Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек Жолы-адамзат өркениеті жасаған тарихы ескерткіштердің бірі.Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап,екі бағыт:Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістеген.Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан (Қашқар) арқылы Жетісуға,содан Сырдарияны жағалап,Арал маңынан(Хорезм арқылы Маңғыстауға,Жайықтың төменгі ағыста,Еділ мен Дон жағалауларында,Кавказға,Қара тіңіз жағалауы арқылы Таяу Шығыс пен Византияға) әрі қарай Батыс елдеріне өткен.Бұл бағыттағы Батыс пен Шығысты жалғастырған өзен Сырдария болған.

Жетісу мен оңтустік Қазақстандағы сауда қалалары- Суяб, Навакент, Құлан, Тараз, Аспара, Сығанақ, Отырар, Шауғар, Янгикент.

Екінші жол Шығыс Түркістаннан басталып, Жетісу (Шу, Ілі алқаптары) арқылы Жетісу, Іле, Қырғыс, Талас Алатауларын жағалап,Шашқа өткен.Оден Самарқанд,Бұхара,Марв арқылы Кіші Азия мен,Византиямен жалғасқан.Бұл жолдағы қалалар- Суяб,Баласағұн,Сайрам,Құлан,Тараз,Қойлық,Сауран.Осы жолмен әрлі-берлі ағылған елшілер ,дипломаттарсаяхатшалар,көпес-саудагерлер,діндарлар Орта Азия мен Қазақ өлкесін елемге әйгіледі.

Ұлы Жібек жолының карта-сызбасы қазіргі замаңғы картографиялық негізде орындалды.

Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдиниетін түйсіндіруімен бірге табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қезмет атқарды.Бұл есте Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі бар .Олар тұрғын үйді,ат әбзелдерін жасау өнерін,кілем тоқуды, қуміспен түрлі әсемдік бұімдарды соғыду,бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған .Осының бір айғағы-Есік және Арал төбе қорымдарынан табылған “Алтын киімді адам” ескерткіштарі,Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар ,Ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхолн ескерткіштері.

Орхон ескерткіштері-бұл түрік қағанатының Орхон,Сэлэнгі,Тоғыл дариялардың бойында қалдырған жазу үлгілерінің тарихи-иәдени мұралары болып табылады.Бафйырғы түріктер бұдан 1200-1500 жыл бұрын туріктік дүниетанымының алтын бағанасы-Бөгү(Тәнірлік) дінін ұстанып,елдік қүұрып,төр орнатып,тілі мен дінінің ,тарихы мен әдебиетінің алтын сандығы- байырғы түрік алфватін жетілдіріп,далалық өмір мен қалалық салтты ұштастыра қалалар тұрғызып, сәулет өнерің шыңдап, өткен аруақтарына арнап мүсін қашап, ұрпағына мол тархи-мәдени мұралар қалдырды.

Байырғы түрік жазба ескерткіштері ұзақ ғасырлар бізге беймәлім болып келген.Бүгінгі күні бұл ғылымда жаңаша сипат алып біздің тарихимыздың мұралардың төрінде жатқанын байырғы түрік ескерткіштері,моңғол елінің аймағында табылған.Орталық Азия аймағында орналасқан байырғы түріктердің тарихи-мәдени мұралары ежелгі дәуірден түрік тектес тайпалар мен әр замандағы түрік қағанаттарының автохонды мекені болған Казақстан,Моңғолия,Шығыс Түркістан,Қытай,Сібір,Қырғыз жерінде мол сақталған.Оларды зертеу XVII ғасырдың 20-жылдарынан басталды.

Қорқыт ата ескерткіші.Қорқыт ата (VIII-IX ғ-да Сыр бойында өмір сүрген)-ақын,асқан күйші,аңыз кейіпкері .Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарған.

Қорқыт әлеуметтік заң негізінен жасап,ата-баба мекенін ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау,жер-суды белгілі бір тәртіппен пайдалану, т.б салаларға бөліп қарап, халық арасында туындаған кикілжіндерді әділ шешіп отырған.Сырдария жағасында 1950 жылға дейін жергілікті халық қобыз атасы Қорқытқа теліген мазар тұрғызған.Қорқыт мазарын 19 ғ-да Ә.А Диваев пен И.А Кастенье зерттеді.19 ғ –дың аяғында Қорқыттың сүйегі басқа жерге көшірілген.Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылы шайылып кетті.

1980 жылы Қызылорда облысындағы Жосалы ауылынан 18 км жердегі байырғы Қорқыт ата мазары орнынан Қорқыт ата ескерткіші қайта тұрғызылды.

Алаша хан күмбезі.X-XI ғасырлардағы архетектуралық ескерткіш.Қаракеңгір өзенінің оң жағалауында орналасқан.Пішіні төрт бұрышты,биіктігі 10 м.Кірпіштер қолдан тоқылған кілем өрнегінен қаланған.Алаша хан ел аузындағы аңыз бойынша қазақтардың басшысы,ақылды,батыр,байтақ дала тұнғыш рет ірі мемлекет құрған хан болған.

Ахмет Йассауи кесенесі-көне архетектуралық ескерткіш.Әуелі Қарахан дәуірінде тұрғызылған,оның қираған іргесіне XIV ғ-дың аяқ шені мен XV ғ-дың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған.Бұл кесене Түркістанда түркі халықтардың тәу ететін орталығы болған.Ахмет Йасауи кесенесі –БҰҰ-ның дүнинжүзілік ескерткіш қатарына енгізілді.Бұл кесене-халық өнерінің лағыл маржаны біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып аыл туындылардың бірі.

Сарайшық.Атырау қаласыннан қираған орны 55 шақырым жерде,Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орныны жатыр.Қаланың іргесі XIғ-да қаланған,кулденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы.Қала Еропа мен Азияны жалғастырытын керуен жолы бойында орналасқан.Мұнда салтанатты сарайлар,керуен-сарайлар,моншалар,мешіт-медреселер салынған.Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айланған.

Тараз. Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала.Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады,ал 630 ж Сюянь Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады.Тараз VII-VIIIғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған.Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын.

Тараз казіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын В.В Бартольд дәлелдеген.Кейінгі археолоктар М.Е Массон,А.Н Бернштан,Е.И Агеева қаланың көлемін,құрылысын,мәдени қабаттарының қалындығын анықтады.Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін өмір сүрген деген қортынды жасалды.

Отырар.Қазақстаның орта ғасырлық ірі қалаларының бірі.Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан.Отырар қаласының аты VIII ғ-дан бастап аталғаны мен,оның бастапқы тарихы б.з.б II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты.

Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп,нағыз Шығыс қаласына айналды.Орта Азиямен Қазақстан қалаларының мединиеті мен экономикасының дамуын моңғол шапқыншылығы тежеді 1219 жылы күзде Моңғолдар қаланы қоршап,алты айдан кейін басып кіріп,халқын қырғынға ұшратты.Қазіргі кезде қала орны ғана сақталған.

Құлан.Орта ғасырдағы (7-12)ғасырдағы шағын қаланың орны.Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы.Қала тұралы алғашқы тарихи деректер 7 ғасырдан бастап белгілі Саяхатшылар Ибн Хордадбек,Құдам жолжазбаларының Құлан Тараз қаласының шығыс таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетілді.Әл-Максиди Құланды 10 ғ-да былай сипаттады: Күмбезді мешіті бар,мықты қоршалған қала.Бұл ұлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала. 1963-65ж. ҚР Ұлттық Ғылым академиясы археологиялық экспедичиясы зерттеп,қазіогі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңыңдағы төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны деген қорытындыға келді.