Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы

Геологтардың негізгі мақсаттарының бірі – тау жыныстарының жасын анықтау. Ол мақсатты орындау полеонтологиялық зерттеу тәсілін қолданудың нәтижесінде мүмкін болады. Бұл тәсіл тірі ағзалардың ( өсімдіктер, жәндіктер және жануарлар)эволюциясын зерттеп, олардыдаму кезеңдеріне бөлуге және соның негізінде геохронологиялық кестені дайындауға мүмкіндік берді. Сендер бұл кестені білесіңдер. Қазақстанның геологиялық картасына қарасаңдар түсті бояулармен және әріп индикстеріментау жыныстарының жасы көрсетілген.

Палеозойғадейінгі жыныстар ең ежелгі кезеңдерде қалыптасты. Ол күшті үгілу нәтижесінде таулы аудандардың орталық қырқаларында жер бетіне шығып жатады. Кристальды тақтатастарменгнейстердің жер бетіне шығып жатқан жерлері солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Мұғалжарда және Сарыарқадағы Ұлытау мен Көкшетауда байқалады.

Палеозой жыныстары көптеген таулы аудандарда кездеседі. Мұғалжар, Сарыарқа, Солтүстік Тянь – Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, тарбағатай жәнеАлтай таулары осы жыныстардан тұрады. Оған: әк тас, құмтас, қызғылт құмтас, сазды тақтатас жатады. Мысалы,қорғасын, темір, марганец қалайы, вольфрам, алтын, т.б.кен орындарының пайда болуы полеозойлық жыныстардың таралуына байланысты.

Мезозой жыныстары біршама сирек кездеседі. Бұлар Маңғыстаудағы Қаратау жотасында, жем үстіртінде, Іле және Торғай ойыстарында көп тараған.

Кайнозой шөгінділері қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Олар полеогендік, неогендік және антропогендік болып бөлінеді. Полеогендік шөгінділер Шу,Іле,Зайсан және т.б. қазаншұңқырлармен ойыстардың жиектерінде, Үстірте, Арал маңында, Торғай жазығында таралған. Неогендік шөгінділер қызыл түсті, тығыз құмды саздардан, малтатасты, құм қабатты сары саздауыттан тұрады. Неогендік шөгінділер барлық биік тауаймақтарында кездеседі.

Антропогендік (төрттік) шөгінділерқазақстанның барлық аймақтарында ұшырасады. Жердің геологиялық тарихында антропогендік дәуірі ең соңғы және уақыты жағынан ең қысқа кезең. Бірақ антропогендік шөгінділері қазіргі кезеңде де ірі жазықтармен тау аралық ойыстарда көптеп кездеседі. Олар әр түрлі жолмен пайда болған. Каспий маңы ойпатында, қарақұм және Торғай үстіртінде теңіздік шөгінділер тараған. Жердің геологиялық тарыхында антропогендік дәуірі ең соңғы және уақыты жағынан ең қысқа кезең. Бірақ антропогендік шөгінділері қазіргі кезеңде де ірі жазықтармен тау аралық ойыстарда көптеп кездеседі. Оларданн көлдік және өзендік террасалар мен жағалаубойындағы жазықтар түзілген. Мұздық шөгінділер қазіргі мұз басқан Алтай, Жетісу Алатауы жәнеТянь – Шань тау жүйелерінің аңғарларында кездеседі.