясын көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды, себебі өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары.

Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6% құрайды. Республиканың жалпы ормандылығын шамамен 6-7% дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың ормандылығын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.

Биологиялық алуантүрлілік және оны сақтау.

  1. Биоалуантүрлілік – тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
  2. Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.

Қазір адамның азық түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі. бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250 ден аспайтын түрлері пайдаланады. А/шаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін 12-15 өсімдік береді.

Жабайы түрлер-табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі, әсіресе, а/шаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор, сонымен бірге дәрі-дәрмектер жасауда табылмайтын байлық.

Дәрі жасауда шамамен 5 мың өсімдіктің түрлері қолданылады. Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.

Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жете бастады. Бұл процесс бір бағытта жүрді, сондықтан түрлердің жойылуы оған қарама-қарсы басқа жаңа түрлермен толықтырылмайды. Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр,1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойлып кетті.

Түрлердің алуантүрлілігінің кемуінің, әсіресе, 2 салдары ерекше назар аударуды қажет етеді. Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен тығыз байланысты, бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.

Екіншіден қандай да бір түрді толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына келе алмайды.

Адамның барлық ірі ауқымды іс әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі.

Адам рельефті, өзен аркаларын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі және т.б.

Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.

Қазақстанның қызыл кітабінің бірінші томы 1978 ж. жарық көрді. Онда сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі, жыртқыш жануардың 15 түрі, балықтың 4 түрі енгізіліп толық сипатталған.

Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс әрекетін бір арнаға бағыттауы қажет.

Ерекше қорғауға алынған территориялар.

Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі 2 міндеттің орындалуын қамтамасыз етуї тиіс:

  • оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақ-
  • тар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
  • жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау;

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауғаалынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат, скерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Дүние жүзіндегі ең ірі саябақ Гренландияда 7 млн.га. Қорықтар толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі қорғалымдар болып табылады.

Қазақстан қорықтары: Ақсу-Жабағылы 1926ж. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр, ауданы 73 мың га.

Барса – Келмес Арал теңізінің солтүстік бөлігінде 1939 ж. құрылған, ауданы 198 шаршы км.

Наурызым 1931 ж. құрылған, ауданы 100 мың га. Қостанай облысы Жетісу ауданында орналасқан.

Алматы 1934 ж. құрылған. Алматы облысы Шелек ауданында орналасқан.

Қорғалжын 1958 ж. құрылған, ауданы 237 мың га. , Акмола облысы, Қорғалжын ауданында орналасқан.

Марқакөл 1976 ж. құрылған, 71 мың га.

Бетпақ-дала Сарысу өзені мен Балхаш көлінің арасында орналасқан. (ОҚО, Қызыл- Орда, Жамбыл).

Қаратау (Қызылқұм) қорығы ОҚО, Арыс және Шардара аудандары территориясында орналасқан . Көлемі 150,6 мың га., 1990 ж. құрылған.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Оларға: ормандар, көлдер , жазықтар, тау, сарқырамалар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады.