Энергетика және шикізат проблемалары

Шикізат қорының шектеулігі.Адамзат қоғамының даму тарихы – бұл, ең алдымен, алуан түрлі ресурстарды пайдалану тарихы. Табиғат қоғам дамуының барлық кезеңдеріеде адамның мекен ортасы болумен қатар, оны тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне қадетті ресурстармен қаматамасыз ететін шикізат көзі болып келеді. Адамзаттың шикізатты пайдалану ауқымы мен деңгйі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен анықталады, яғни шикізат түрлеріне сұраныс жер шарында халық санының өсуімен,өндірістің қарқынды даму мен байланысты жылдан-жылға арта түсуде. Мысалы, соңғы ХХ ғ ішінде жер қойнауынан адамзаттың бүкіл тарихында өндіргенін әлдеқайда көп пайдалы қазбалар алынған. Тек соңғы жүз жылдың өзінде ғана қазба отын түрлерін тұтыну мөлшері 30 есеге жуық артқан. Қазірде адамзаттың жыл өткен сайын артып келе жатқан сұранысын өтеу үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп шикізат қажет. Мұның өзі шикізат пен энергетика проблемасын ауқымы жағынан ғаламдық проблемалар қатарына жатқызуға себепші болып отыр.

Қазірде аса маңызды энергетикалық және минералды шикізат түрлерінің қоры шектеулі екендігі белгілі.

Энергетикалық проблема.Энергетикалық ресурстар өндірісінің монополялануы, тұтыну салаларының қарқында дамуы энергетикалық шикізаттың тапшылығына және олардың бағасының күрт артуына себепші болуда. Шикізат түрлерін өндіру және тасымалдау барысында экологиялық талаптарды орындау қажеттілігі энергетикалық проблеманы ушықтырды. Бастапқы энергетикалық ресурстар қатарына жататын мұнай , табиғи газ, көмір, жанғыш тақтатастар, шымтезек, ағаш, су ресурстары қорының шектеулі болуы қалпына келетін не сарқылмайтын балама ресурс түрлерін пайдалануды жеделдетті.

Қазірде дүние жүзінің 40 елінде АЭС бар немесе салынып жатыр, олардағы блоктардың саны 445-ке жетеді.Олардың үлесіне дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының 170/0тиесілі. Кей елдерде АЭС-тердің электр энергиясы өндірісіндегі үлесі басқа энергия көздерімен салыстырғанда басым болды.Мысалы,Францияда 770/0-ға, Литвада 830/0 тең.Осыған қарамастан көп елдерде АЭС салуға қарсы қоғамдық қозғалыстар жұмыс істейді.Олар атом электр станцияларындағы ақаулардың жойқын экологиялық апатқа соқтыру жағын және радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға зиян келмейтіндей жағдайда жүздеген жылдар бойы сақтауға мүмкіндік беретін қоймалардың жоқтығын алға тартуда.

Балама энергетикалық ресурстарды пйдаланып жұмыс істейтін станциялардың болашағы зор.Бұл олардың қорының қалпыга келу мүмкіндігімен немесе мүлде сарқылмауымен, қоршаған ортаға зиянды әсерінің аздығымен түсіндіріледі. Бірақ мұндай құрылыстарды салу салыстырмалы түрде қымбатқа түсетіндік тен онша кең тарламаған.

Шикізат тапшылығын жою.Өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған елдердің шикізат түрлеріне сұранысы дамушы елдер есебінен қамтамамыз етіледі.Маңызды шикізат түрлерінің барлығын дерлік сырттан әкелетін Жапонияны былай қойғанда, салыстырмалы түрде энергетикалық және минералды шикізат түрлеріне бай АҚШ-тың өзі темір кенінің 1/3-ін, бокситтің 900/0 сырттан алады.

Шикізат қорының азаюы геологиялық барлау жұмыстарының кең ауқымда жүргізіле бастауына себепші болды.Соның нәтижесінде Дүниежүзілік мұхит түбінен темірдің , марганец пен мыстың,кобальттың ірі кен орындары табылған.Ал көптеген елдер мұнай мен газды теңіз қайраңдарынан 5-6 км тереңдікте өндіруді үйренді.Соған қарамастан дамушы елдердің жер қойнуында әлі анықталмағаг шикізат түрлері болуы мүмкін.

Шикізат тапшылығы проблемасын шешу үшін қазірде жаңа кен орындарын игерумен қатар, шикізат түрлерін жасанды жаңа материалдармен алмастыру, метал сынықтарын қайта қорытып, пайдалану, қағаз қиқымдарын екінші рет өңдеу сияқты шаралар пайдаланылуда.Мысалы, қазірде өндірісте пайдаланылатын металдардың 300/0 аса қайта қорытылған металл сынықтары болып табылады.

Сонымен шикізат қорының шектеулілігіне, неғұрлым арзан пайдалы қазбалардың болашақта сарқылатындығына байланысты шикізат пен энергияны үнемдеу, ресурс сақтаушы технологияларды көп пайдалану қажеттігі туады.