Қазақстанның эканомикалық-геогафиялық жағдайы

Қазақстанның ЭГЖ мынадай жоспар бойынша қарастырылады.

Олар: 1.елдің географиалық орны, 2.шекаралас елдері, 3.шикізат,отын-энергетикалық қорлары, 4. ірі көлік жолдарына қатынасы, 5. елдің экономикалық –географиалық жағдайының өзгеруі , 6. елдің географиалық орнының оның эканомикалық дамуына әсері туралы қорытындысы.

Эканомикалық даму факторларына қатысты тарихи,эканомикалық немесе саяси жағдайлар әр кезеңде сол уақыттың талабына сай өзгеріп отырады.

Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.Жер көлемі-2724,9 мың км2 ,жалпы аумағы бүкіл Жер шар көлнмінің 2% -ың, Азияның 6,1%-ын ТМД-ның 12%-ын құрайды. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүниежүзі бойынша Ресей,Қытай,АҚШ,Аргентина,Бразилия,Канада,Үндістан,Аустралиадан кеиін 9-орында жөне Еуропалық Одақтың 12 елінің аумағынан асып түседі.

Республиканың батыстағы шекарасы Каспи маңы мен Тұран ойпаты, шығысында Алтай таулары,солтүстігінде Батыс Сібір жазығы,оңтүстігінде Тянь –Шань тау жоталары арқылы өтеді.

Республика шекарасының жалпы ұзындығы 14594 км ден астам оның 13994 км құрлықта: Батыс, Солт. Батыс және солт. Ең ұзын шекара-7390 км(Ресей федерациясымен)оңтүстігінде Орталық Азия республикалары:Түркіменстан мен(380км),Өзбекстанмен(2300км),Қырғызстанмен(980км),ал оңтүстік шығысында Қытай халық республикасымен(1460 км)шектеседі.

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Еуразия материгінің орталық бөлігінде мұхитттардан шалғай орналасқандықтан,аумағында шөлдер мен шөлейттер кездеседі. Осыған байланысты республиканың бірқатар елдері мекендерінде су тапшылығы байқалады. Яғни, экономикалық- географиялық жағдайы тұрғысынан Қазақстанның орналасқан орны оншатиімді емес. Мұндай климат жағдайында жайылымдық мал шаруашылығымен ылғалды онша қажет етпейтін егіншілік салаларын дамытуға болады. Ал су тапшылығы өндірісте көп қажет ететін түсті және қара металлургия өнеркәіптерінің өркендеуіне кері әсерін тигізеді.

Қазақстан табиғат ресурстарының әр түрлілігі және қоры бойынша әлемнің бай аймақтарының бірі.

Қазақстанның жер қыртысы табиғат байлықтарының, оның ішінде, ірі отын- энергетикалық шикізат қорларының молдығымен ерекшеленеді. Республика көмірдің геологиялық қорынан ТМД елдерінің ішінде Ресей менУкрайнаға ғана жол берді. Мұнай мен газдың мол қоры Маңғыстау,Атырау,Батыс Қазақстан,Ақтөбе және Қызылорда облыстарында шоғырланған.

Республиканың қазіргі экономикалық- географиялық жағдайы Еуразия кеңістігінде біртұтас көлік және коммуникациялық қатынастар жүйесін құру қажеттігін тудыруда. Бұл жағдайда еліміз технологиясы дамыған Еуропа мен табиғат ресурстарына бай. Азияны жалғастыратын көпір болып табылады. Еуразия материгінің орталық бөлігінде еліміздің аса зор аумақты алып жатуы және көпшілік бөлігінің жазық болуы- ірі жол тораптарының Қазақстанда тоғысуына алғышарт болуда.Өйткен тарихымызға сүйенсек, еліміздің аумағында ерте кезден-ақ Еуропа мен Азияны қосатын Ұлы Жібек жолы болған.

Қазақстанның әуе кеңістігінде 72 халықаралық әуе жолы түйіседі. Еліміздегі 51 әуежайдың 13- і халықаралық ұшақтарға қызмет көрсетеді.

Еуропа мен Азия елдері арасындағы сыртқы саудабайланыстарының артуына орай Қазақстан арқылы жүк тасымалдау елімізде темір жол көлігі қалыптастырылды.Қазақстан үшін:»Шығыс-Батыс»(Қытай, Қазақстан,Ресей, Еуропа)»Солтүстік,Оңтүстік»(Ресей, Санкт- Петербург, Қазақстан, Ақтау порты, Иран,Парсы шығанағы,Үндістан)»Еуропа-Кавказ- Азия»(Еуропа, Әзербайжан, Баку) Осы көлік дәліздерінің маңызы зор.Бұрыннан қалыптасқан тарихи- экономикалық байланыстары бар Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері мен шекаралас жатуы Еуразиялық көлік жолының ел аумағынан өтуі егемендік алғаннан кейін жүз жиырмадан астам елдермен экономикалық байланыстар орнатуға Қазақстан экономикалық- географиялық жағдайын бұрынғыдан да жақсарта түсті.Бүгінгі күнде АҚШ,Батыс Еуропа елдері,Туркия,Иран,Пәкістан және Қытай елдері Қазақстанға аса қызығушылық танытып отыр.

Экономикалық- географиялық тұрғыдан Қазақстанның мынадай артықшылықтары бар.

Тарихи экономикалық елдермен шектесуі(Ресей,Қытай,Орталық Азия елдері)

Транзиттік жол торабы үстінде орналасуы.

Қазақстан аумағы жер бедерінің көп бөлігінде жазық болып келеді.

Минералды ресурстардың қөрының молдығы.