Украинаның физикалық –географиялық орны мен табиғат жағдайлары

Географиялық орны. Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-батысында орналасқан Украина оңтүстігінде Азов және Қара теңізбен ұласады. Қара теңізбен шекарасының жалпы ұзындьны —1500 км-ге жетеді. Шығысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, солтүстік-батысында Беларусь Республикасымен, ал батысында Польша, Словакия, Венгрия, Румыния және Молдовамен шектеседі (25-суретті караңдар). Өткен ғасырларда табиғи шекаралық шептері болмаған Украина көршілес мемлекеттердің басқыншылық әрекетіне көп ұшыраған болатын. XX ғасырда елдің геосаяси жағдайының нығаюына көрші елдермен ынтымақтас болуы (Шығыс Еуропа елдері, Ресей жөне Беларусь) әсер етті.

Аумағының қалыптасу тарихы. Қазіргі Украина мемлекетінің аумағы ұзақ тарихи кезенде қалыптасты. IX ғасырда Киев қаласының айналасыңда Киев Русі деп аталатын ежелгі славян мемлекеті пайда болды. Кейінгі ғасырларда бытыраңқы жеке князьдіктерге (Киев, Переяслав, Чернигов, Волынь және т.б.) ыдырап кеткен бұл мемлекет монғол-татар шапқыншылығына ұшырап, көпшілік бөлігі XIV ғасырда Литва және Польшаның карамағына енді. Украин халқының тарихи калыптасуы XIV—XV ғасырларға сөйкес келеді.

1922 жылдан 1991 жылға дейін Кеңес Одағының кұрамында болған Украина 1991 жылдың 24 тамызында тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн Украинаның ұлттық мерекесі — тәуелсіздік күні болып табылады. Украина мемлекеттік құрылысы жөнінен республика деп жарияланды. Әкімшілік жағынан ел 24 облыстан, Қырым автономиялық республикасынан тұрады.

Табиғаты және табиғат ресурстары. Украина аумағы ежелгі платформа негізінде калыптасқан дүние жүзіңдегі ірі жазықтардың бірі Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-батысында орналасқан. Батысқа қарай жер бедері көтеріңкі сипат алып, Подольск және Днепр маңы қыраттарына ауысады. Солтүстігінде Украина Полесьесі деп аталатын ойпатты жазық жатыр. Оңтүстігінде Шығыс Еуропа жазығы біртіндеп төмендеп, Азов және Қара теңіздердің ойпатты жағалауларына ұласады. Елдің шығысында Днепр және Солтүстік Донец өзендерінің аралығын Азов маңы қыраты мен Донецк бүйраты алып жатыр. Қырым түбегінің оңтүстігінде Қырым таулары, ал елдің қиыр батысында Карпаттың қатпарлы құрылымдары орналасқан, олар альпілік катпарлық нәтижесінде қалыптасқан. Украина аумағының ең биік нүктесі — Карпаттағы Говерла шыңы (2061 м). Жер бедерінің, негізінен, жазық болып келуі шаруашылық әрекетке қолайлы өсер етеді.

Ел аумағында аса маңызды минералдық шикізат түрлері бар. Әсіресе көмір қоры 240 млрд т-ға жететін Донецк (Донбасс) көмір алабының ел экономикасындағы орны ерекше. Бүл байырғы алапта аса сапалы кокстелетін көмір өндіріледі. Сонымен катар Львов-Волынь көмір алабында тас көмірдің едәуір мол қоры бар, ал Днепр алабындағы қоңыр көмір қоры әлі онша игерілмей келе жатыр. Ел мұнай мен газ қорына онша бай емес, олардың шағын кен орындары Карпат алды иінінде таралған. Украин қалқанында темір мен марганец кендері шоғырланған, темір кені Керчь түбегінде де бар. Әсіресе дүние жүзіне әйгілі Кривой Рог темір кені алабы айрықша маңызға ие. Украина жерінде ас тұзы мен калий тұздарының едәуір қоры бар, олар Донецк маңы мен Карпат алдында шоғырланған. Ел аумағында титан, никель, хром және сынаптың шағын кен орындары бар.

Географиялық орнының ерекшеліктері мен алып жаткдн ауданына байла-нысты Украина жерінің климат жагдайлары алуан түрлі болады. Құрлықтың ішкергі бөлігіне қарай орналасқан солтүстік-шығыс аудандарда қаңтардың орташа температурасы -8°С шамасында болса, солтүстігі таулармен қоршалған Қырымның оңтүстігінде бұл көрсеткіш +4°С-қа жетеді. Жауың-шашын мөлшері солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа және оңтүстікке қарай азаяды. Карпатта жауын-шашынның жылдық көрсеткіші 1500 мм-ге жетсе, Қырымның батысы мен Днепр сағасында оның мелшері 300 мм-ден де аз. Украинаның климат жағдайлары, жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болып табылады. Оңтүстік аудандарда жауын-шашынның тапшылығы егістіктерді қолдан суаруды қажет етеді.

Ел аумағында өзенторы жиі, өзендер мен бұлақтардың жалпы саны 70 мың-нан асады. Өзендердің барлығы дерлік Қара және Азов теңіздерінің алаптарына жатады. Тек қиыр батыстағы Буг өзені мен оның салалары Балтық теңізіне құяды. Елдегі ең ірі өзендер қатарына Днепр (Украина аумағындағы ұзындығы 981 км), Днестр, Оңтүстік Буг жатады (оларды атластан табындар). Өзендердің көпшілігі кеме қатынасына жарамсыз және су энергиясына онша бай емес. Днепр өзенінде ірі бөгендер (Киев, Канев, Кременчуг, Кахов) салынған.

Украина жерінде орман, орманды дала және дала зоналары таралған. Елдің солтүстігіндегі ауыл шаруашылығына жарамсыз батпақты Полесье жерінде қарағайлы ормандар өседі. Карпаттың орман қорының шаруашылық маңызы бар. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына жарамды жердің барлығы дерлік жыртылған, аралас және жалпақ жапырақты ормандар тек таулы аудандарда сақталып қалған. Жалпы алғанда, ормандар Украина аумағының 15%-ын ғана алып жатыр. Орманның сұр топырағы, қара және күрең топырақтар тараған алқаптарды егістіктер мен бау-бақшалар алып жатыр. Батпақты жерлерді ауыл шаруашылық мақсатта игеру қолға алынған, қазіргі кезде құрғатылған жерлер ауданы 2 млн га-дан асады. Украина жерін мекендейтін жануарлар мен құстардың көптеген түрлерінің кәсіптік маңызы зор. Олардың арасында бұлан, елік, қабан, түлкі мен күзен, қырғауыл, сұр құр бар.

Ел рекреациялық ресурстарга да бай. Сауықтыру-демалыс орындары, негізінен, Қара теңіз жағалауы бойында, Карпатта орналасқан. Әсіресе, табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан Қырым курорттары (Ялта, Евпатория) айрықша көзге түседі. Қырымдағы Алупка және Мисхор табиғи саябақтарында өсімдіктердің чили араукариясы, ливан самырсыны, мексика қарағайы, магнолия тәрізді ерекше түрлері әседі. Ал Никита бағында Жер шарының түкпір-түкпірінен әкелінген сан алуан тропиктік және субтропиктік өсімдіктер өседі. Адам қолымен жасалынған бұл табиғат бұрыштары туристер назарын өзіне аударады. Карпатқа тау шаңғысымен айналысатын демалушылар көп барады, ал Карпат алдындағы Трускавец курортындағы табиғи минералды су емдік мақсатта пайдаланылады.

1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясында болған апатты адамзат тарихындағы ірі экологиялық апаттардың бірі деуге болады. Соның салдарынан Украинаның ғана емес, көршілес елдердің табиғатына да елеулі зиян келді.

Халқы. Украина халқының жалпы саны 2004 жылдың соңына карай шамамен 47,3 млн адам болды. Елде халық санының табиғи өсуі соңғы онжылдықтарда күрт қысқарды, ал 2000 жылы ол тіпті — 0,6%-ды құрады. Туу коеффициенті (1000 адамға шаққанда) — 8°/00, өлім коэффициенті — 14°/0. Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы — 68 жыл.

1990 жылдардың орта шенінен бастап, Украинадан басқа елдерге қоныс аударатындар саны көшіп келетіндер санынан асып түсетін болды. Қоныс аударғандардың басым көпшілігін өздерінің байырғы отандарына (Германия, Израиль) оралғандар құрады.

Ел халқының ұлттық құрамы күрделі болғанымен, басты ұлттар: украиндар (73%) мен орыстар (22%). Украиндар саны жөнінен славян халықтары арасында орыстардан кейін 2-орын алады. Олар, негізінен, батыс, орталық және солтүстік аудандарда тұрады.

Украиңдардың үлесі оңтүстікке қарай азая береді. Мысалы, украиндар Донецк және Одесса облыстары тұрғындарының жартысын ғана құрайды, Қырымда олардың үлесі 25% ғана. Олардан басқа ел аумағында беларустар, еврейлер, молдавандар, поляктар мен болгарлар және т.б. ұлт өкілдері түрады. Татарлар Қырымда, гректер Азов теңізі жағалауында, ал румындар мен словактар Карпат сыртыңда шоғырлана орналасқан. Карпатта тау халықтары—гуцулдар, бойкалар мен лемкалар тұрады. Гуцулдар — шығу тегі әлі белгісіз халықтардың бірі, олар, негізінен, мал шаруашылығымен және ағаш дайындаумен айналысады. Гуцулдар арасыңда ағаштан түйін түйетін шеберлер, саз балшықтан құмыра жасаушылар, кілем тоқушылар да көп.

Діни құрамы жағынан христиан дінінің православие тармағы басым, бұдан басқа христиан дінінің басқа тармақтары мен ағымдары, сондай-ақ ислам, иудаизм дініндегілер бар.

Республика бойынша халықтың орташа тыгыздыгы 1 км2-ге шаққанда 78,6 адамды құрайды. Ел аумағында халық біркелкі орналаспаған; шығыстағы өнеркөсіпті-ауыл шаруашылықты аудандарда, батыстағы Львов облысында 1 км2-ге 100—200 адамнан келеді. Полесье аумағында орналасқан Чернигов, Волынь, Житомир облыстарында, сондай-ақ далалы Херсон облысында бұл көрсеткіш 40—50 адамды ғана қүрайды.

Украинада ірілі-ұсақты 415 қала бар. Қала халқының үлесі — 68%. Батыс Украинада урбандалу деңгейі төмен, Закарпат облысында қала халқының үлесі бар болғаны 41% ғана. Мұнда шағын және орташа қалалар басым. Донецк алабында қала халқының үлесі өте жоғары (90%), мұнда ТМД бойынша ірі қала шоғырларының бірі — Донецк агломерациясы қалыптасқан. Жалпы, елде 5 ірі миллионер қала бар: Киев (2,7 млн адам), Харьков (1,7 млн), Донецк (1,2 млн), Одесса (1,1 млн), Днепропетровск (1,1 млн).

Ел астанасы Киев — ТМД аумағындағы ежелгі қалалардың бірі. Мұнда қазіргі кезде 3 млн-ға жуық адам тұрады. Тарихи деректер бойынша қаланың негізі V ғасырда қаланған. Орыс жылнамаларында қала аты 860 жылдан бері аталады. Өз тарихында бірнеше жойқын соғыс пен басқыншылықты басынан кешіргеніне қарамастан, Киев тарихи ескерткіштерімен әйгілі. Мұнда XI—XX ғасырлар аралығындағы сәулет өнерінің үлгілері бар. Қалада 18 жоғары оқу орны, Украинаның Ғылым академиясы, 15 театр және 30-дан астам мұражай орналасқан. 1960 жылы Киев метрополитені іске қосылған.

Ел халқының 54%-ын экоюмикалық белсенді халық (ЭБХ) құрайды, бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. ЭБХ-тың жалпы саны 2004 жылы 27 млн адам болды, бұл көрсеткіш бойынша Украина Еуропадағы ірі елдерге (Франция, ұлыбритания) жақындайды. Соңғы жылдары жұмыссыздық артуда, оның ресми тіркелген деңгейі 2004 жылы ЭБХ-тың 3,6%-да құрады. Басқа елдермен салыстырғаңда Украинада жұмыссыздық деңгейі ресми есептерде төмен болғанымен, іс жүзінде («жасырын жұмыссыздық») бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Әсіресе, дағдарысқа ұшырап отырған ауыр өнеркөсіп пен қорғаныс көсіпорындарында жұмыс істейтіндер арасында қызметтен босап қалу қаупі жоғары.