Экономикалық аудандар мен сыртқы экономикалық байланыстар

Батыс және шығыс экономикалық зоналар. Ресей аумағының ішкі айырмашылығына байланысты Батыс (Еуропалық) және Шығыс (Азиялық) экономикалық зоналарға бөлінеді. Олар бір-бірінің аумақтарының игерілуімен еңбек ресурстары, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, экономикалық даму дәрежесімен болашақтарғы бағыт-бағдары жағынан түбегейлі айырмашылықтар жасайды. Сонымен қатар 11 экономикалық аудан ажыратылады, олардың сегізі батыс зонада, ал қалған үшеуі Шығыс зонада орналасқан.

Батыс зона немесе Еуропалық Ресей жер аумағының 26%-ын құрайды. Ресейде өндірілетін өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерінің 85%-ы осы зонаға тиесілі. Батыс Еурропаға жақын орналасуы, өңдеуші өнеркәсіптің басым болуы, жоғары маманданған еңбек ресурстарының жинақталуы экономикалық деңгейдің қарқынды болуына өзіндік ықпалын тигізген.Ғылым мен ғылымды көп қажет ететінкәсіпорындардың ірі қалаларда шоғырлануы қала халқаның үлесін артуына әсер етеді. Қала халқының үлесі 75%-ға жетеді және ресейдің ең ірі қала агромерациялары мен 11 миллионер қаласы осы зонада орналасқан.

Шығыс зона немесе Азиялық Ресей ел аумағының 74%-ын құрайды. Бұл зона табиғат ресурстарына аса бай болып келеді. Елдегі отын энергетикалық ресурстарының 80%-ы, ағаш сүрегі қорының 80%, су ресурсының 75%, су – энергетикалық ресурстың 81,5%, сондай-ақ түсті және сирек металдардың, химиялық шикізаттардың басым бөлігі шоғырланған. Ресейдегі мұнайдң 70%-дан, газдың 92%-дан астамы осында өндіріледі. Шығыс зонаны дамытудың басты бағыттары — шикізаттарды өңдеу барысында технологиялық әдістерді жетілдіру, аймақтағы көлік жүйелерін жақсарту, қызмет көрсету салаларын дамыту және экологиялық қауіпсіздік шараларын мейлінше қатаң сақтау.

Экономикалық аудандар. Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарна қарай 11 экономикалық аудан бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді. Олардың әрқайсысының өзіне тән маманданған шаруашылық салалары бар кешенді құрылымдардың күрделі жиынтығынан құралады.

Орталық экономикалық аудан құрамына мәскеу қаласымен 12 облыс кіреді. Өзіне тән табиғат жағдайы мен ресурстарына негізделе отырып, бұл ауданда өнеркәсіптік машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері сияқты салалары, ауыл шаруашылығының көкеніс пен картоп, зығыр өсіру, қала маңы шаруашылықтары өркендеген. Сонымен қатар қатар бұл аудан мемлекеттік басқарудың, қаржы-қаражаттың, ғылым мен мәдениеттің, туризмнің тарихи қалыптасып, өркен жайған аймағы болып саналады.

Волга-Вятка экономикалық ауданы құрамына 2облыс (Нижегород және Киров) пен 3 республика ( чуваш, Марий Эл, Мордва ) кіреді. Негізгі маманданған салалары машина жасау, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, кортоп өсіру мен сүтті-етті бағыттағы мал өсіру, қала маңы шаруашылықтары болып табылады.

Орталық қара топырақты аудан — ең шағын аулан, оның құрамына Белгород, Вронеж, Курск, Липецк және Тамбов облыстары кіреді. Жетекші маманданған салаларына қара металлургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдарын өндіру және тамақ өнеркәсібі жатады. Сонымен қатар жоғары дамыған ауыл шаруашылығы дәнді дақылдары, қант қызылшасы, күнбағыс, картоп өсірумен етті-сүтті бағыттағы мал өсіру маманданған.

Солтүстік-Батыс экономикалық ауданды Санк-Петербург қаласымен Ленинград облысын құрайды. Бұл аудандағы тарихи қалыптасқан шаруашылық салалар машина жасау, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінен тұрады. Ауыл шаруашылығының зығыр өсіру және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы, қала маңы шаруашылықтары сияқты салалар қарқынды дамыған.

Солтүстік экономикалық аудан құрамына Карелия мен Коми республикаларымен құрамында Ненец автономиялық облысы бар Архангельск, Мурманск мен Вологда облыстары кіреді. Негізгі маманданған салаларына отын-энергетика өңдеу жатады. Ауыл шаруашылығының зығыр өсіру және етті-сүтті бағыттағы шаруашылығы түрлерінің өркендеген.

Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы құрамына Алдыгей, Қарашай-черкес, Кабарда-Балқар, Солтүстік Асетия, Ингуш, Шешен және Дағыстан республикаларымен Краснодор, Ставрополь өлкесі, Растов облысы кіреді. Ауданның маманданған салаларына отын-энергетикалық өнеркәсіп, түсті мталлургия, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсіптері жатады. Ауыл шаруашылығы аудандағы жетекші сала болып табылады, оның дәнді дақылдар, қант қызылшасы, күнбағыс, көкеніс пен жеміс өсіру, ірі қара, қой және шоошқа өсіру сияқты салалары қатар дамыған. Теңіз көлігі жақсы өркендеген. Табиғат жағдайларының ерекшелігіне байланысты емдеу-сауықтыру, туристі-рекреакцичялық шаралар өте жақсы жолға қойылған.

Волга бойы экономикалық ауданы Татарстан мегн қалмақ республикалары мен Ульянов, Пенза, Самара , Саратов, Волгаград, Астрахань облыстарынан құралады. Аудан электр энергиясы, отын өнеркәсібі, машина жасау ( автокөлік, трактор және әуе техникасы), химия, тамақ өнерәсібі мен құрылыс материалдарын (цемент) шығаруға маманданған. Ауыл шаруашылығының дәнді дақылдар өсіру, күнбағыс, қант қызылшасы, көкеніс пен жеміс, ірі қара мен қой өсіру сияқты салалары қарқынды дамыған.

Орал экономикалық ауданы құрамына Удмурт және Башқұрт республикалары, Пермь (Коми-Перняк авт. Окр.), Свердлов, Челябі, Орынбор және Қорған облыстары кіреді. Маманданған салалары отын-энергетика, қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, орман өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын шығару болып табылады. Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдар, картоп, көкеніс, сүтті-етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара өсіруге бағытталған.

Батыс Сібір экономикалық ауданы құрамына Алтай республикасы,0 Алтай өлкесі, Кемеров, Новосибирск, Омбы, Томск, Түмен ( Ханты- Манси және Ямал- Ненец авт. Окр.) облыстары кіреді. Ауданның жетекші маманданған салаларына отын- энегетика, қара металлургия, машина жасау, химия және орман өнеркәсіптері жатады. Аса ірі мұнай газ алабы болғандықтан Ресейдегі өндірілетін мұнайдың 70%-ға, газдың 90% -ға жуығы осы аудан үлесіне тиесілі. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар, зығыр және ірі қара басым өндіріледі. Алтайда марал өсіру мен омарта шаруашылығы жақсы жолға қойылған.

Шығыс Сібір экономикалық ауданы Бурят, Туба және Хакасия республикаларымен Красноярск өлкесі ( Таймыр және Эвенк авт. Окр.), Иркутск (Усть-Орда авт. Окр.) және Чита (Агин Бурят авт. Окр.) облыстарынан құралады. Аудандағы маманданған басты салалар ретінде электр энергиясын өндіру,түсті металургия, химия және орман өнеркәсіптерін атауға болады. Электр энергиясы негізінен, Ангара және Енисей өзен жүйелеріндегі су электрстанцияларынан өндіріледі. Ауданда машина жасау саласы жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар өсіру мен қой шаруашылығы кең өріс алған. Сонымен қатар сотүстікке қарай бұғы, оңтүстікте етті-сүтті бағыттағы ірі қарра өсіруге маманданған.

Қиыр Шығыс экономикалықұ ауданы құрамына Саха (Якутия) республикасы, Еврей автономиялық облысы, Чукот автономиялық округі, Приморск және Хабаров өлкесі, Амур, Камчатка (Коряк авт.окр.), Магадан және сахалин облыстары кіреді. Негізгі маманданған саласына түсті металлургия, орман және балық өңдеу өнеркәсіптері жатады. Кеме жасау және теңіз көлігінің маңызы күшеюде. Ауыл шаруашылығы өз дәрежесінде дамыған, көптеген өнім түрлері сырттан тасылады. Өз қажеттерін өтеу мақсатында күрішпен Қытай бұршақ өсіріледі.

Калининград облысы 1945 жылдан Ресей Федерациясы құрамына кірген аумақ. « Янтарь» деп аталатын еркін экономикалық зона болып табылады. Отын энергетикалық, машина жасау, орман және балық өңдеу өнеркәсіптері жоғары деңгейде ұйымдасқан. Ауыл шаруашылығында интисивті жолмене дамыған сүт бағытындағы ірі қара, құс және шошқа өсіру кең дамыған. Малазықтық дақылдар мен картоп өсіріледі.

Ресей Федерациясы 2000 жылы президент жарлығымен экономикалық аудандардан басқа 7 федерациялық округке беріктірілді. Округ шекарасы экономикалық аудандар шекарасымен сәйкес келе бермейді. Алайда олардағы мақсат — ортақ аймақтардағы (регион) экономикалық және әлеуметтік мәселелерді біріктіріп шешу.

Сыртқы сауда. Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым –қатынасы, олардың жалпы сипат мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы мауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саясы кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейде бетбұрыс жасады.

1994 жылы Ресей мен Еуропалық Одақ арасында серіктестік пен достық ке лісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз эспортының үлесін 40%-ға дейін көтерді. Сонымен қатар Батыс Еуропаның жоғары дамыған елдерімен байланысты күшейтіп, оның үлесін 50-60%-ға дейін өсірді. Ондай сауда серіктестері қатарынан Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерін көруге болады. Мұндай сауда экономикалық байланыстар ТМД елдерімен де жаңа деңгейде көтерілді.

Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өндіретін Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания мен Польшаға, табиғи газды Германия, Италия, Францияға, таскөмірді Жапония мен Туркияға шығарады.

Туризм. Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болумен ерекшеленеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік кавказ бен Қара теңіздің жанға жайлы курорттары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай және Саян тауларының баурайларындағы таулық туристік базалар жатады.

Қазақстанмен байланыстары. Ресей мен Қазақстан арсындағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстардың тамыры өте терең. Кеңес Одағы ыдырап, ТМД кеңестігі құрылған күннен бастап екі ел арасындағы байланыстар жаңа деңгейге көтерілді.

1992 жылы 25 мамырда екі ел арасындағы Достық келісіміне қол қойылды. Ол келісім бүгінгі таңда көршілес екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық жағдайындағы тығыз байланыстардан: екі ел арасындағы 7000км-ге ортақ шекарадан ортақ транзиттік жол қатынасынан, біртұтас энергетикалық және байланыс жүйелерінен, табиғат қорғаудың ортақ шараларынан және т.б. байланыстардан айқын көрінеді. ТМД елдері арасынан Қазақстан Ресейдің ең жетекші сауда серіктесі болып отыр.