Өсімдіктердің көбеюі және ұрпақ беруі

Өсімдіктердің сабан, жапырақ, тамыр бөліктері арқылы және пиязшық, түйнек, тамырсабақ сияқты ыегетативтік мүшелері арқылы көбеюін вегетативтік көбею деп айтамыз. Бұл жыныссыз көбеюдің бір түрі.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбею әдістері әртүрлі. Өсімдік түрінің жаңа даралары вегетативтік мүшелер есебінен дамиды. Вегетативтік жолмен көбеюдің өзін табиғи және қолмен көбейту деп. бөлуге болады.

Жыныссыз көбеюде өсімдіктердің жаңа ұрпақтары арнайы гаплоидты клеткалар споралардан өсіп жетіледі. Споралардың негізгі екі түрі болады: митоспоралар және мейоспоралар. Спора біршама тығыз қабықшалы клетка.

Өсімдіктердің споралар арқылы жыныссыз көбеюдің нәтижесінде:

  1. бір өсімдік мыңдаған және жүз мыңдаған споралар бере алады, сондықтан өсімдік өте тез көбейеді.
  2. барлық жаңа даралар аналық өсімдіктің белгілерін және қасиеттерін қайталайды да, ұрпақтар біркелкі болады.

Жынысты көбею деп. екі жыныс клеткасының қосылуы нәтижесінде, тірі организмдердің өсіп көбеюін айтамыз. Жыныс процесі кезігде жыныстық көбеюді қамтамасыз ететін арнайы клеткалар немесе гаметалар пайда болады. Әрбір спора жаңа дара бере алады, ал гаметажаңа дара бере алмайды. Екі гамета қосылып ұрықтану нәтижесінде ғана жаңа дара пайда болады. Ұрықтанудан пайда болатын клетканы зигота деп. атайды. Зигота аналық және аталық клеткалардың қосылуынан түзілетін диплоидты клетка, ол өзінің өте жоғары физиологиялық белсенділермен сипатталады. Зиготаның бөлінуінен көпклеткалы дене қалыптасып, одан бірте-бірте жаңа дара пайда болады.

Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден елеуліайырмашылықтары бар және оның өсімдік түрінің зволюциясындағы биологиялық ролі өте зор. Жыныс процесінің нәтижесінде тіршілікке бейімдірек келген, жаңарған ұрпақ пайда болады. Зиготаның тұқым қуалаушылық негіді жеке гамета немесе спорамен салыстырғанда байырақ. Сондықтан жыныс процесінің нәтижесінде өмірге икемделу, өзгергіштеу, біркелкі емес және әртүрлі жағдайда өмір сүре алатын ұрпақтар пайда болады. Соған байланыстыжыныс процесінің нәтижесінде пайда болған ұрпақтардың тірі қалуы жыныссыз жолмен пайда жолғандарға қарағанда жоғары. Жыныс процесінің нәтижесінде түрдің ареалы кеңейіп, жаңа түршелер пайда болады. Жақсы байқалатын жеке өзгергіштік, табиғи сұрыпталуға жеткілікті материал береді. Осы жағдайдың бәрі түрдің биологиялық тұрғыдан алға басуын қамтамасыз етуді.

Сонымен жыныс процесі жыныссыз көбеюмен салыстырғанда түрдің Санин онша көбейтпесе де сапасын жақсартып, оның өмір сүруге бейімділігін арттырады.