Қазақстанның топырақ жамылғысы. Қазақстандаға топырақ жамылғысының типтері

Жердiң геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ..Палеогеографиялық зерттеулердiң деректерi бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуiрiнде пайда болыпты Бұл кезде әлi өсiмдiк жамылғысы қалыптаспаған.

Топырақ жамылғысын зерттейтiн Топырақтану ғылымы — жас ғылым. Оның негiзiн салған ХІХ ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В.В.Докучаев- топырактың табиғи және тарихи дене екенiн анықтады.

Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар. Топырақтың пайда болуының,дамуының өзiнше заңдылықтары бар. Топырақ — су, ауа, жылу, өсiмдiк жене тiрi ағзалардың әсерiнен,тау жыныстарыньң үгiлуi нәтижесiнде жер қыртысының беткi қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым.Мiне, осы факторлардың көп жылдық үздiксiз әсерiнiң нәтижесiнде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.

Табиғатта топырақ жамылғысының түзлуi — өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзiмде таулар үгiтiлiп, мүжiлiп, шыңдар аласарады. Құм мен саздар суға шайылып, желдiң күшiмен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел қатты болса, жер бетi өзгерiп тұрады. Топырақтың ең негiзгi қасиетi табиғи құнарлылығы, яғни құрамында өсiмдiктiң тез әрi жақсы өсуiне жағдай жасайтын қоректiк заттардың мол болуы. Сөйтiп, аналык тау жыныстарынан кейiн топырақ түзушi жетекшi фактор ағзалардың тiршiлiк әрекетi. Олар тасты бұзатын кышқылдар шығарады. Қышқылдар тау жыныстарын ерiтуiнен,одан шiрiндi (гуммус) пайда болған. Шiрiндi үгiлген майда жыныстармен араласып кiрiккен. Осылайша топырақ қалыптаса бастаған.

Жануарлар дүниесi өздерiнiң тiршiлiк әрекетiнiң нәтижесiнде топырақты байытады, өлгендерi шiрiнді мөлшерiн көбейте түседi. Шұбалшындар топырак пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап өзгертiп, өңдеп шығарады.

Топырақ жамылғысын түзуде климаттьң да зор маңызы бар. Бұл процеске қатысатын өсiмдiктердiң, жануарлардың жене микроағзалардың тiршiлiгi климатқа байланысты. Аязды кезеңде топырақтың түзiлуi тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде баяулайды. Климат табиғаттың басқа компоненттерi сияқты, топырақтың ендiк зоналык, биiктiк белдеулiлiк заңдылықтарь бойынша таралуына әсерiн тигiзедi.

Жер бедерiн топырақ түзудегi рөлi жергiлiктi жердiң жер бедерiне байланысты. Олардың анальқ жыныстарда әр түрлi, ылғалдьқ топыраққа сiңуi де әр түрлi. Солтүстiк беткейден оңтңстiк беткейге түсетiн жылу мен ылгал да әр түрлi болады.

Адам баласының топырақты түзiлуiне тигiзетiн әсерi әр түрлi. Бiр жағынан топырақты тыңайтқыштар пайдаланып құнарлылығын арттырса, жердi суарып, батпақтарды кұрғатып жатса, екiнiшi жағынан тыңайтылған жерлердi үстi-үстіне пайдаланып, жел эрозиясына ұшыратуда. Адамдардың кызметі әрекеті әрдайым топырақтың құнарлылығын арттыра бермейдi.

Топырақтың механикалық құрамын iрiлi және ұсақ минерал бөлшектерiнiң жиынтығы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлi болады.Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқылдап алып, илегенде құрамында саз бен шiрiндi бар топырақтар бiрiккiш келедi. Ал құрамы құмды, құмдауытты, саздауытты болса, онда топырақтың бiрiгуi нашар болады.

Топырақтың қасиетiне қарай оның құрылымы да әр түрлi болады. Шірінді өсiмдiктiң қоректенуi үшiн ғана керек емес. Ол топырақ құрылымының түзiлуiне белсендi турде қатысады. Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты. Шіiрiндi мен кальцийге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады. Топырақ түйiршiктерiнiң көлемi 10 мм-ге дейiн болса, кеуек топыраққа ауа, су оңай өтiп, өсiмдiктердiң өсуiне қолайлы жағдай туады.Құрылымы кесек топырақтардың құылымды топырақ дел атайды. Құрылымды топырақ құнарлы келедi. Түйiр- шiктерi ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ деп атайды. Ол онша құнарлы болмайды, топырақ құрылымы нашар жерлерде қар суы сiңбей, сай-салаға ағып кетеді.Құлымды топырақтар тыныс алады.Күндiз топырақ қызады — ауаның көлемi ұлғайып,тыска шығадды, түнде керiсiнше — ауа топыраққа өтедi.

Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделi және әр түрлi.Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айкын байқалады.Қазақстанның жазық бөлiгi аумағының 85%-ын алып жатыр. Негiзiнен 3 топырақ зоналарына бөлiнедi: қара топырақты зона (52° с.е. солтүсiгінде); қара қоңыр топырақты зона (52—48° с.е. аралығында); қоңыр,сұр қоңыр топырақты зона (48 с.е. оңтүстiгiнде).Қаратопырақты зона республиканың солтүстiгiнде тараған.Бұл зона Солтүстiк Қазақстан облысын түгелiмен, Костанай обылысының көп жерiн, Ақмола, Павлодар, Актөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстiк бөлiктерiн қамтиды Республика аумағының 25,5 млн гектар жерiн (9,5%-ын) алып жатыр.Қара топырақты зона 3 зона араларына бөлiнедi сiлтiсiзденген қара топырақ орманды дала табиғат зонасының оңтүстiгiнде аз ғана бөлiгiн алып жатыр; кәдiмгi қара топырақ және оңтүстiктегi куаң даланың қара топырағы — дала аонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі оңiрдiң топырақ құрамында гумусы
(қара шiрiндiсi) мол (6—8°/) қара топырақ орын азаюы, оңтүстiгiнде қара топырақтың қара шiрiндiсi аздау (4—6%)г. келедi. Қара топырақты зона ылғалымен қамтамасыз етiлген жазьқ далада тараған, республиканың негiзгi астық өндiретiн алқабы саналады.Қара топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстiгiнде орналаскан. Бұл Орталык Қазақстанның көп жерiн, Каспий маңы ойпатының солтүстiгiн, Шығыс Қазакстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бул – республиканын оңтүстiк дала (тым құрғак далалы) және шөлейттi алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерiнiң 34%-ы алып жатқан зона. Қара қоңыр топырақ зонасы да 3 зона аралығында бөлiнедi: қуаң даланың күңгiрт қара қоңыр топырақты өңiрi куаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңiрi; шөлейт жердiң ашық қара қоңыр топырақты өңiрi.

Топырақтың құнарлылғы оңтүстiкке барған сайын кеми түседi. Күңгiрт қара қоңыр топырақ пен кәдiмгi кызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шiрiндiсi) 4,5—3,0%, шөлеит ашық қызыл топырағының гумусы азырак, 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстiгiнде астық өндiру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткенi мұнда ылғал аз түседi. Кара қоңыр топырақты зонаның оңтүстiгiнде шөлдi аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негiзiнен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келедi. Топырақтың бұл типi 120 млн гектар жердi, республика жерiнiң 44 пайызын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстiк бөлiгiн түгел қамтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0—1,0%), сондықтан онда негiзiнен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңiрде суармалы егiс қана тиiмдi.

Топырақтың құнарлылығын кемiтетiн табиғаттың бiр апаты — топырақ эрозиясы.Топырақтың құрылу процесiнің ұзақ екендiгiн түзушi аналық тау жынысынан құнарлы 18 см топырақ қабаты пайда болу үшін өте қолайлы табиғи жағдайдың өзiнде 1400 жылдан 7000 жылға дейiн уақыт керек екенiн айтса жеткiлiктi. Ал бұл қабатты желдiң ұшырып әкетуi оп-оңай.
Топырақ эрозиясының екi түрi бар: жел эрозиясы және су эрозиясы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Топырақтану институтының зерттеулерi нәтижесiнде рес:публикада эрозияга бейiм жер 70 Млн гектардан астам немесе республика аумағының 26 %-ы. Оньң 52 млн гектары жел эрозиясына бейiм, 17 Млн-нан астамы су эрозиясына бейiм. Жел эрозиясының басым болуы, бiрiншiден, Қазакстан жерiнiң көп бөлiгiнiң жазық және ашық болуы; екiншiден, күштi желдiң жиi соғуы; үшiншiден, топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңiл (құмды, құмдауытты) топырақтардың молдығы.Сондықтан мұндай жерлердi игеру өте жауаптылықты қажет етедi. Қазақстанда тың және тыңайған жерлердi игерген кезде эрозияға бейiм жерлер жыртылып, бекерге эрозияға ұшырады. Мысалы, Павлодар облысында (1955—1958 ж.) күңгiрт қара қоңыр. топырақты аймақ жыртылып, 805 мың гектар жер эрозияға ұшырап, егiске жарамай iстен шығып қалды. Қостанай облысының Әулиекөл ауданының коп жері осындай жағдайға ұшырады. Аққан судың топырақтың беткi қабатын шайып кетуiн, жыра мен сай-саланың, жар мен олардың пайда болуы топырақтың су эрозиясы деп атайды. Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден артық суарған топырақтың беткi қабаты тыйылады. Басында ‚ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады. Жалпы топырактың су, жел эрозиясы адамның жер ресурстарын тиiмсiз пайдаланудың салдары деп ұғамыз. Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлiмi ашылып, солтүстiк, оңтүстiк аймактардың су эрозияларын зерттеп, олармен күресу шаараларын ұсынды. 1) агротехникалық шаралар; еңiсi үлкен беткейлерде жердi су ағысының бағытына көлденең жырту, қыста қар тоқтату, топырақты қайырмасынсыз соқамен жырту, т.б; 2) Мелиорация шаралары: жыра мен сай, өзен жағаларына, суару түрлерi бойынша ағаш және бұта отырғызу; З) гидротехникалық шаралар: жыралардың бекiтетiн инженерлiк құрылыстар салу, арықтар мен каналдардың түбiн су өткiзбейтiн бетондалған тақта, пленкаларымен қаптау, т.б. Бұл шаралар топырақтың су эрозиясына ұшырауын азайтады.