Ауаның қысымы және желдер

Климат қалыптастырушы факторлар бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып,атмосфералық қысымның таралуына,ауа массаларының сипаты мен бағытына және соғатын үстем желдерге ықпал етеді.Қазақстанның ұлан байтақ аумағында атмосфералық қысым біродей таралмаған. Қысымның әр түлі болуына жер бетінің жылуының әркелкі таралуына себепші болады.Сондықтан республика жерінде қысымның маусымдық өзгеруі жақсы байқалады.

Ауа қысымы туралы сендер 6-сыныптағы география пәнәнен білесіңдер.Ауа қызған кезде көлемі ұлғайып,жеңілдей түседі.сондықтан жоғары көтеріліп,өрлеу қозғалысына ұшырайды.Мұндай жағдайда жер бетінде жаз айларында төмен қысым орнайды.Қыста керісінше,ауаның қысымы жоғары болады.қазақстан жерінде қыста ауаның қысымы жоғары болады.жаз айларында ауаның қызуынан қысымның азаюы жазғы қапырық ыстықтан қалыптасады.мұндайда төменгі қысым анық білінбейді.Жылдың өтпелі кезеңдерінде ,мәселен,көктемде ауаның жылынуымен Сібір антициклоны қайтады.ал күзде қапырық ыстық жойылғанда,қазақстан аумағында циклондар артады.Бұл үлкен иірімді ауа көлемінің ортасында атмосфералық қысым төмен болады.

Қазақстанның жазық бөлігінен жылдың суық мезгілінде шамамен 50 с.е бойымен жоғары қысымды алап Воеиков белдеуі өтеді.Ол-Сібір антициклонының оңтүстік-батыс тармағы жылдың басым бөлігінде осы паралелль бойы жоғарғы қысым сақталады.жазда,төсеніш бетінің жылынуына байланысты Сібір антициклолының тармағы солтүстікке қарай ығысады.Қазақстан аумағында ауа райы Азор антициклонының шығыс тармағының әсерәнен қалыптасады.Осы алаптан солтүстікке және оңтүстікке қарай атмосфералық қысым біртіндеп азаяды.Тауларда атмосфералық қысым биікке көтерілген сайын заңды түрде азая береді.

Орташа жылдық ауа қысымы Астанада 977 мб,Атырауда-1022 мб,Қызылордада-1003 мб.Тауларда ауа қысымы аз.Алматыда-920 мб,Жоғарғы күйгенсайда-776 мб.

Қыста Сібір максимумы орнаған кезде ауаның қысымы артады.Мысалы,Астанада 983 мб,Атырауда-1026 мб.Жазда шілде айында ауаның қысымы азаяды.Астанада-943 мб,Атырауда-1012 мб

Желдің таралуы,атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты.Желдің климатқа әсері зор.Қазақстан жерін шығыстан батысқа қарай шамамен 50 с.е.бойымен жоғары қысым кесіп өтеді.Қыста да,жазда да қалыптасатын бұл жоғарғы қысым белдеуді республиканың жазық бөлігіндегі негізгі жел айырық болып есептеледі.Қыста осы жоғарғы қысымды белдеуден солтүстікке қарай оңтүстік және оңтүстік-батыс желі,ал оңтүстікке қарай солтүстік және солтүстік –шығыс желі басым соғады.Жоғарғы қысымды белдеуден алыстаған сайын желдің жылдамдығы баяулайды.Қаңтар айында Орталық Қазақстанда желдің орташа айлық жылдамдығы 4-6 м/сек,ал оңтүстігінде ол 2-4 м/сек-қа дейін баяулайды.Жазда желдің жылдамдығы баяулайды.Олардың орташа айлық жылдамдығы шілдеде солтүстік аймақта 2-3 м/сек.,оңтүстікте 1-2 м/сек.

Қазақстан да ең күшті желдер Жетісу қақпасымен соғатын және каспийй теңізінің шығыс жағалауында желдер.Олардың орташа жылдамдығы 6-8 м/сек.

Қазақстанның биік таулы аймақтарында қыста да,жаз да да желдің екпіні біршама жоғары болады.

Ебі желі –Жетісу алатауының оңтүстік шығысында Қытайда орналасқан Ебіңұр көлі қазаншұңқырында,жоғарғы қысым пайда болғанда соғады.Мұндай антицикклонда шығыс желі тұрадыда,Қазақстан аумағындағы алакөл көліне қарай соғады.Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады.Жетісу қақпасы-ені тар тектоникалық жарық,ені 20 км-ден 40 км болатын,ең тар жері-10 км шамасында.Ауа тау жоталарының арасымен қысылып,үйкеліске ұшырап өтеді,жылдамдығы секундына 60-80 м-ге жетеді.Қыс кезінде қысылып өткен ауаның температурасы қоршаған ортасынан 8-10 /С жоғары болады.Жалпы бұл жел жыл ішінде орта есеппен 70-100 күндей соғады.Жазда Еуразия материгі қызған кезде Ебінұр қазаншұңқыры үстінде жоғары қысым сирек кездеседі.Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалым Шоқан Уалиханов.Жетісу қақпасынан ескен күшті жел Алакөл көлі маңынан балық аулауды қиындатады,жол қатынасына,басқа да шаруашылыққа зиянын тигізеді

Сайқан желі –Ебі желіне кері бағытта Жетісу қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел.Алакөл үстінде жоғңары қысым орнағанда,антициклон тұрақтап күшіне енген кезде,Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады.Желдің жылдамдығы 50-60 м/сек.Алакөл ойысында температура -30-37/С дейін төмендейді.Сайқан жоталарын бойлай соғатын болғандықтан Сайқан желі деп аталады.Қатты соққан кезде Алакөлдің суының деңгейі 1 2-ге дейін көтеріледі.Табиғат жағдайына желдің тигізер зияны көп.Сайқан желі 2-3 тәулікке созылуы мүмкін.Жауған қарды ұшырып,топырақты құрғатады,мал басын шығынға ұшыратады,балық аулауға зиянын тигізеді.

Шілік желі. Шілік өзені бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады.Жел өзен аңғарын бойлап,күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа,түнде керісінше бағытта соғады.Жыл бойындағы жылдамдығы 8-10 м/сек.Қыста үдей соққан жел қарды ұшырып,жол қатынасын қиындатады

Арыстанды-Қарабас желі Қаратау жотасының оңтүстік батыс беткейіндегі арыстанды өзенінің аңғарымен соғады.Жел Мойынқұмның үстімен өткенде құм түйіршіктерін суырып,құмды қара бұрқасын тұрады,жолдың көріну қашықтығы азаяды.Сондықтан бұл желді «Қарабас желі» деп атаған.Арыстанды-Қарабас желі солтүстіктен үзбей соғып тұрады.Оның жылдамдығы 35 м/сек

Қордай желіЖамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғатын жел.Қазақстан жерінде қыста Сібір антициклоны орнаған кезде жылдамдығы 40 м/сек жетеді.Бұл өңірінде жылына шамамен 55 күн күшті жел соғады.

Мұғалжар желіМұғалжар тауынан соғады,әсері Маңғыстау,атырау,Ақтөбе облыстарынан оңтүстігінде байқалады.мұғалжар желі күзде осы өңірге солтүстік –батыстан келетін циклонға Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы ойпаттар ауасының сорылып-тартыруынан пайда болады.Жылдамдығы секундына 50 м-ге жететін қатты дауыл түрінде оңтүстік және оңтүстіктен батыстан соғады.

Қазақстан жеріндегі жел жылдамдығының географиялық таралуын талдағанда 4 м/сек-тан күшті желдерге ерекше көңіл аударылады.Өйткені ондай желдер жел диірмендерін қозғай алатын күші бар.Қазақстанда Арал-Балқаш ендігінен солтүстікте желдің жылдамдығы 4 м/сек-тан артық.Бұл жердің энегетикалық қоры 1 млрд квт.жел күшін Қазақстанда құдықтардан су тартуға,жел диірмендерін жүргізуге пайдалана бастады.