Алтайдың жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын, табиғат жағдайлары

Географиялық орны.Алтай Жайсан ойпатынан басталып,Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай- Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі.Қазақстанға оның оңтүстік – батыс шеті ғана кіреді.Оның оңтүстігі Қара Ертіс өзені мен Жайсан көлі,батысты Қалба жотасы.Сарыарқаның Шар өзенінің аң,арымен бөлінеді.

Мұзтау – Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы (4506 м). Қатын жотасының шығыс жағын ала , Қазақстан мен Алтай өлкесінің әкімшілік шекарасы маңында жатыр.Ұшар басында Үлкен,Кіші Берель,Меңсу, т.б. мұздықтар бар,бұлардан Қатынсу өзені бастау алады.

Жер бедері мен геологиялық құрылымы. Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Қазақстандық Алтай үш ауданға бөлінеді.Олар – Кенді Алтай,Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы.

Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Жайсан,Қара Ертіс аралығында жатыр.Ертіс аңғары оны батыс жағынан Қалба жотасынан бөліп тұрады.Шығысында ол Үкөк тау қыратымен шектеседі.Осы жерден батысқа және оңтүстік батысқа қарай екі тау жотасы тарайды.Оларды Күршім мен Қарақоба өзендері бөліп жатады.Тарбағатай (2739 м), Сарымсақты (3373 м), Күршім (2644 м) жоталары оңтүстік бөлікті құрайды.Асу жотасы мен Сарытаудың аралығында 1449 м биіктікке Марқакөл қазаншұңқыры орналасқан.Бұл ауданның биік бөлдігі шығыс жағында; батысқа қарай біртіндеп аласарып,тау қыратына айналады.Тау шыңдары аралығында көлемі шағын,онша терең емес көлтабандар,батпақты көлдер мен шағын тақырлар кездеседі.Олардың өзі 2300-2500 м биіктік шамасында жатыр.

Ауданның батыс шекарасы Холзун тау тізбегінен өтеді.Оның жер бедері адырлы келеді.Жоғарғы жағы толқынды кең қыраттардан тұрады.Одан жоғарыда жалаңаш шыңдар орналасқан.Таудың оңтүстік беткейлері тік және күшті тілімденген.Тау етектері біршама жазықтау.

Кенді Алтай – Оңтүстік Алтайдың солтүстік – шығыс бетінде Үлбі (2300 м) Иванов (2775 м), Үбі (2100 м) тау жоталарынан тұрады.Олардың жер бедері әр түрлі.Оның жеке бөліктерінің жер бедері әбден тілімделген биік таулы болып келеді.Көп жерлерін қылқан жапырақты орман жапқан таулардың беткейлері – көлбеу,төбелері доғалды- дөңесті,кей жерлерінде тегістелген үстірттер ұшырасады.

Қалба жотасы Ертіс өзеннінің сол жағында жатыр. Оның ең биік нүктесі — Сарышоқы (1558м). Қалба жотасы батыс жағында Шар аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі. Тау төбелері жұмырлау, беекейлері әбден тілімденген, кей жерлері жазық келеді.

Қазақстандық Алтай тауының герцин қатпарлығында түзілген, олар тегістеліп аласарған жоталармен кезектесіп отыратын бірнеше көтерілудің нәтижесінде пайда боған. Мозозой дәуірінің аяғында мүжіліп, үгітіліп, жазыққа айналған өлке неогеннен, антропоген кезінде қайта көтерілген.

Пайдалы қазбалар. Алтай пайдалы қазбаларға бай өлке. Әсіресе Кенді Алтайда қорғасын мырыш, қалайы, Вольфрам, күмістің және сынаптың мол қоры бар. Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек металл, Қалба тауында қалайы мен вольфрам өндіріледі. Осы өңірден өндірілген қазбаларды байыту үшін Өскеменде, Риддерде, Зырянда металлургиялық зауыттар салынған. Кенді рудаларын өндіру мен қорыту ісінің таза технологиялық негізінде орындалмауы табиғатты әдемі өлкенің экологиясын бұзуға себепші болып отыр. Сондықтанда табиғи ортаның тазалығын сақтау, зауыттардан шығатын түтіндер мен зиянды қалдықтарды азайту — бүгінгі күннің басты экологиялық міндеті саналады.

Климаты, өзендері. Алтайдың Қазақстандық бөлігінің климаты қоңыржай континентті. Айналасындағы жазықтармен салыстырғанда жаздың өзінде тау іші салқындау, ал қыста, керісінше жылы. Оған инверция әсер етеді. Түйық қазаншұңқырларда жазда ыстық, қыста аса суық болады. Шілдеде аласа тау беткейлерінде 19-22 С болса, 1000м биіктікте 16°-14° С, 2500-2700 м биіктікте 7°-6° С –тан аспайды. Өскеменде қыс айларының орташа температурасы -15° С. Жылдың жауын-шашын мөлшері тау беткейлерінде 300-400 мм, тау ішіінде 1000-1500 мм-ге дейін көбейеді. Тауда қыста қар көп жауады. Кейде оның қалыңдығы 1-3 м дейін жетеді. Ал тұйық қазаншұңқырларда қар жұқа болады. Сел тасқындары қар көшкіндері жиі байқалады.

Өзендері мен көлдері, мұздықтары. Алтайда өзенде көлде көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені Ертіс. Лған Кендірлік Күршім, Бұқтырма, үлбі, Үбі т.б. өзендер құяды. Ертіс бойында Бұқтырма, Шүлбі, Өскемен электр станциялары бар. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға және республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті Қызылсу, Алқабек, Алқаба, Қайыңды, Бөкен т.б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды.

Алтайда көлге бай.Бұқтырма Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл т.б. көлдердің ауданы 1 км-ден асады. Көлдердің ең үлкені – Жайсан, марқакөл. Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан.

Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 км. Мұздықтар негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сақталады.

Табиғат зоналары. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Солтүстік батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста жайсан қазаншұңқырына қараған жағы шөлейт зонаға (900-1100м) кіәреді. Ол екеуінің шекарасы Бұқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) және биік шыңдағы мәңгі қар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтді. Орман алқаптарына май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулдар құнарлы қара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері ( боз, бетеге, және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмұрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады.

Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы, марал өсіретін шаруашылықтар бар. Тағы аңдардан аю, қабан, бұғы, таутеке, тау барысы тіршілік етеді. Бұлғын қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырасады. Су тышқаны жәннат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау құр, шіл, кекілек, тоқылдақ, ұлар кездеседі.

Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған.

Рахман қайнары — Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Айнналасы биік тау, орман қоршаған өте көрікті жер.

Шығыс Қазақстан — еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Ориан оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыаппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады.