Биосфера эволюциясы

1926жылы Ленинград қаласында үш жылдан соң парижде және кеиінрек Берлинде И.В.Вернадскийдің “ Биосфера ”деген жалпы атпен «Космостағы биосфера», “Өмір аймағы ” атты очектері жарық көрді.

В.И Вернадскийдің “Жердің келбеті кездейсоқ құбылыстардың нәтижесі емес ол нақты шектелген географиялық жер қабықшасы –биосфераға сәйкес келеді. Ол жер планетасына тән белгілі бір құрылымымен сипатталады. Бұл құрылымды онда жүретін географиялық процестердің сипатына қарай ұйымдасқан деп атау дұрыс” –деп жазады.Өзінің өмірін соңғы жылдарын В.И Вернадский биосфераны ұйымдастыру мен сараптауға жұмсады. Бұл зерттеулердің нәтижелері бойынша ол” Жер биосферасының химиялық құрылысы мен оның қоршаған айналасы ” еңбегін жазады. Бірақ ғалым аталған бұл кітабын шығарып үлгермеді. Кітап ол өлгеннен соң 20 жылдан соң 1965жылы жарық көрді.

“Ноосфера” терминін алғаш рет қолданғандар философтар, матиматиктер және антрополог Эдуард Леруа және палентолог Пьер Тейяр Шарден болды. Шарден өзінің 1916жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны “жаңа қабат”, «ойлайтын қабат» деп анықтайды.

Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан географиялық күшке» айналатынын биосфераның даму сатысы болып табылады. Адам санасымен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И Вернадский мынадай қортындылар жасайды.

1.Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын бисфераны өзгертетін күш болып табылады.

  1. Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар

3.Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс стихиялы түрде табиғи процесс ретінде жүреді.

4.Тіршілік ортасы –биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геоологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторлары-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге –ноосфераға өтуі табиғи процесс

И.ВВернадскийдің “Ноосфера туралы туралы бірер сөз”.деген мақаласы 1944жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.

Қазіргі кезде көптеген елдерде ғана емес, Қазақстанда да экологиялық апаттар орын алып жатыр. Экологиялық апаттар биосфера эволюциясына өз әсерін тигізуде. Атап айтқанда, олар Қызылорда облысындағы сиам егіздерінің дүниеге келуі, Байқоңыр космодромының кері әсері нәтижесінде озон қабатының жұқарып тесілуі (соның салдарынан күн сәулесінің ультракүлгін сәулелерінің еркін түрде өтуі тіршілік процестерін баяулатып, соңында жойылуы), Шардара су қоймасының жанындағы тұрғылықты халық денсаулығының күрт төмендеуі (өкпе ауруларының көбеюі), Каспий теңізінің мұнай қалдықтарымен ластануы салдарынан ондағы тірі организмдердің қырылуы және кейбір балық түрлерінің жойылуы, Арал теңізі суының тарылуы нәтижесінде тұздың жел арқылы топыраққа қонып, эрозияға ұшыратуды, сонымен қатар Семей ядролық полигонының әлі де кері әсерінің байқалуы т.б.