Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер

Саяси карта туралы ұғым.Мемлекеттердің жер шарындағы орны мен шекараларын көрсететін карта саяси карта деп аталады. Бүкіл дүние жүзінің, жеке материктердің немесе олардың ірі бөліктерінің саяси картасы жасалады.Әрбір мемлекеттің алып жатқан орны арнаулы асты бояумен оқшауланып белгіленеді.Мәселен, Атластағы Дүние жүзінің саяси картасында АҚШ аумағы қоңыр, Қытай ақшыл, Қазақстан қоңыр жасыл түске боялған.Аумағы шағын мемлекеттер цифрмен белгіленген. Осымен бірге саяси картаға мемлекеттердің астаналары, ірі қалалары, аса маңызды темір жолдары да түсіріледі.

Мемлекеттердің ішкі әкімшілік бөліуін көрсету үшін саяси әкімшілік карта жасалады.Мәселен, мұндай картада РФ-ның республикаларға , округтерге, өлкелерге, облыстарға, Қазақсьанның – облыстарға бөлінуі белгіленеді.

Дүние жүзіндегі мемлекеттер.Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 23-ға жуық мемлекет бар. Олар бәрінен бұрын аумағы және халқының саны жөнінен бір-бірінен ерекшеленеді. Аумағының үлкендігі жөнінен әлемнің 7 елі ерекше.Олар: РФ, Канада, Қытай, АҚШ,

Бразилия, Аустралия, Үндістан. Бұл мемлекеттердің бәрінің ауданын қосып есептегенде құрлықтың жартыснан асып түседі.Осындай алыптармен қатар өте шағын елдер де бар.Олар, Италияның астанасы Римде орналасқан Ватикан мемлекетінің жер көлемі 1 шаршы км-ге, халқы 1000-ға жетеді.

Дүние жүзінде халқының саны 100млн-нан асатын 10мемлекет бар. Олардың үлесіне бүкіл Жер шарындағы халықтың 60 пайызы жатады.

Халқының саны жөнінен Қытай 1 оында. Халқы 1млрд 3000млн астам. Сол сияқты Үндістан 1млрд асты. Бұған керісінше Еуропаның орталығында орналасқан кішкене мемлекеттердің халқы 20-30 мыңдай, ал Тынық мұхиттың шағын аралдарындағы кейбір елдердің халқы 10000 жетпейді.

Дүние жүзі мемлекеттерінің топтасуы. Дүние жүзі елдері жерінің көлемі және халқының саны жөнінен алуан түрлі. Сонымен бірге мемлекеттер даму дәрежесі жағынан да ерекше.Осыыған орай мемлекеттер ең алдымен үлкен 2 топқа бөлінеді:1)дамыған елдер,2)дамушы елдер.

Дамыған елдердің ішінде үлкен жетілік деп аталатын аса ірі 7 ел бар. Олар: АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Анлия, Италия, Канада.Осылармен бірге дамыған елдердің қатарына 20-дан аса шағын елдер кіреді.Олар негізінен Еуропада орналасқан.Дамыған елдердің өнеркәсібі, көлігі және ауыл шаруашылығы мықтап өркендеген. Өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктері кеңінен пайдаланылады.

Халықтың жан басына шаққанда келетін табыс мөлшері өте жоғары.Дамыған елдер саны жағынан көп болмағанымен, дүниежүзілік шаруашылықта үлкен орын алады.Олардың үлесіне бүкіл дүние жүзі бойынша өнеркәсіп өнімнің 60 пайызы, ауыл шарушылығының 50 пайыздайы тиеді.

Дамушы елдер саны жағынан көп. Олар құрлықтың жартысынан көбін алып жатады.Дүние жүзі халқының да жартысынан көбі де осы елдерде.Дамушы елдер Азия, Африка, Оңтүстік Америкада орналақан.Еуропадағы бұрынғы социалистік елдердің де бірқатары осы топқа жатады.

Бұл елдердің даму дәрежесі өте алуан түрлі.Өнеркәсібі біршама дамыған Бразилия, Аргентина, Мексика, Қытай, Үндістан және де дамуы жағынан артта елдер де көп. Ондай елдердің халқы қайыршылық күн кешуде.Дамуы жөнінен артта қалған елдер мен мүлде нашар дамыған елдер бұрын ірі мемлекеттердің отары болған. Мұндай елдердің өнеркәсібі өркендемеген, халқыынң көбі ауыл шаруашылығымен айналысады, сыртқа шикізат шығарады.

Мемлекеттер саяси және шаруашылық мүделеріне байланысты түрлі ұйымдарға бірігеді. Халықаралық ең ірі қауымдастық – БҰҰ. Дүние жүзі елдерінің көбі осы ұйымға мүше. Қазақстан БҰҰ-ға тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 ж. мүше болды.

Мүше елдер БҰҰ-ға өз өкілдерін жібереді.БҰҰ халықтар арасындағы бейбітшілік сақтау, соғысты болдырмау, дамуы жөнінен артта қалған елдерге көмектесу, табиғи апатпен, аштықпен және індет аурулардың таралуымен күресу.Ұйым соғыс жанжалы шыққан елдерге өзінің біріккен қарулы күштерін енгізіп, бір-бірімен келісім жүргізуге ықпал жасайды.

Мемлекеттер шарушылық мүдделерінің жақындығына қарай да жеке одақтар да құрады. Олардың бірі – ТМД. Біздің еліміз ТМД-ға және соңғы жылдары құрылған бірнеше экономикалық одақтарға мүше.