Географиялық қабық –Жердің ерекше, кешенді қабығы

Жер қабықтарының өзара әрекеттесуі. Географиялық қабық. Жердің сыртын қоршаган қабықтары, яғни атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера өзара тығыз байланыста дамитындығын байқадық. Оларда құрайтын газ, сұйық және қатты күйдегі заттар бірінен біріне өтіп, арласып жатады. Соның нәтижесінде Жер қабықтары жанасатын өңірінде бір-бірімен үздіксіксз әрекетте болады мәселен Атмосфера мен биосфераны ара қатынасын зер салып байқайық.Ауа – жер бетіндегі бүкіл тіршілік үшін қажетті шарт. Ауадуғы оттегімен жануарлар тыныстайды, көмірқышқыл газды өсімдіктербойына сіңіріп, зат түзеді. Екінші жақтан, атмосфераның газ құрамы организмдердің тіршілігімен тікелей байланысты ( ауадағы оттегі қалай пайда болатының естеріңе түсіріңдер).

Тірі организмдер литосфераның беткі қабатын күрделі өзгерістерге ұшыратады. Олар тау жыныстарының үгілуіне қатынасады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары жер қыртысындағы органикалық тау жыныстарын түзеді. Өз кезегінде литосфералық заттар организмдердің денесін құрайды. Организмдер үшін литосфераның беткі қабаты тіршілік ортасы болып табылады.

Атмосфера мен литосфера тағыз байланысты жағдайда болады. Атмосфера жер бетіне түскен күн сәулелерінен жылынатынын білесіндер. Одан тропосферадағы ауа температурасының биіктік бойынша өзгеру заңдылығы туады. Жер бетінен көтерілген шаң-тозаң ауаның мөлдірлігіне, сол арқылы атмосфераның жер бетіне таяу қабатының жылыну жағдайына ықпал жасайды. Ауаға көтерілген ұсақ түйіршіктердің төңірегіне су булары қоюланып, бұлт үйіріледі, т.с.с.

Біз жоғарыда әр түрлі жер қабықтарының арасындағы әрекеттестікті саралап қарастырдық. Шынында мұндай байланыстар тек екі жақты ғана емес, көп жақты түрде жүреді.

Атмосфера, литосфера және гидросфераның тоғысың, бір-біріне әсер етүінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы – географиялық қабық түзілді. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды. Жердің дамуының қазіргі кезеңінде тіршілік және биосфера қабығын құрайтын дәрежеге жетті.

Сонымен, географиядық қабыққа литосфераның басқа қабықтардың әсерінен өзгерген жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі қабаты, бүкіл гидросфера және биосфера жатады.

Географиялық қабыққа тән болып келетін бірнеше ерекшелік бар. Олар төмендегіше.

Жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера – ауадан, гидросфера – судан, литосфера –тау жыныстарынан, биосфера – тірі организмдерден) тұрады.

Организмдер тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауына тіршілік таралмайды.

Жерге күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланады. Оған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде тараулы сипатты. Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бүлайша белдеулік заңдылықпен таралмайды.

Географиялық қабық құрамды болғанымен, біртұтас дүние. Оның құрамына кіретін Жер қабықтарының бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады. Мысалы, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы атмосфера, гидросфера және литосфераға қандай өзгерістер енгізгенін сендер білесіндер.

Табиғат компоненттері. Табиғат кешені. Географиялық қабық тау жыныстарынан, ауадан, судан, топырақтан, өсімдіктер мен жануарлардан тұрады. Географиялық қабықтың бұл құрамдас бөліктері табиғат компоненттері немесе географиялық компонеттер деп, аталады (латынша компонент — құраушы).

Кез келген аумақтын табиғат компонеттерінің жиынтығы біртұтас жүйе құрайды. Ол жүйе табиғат кешені немесе географиялық кешен деп аталады.

Табиғат кешенін құрайтын жеке компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде басқаларының өзгерісін туғызады.

Жер шарындағы ең үлкен табиғат кешені (ең күрделі жүйе) – географиялық қабық. Географиялық қабық бірінен-бірі туындайтын табиғат кешендері жійесінен тұрады.

Жер бетіндегі географйялық қабықтан кейінгі табиғат кешені – материк пен мұхит.

Мұхитқа құятын сансыз коп өзендер құрлықтан өзімен бірге орасан зор көлемде тау жыныстарын ағызып аып барады (таулар қалай аласаратынын естеріңе түсіріңдер ) . Сондай-ақ мұхиттан құрлыққа қарай соғатын желдер бұлыт пен жауын-шашын алып келеді ( Жер шарындағы су айналымы қалай жүреді?). Құрлық пен мұхиттың арасындағы осындай зат алмасуы оларды біртұтас планеталық гегографиялық жүйеге біріктіреді. Мұхит беті бірсындырғы болып келетіндіктен, сырт көзге ол әрі қарай табиғат кешендеріне бөлінбейтін сияқты болып көрінеді. Бірақ олай емес. Мұхит суының температурасы, тұздылығы өсімдіктері мен жануарлары, микроорганизімері әр аймақта әрқалай. Бұл мұхит бетінің жер-жерінде табиғат кешендерін бөлуге мүмкіндік береді.

Мұхитқа қараганда құрлық бетіндегі табиғат табиғат кешендері айқын көрінеді.

Құрлық табиғат аймақтарына, аймақтар онан әрі кіші бөліктерге бөлінеді. Табиғат аймақтарының мысалы – Батыс Сібір жазығы, Сарыарқа, Тянь-Шань, Шағын табиғат кешендері: өзен жайылмасы, тоғай, өкл жағасы, сай және т.с.с.

Жер шарының географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінуі. Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық зандылық – табиғат кешенінің барлық компоненттеріне тән құбылыс.

Табиғат кешендерінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінеді( Қосарбеттегі «Геогафиялық белдеулер мен зоналар» картасын қара).

Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтысығымен ерекшеленеді. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер.

Негізгі географиялық белдеуледің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Өтпелі белдеулерге «суб» ( латынша – кіші, таяу) деген сөзщ қосылып айтылады.

Субэкваторлық – экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субтропиктік – тропиктік пен қоңыржай белдеулердің; субполярлық (субарктикалық, субантарктикалық) – қоныржай мен полярлық бөлдеулердің аралығын бөледі.

Әр географиялық белдеу географиялық зоналар жиынтығынан тұрады. Зоналар ондағы басым өсімдік жамылғысының аиымен аталады.

Экваторлық белдеу. Экватолық екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі тараулымен ерекшеленеді.

Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-30*С. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000-3000 мм-ден, тауларда 10000 мм-ге дейін). Күн сайын, әдетте түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді. Жылу мен ылғалдың молдығы өсімдітердің қаулап өсіп сан алуан жанурлардың мекендеуіне қолайлы. Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.

Орман қалың өсетін алуан түрлі мәңгі жасыл өсімдіктерден тұрады . 1 га жерде ағаштың жүздеген түрі кездеседі. Ең биік ағштар 50-60 м-ге дейін барады. Олар жарыққа жеткенде, тек ұшар басында ғана бұтақтанады. Қалған жері ағаш діңі, бұтағы, жапырағы иін тірескен қараңғылықта қалатындықтан, сидам келеді.Мұнан төмен қарай ағаштар тағы да 5-6 қабат құрайды. Ағаш діңдерінің аралықтарындағы аз ғана саңылауды шырмалып, өрмелеп өсетін лианалар алады. Жуандығы адам білегіндей ғана кейбір лианалардың ұзындығы 300 м-ге дейін барады. Ағаш діңі мен бұтақтарын эпифиттер( грекше эпифит-өсімдікке жабысқан ) басып жатырОлар қоректі ауадан алады не ағаштың сөлін сорып күнелтеді. Күн сәулесі ағаштың түбіне жетпейтіндіктен мұнда бұта аз, шөп өсімдік де жоқтың қасы.

Экваторлық ұдайы ылғады ормандарда түрлі пальма, діңі қатты темір ағаш,жеміс тамаққа пайдаланатын нан ағашы, шокалад ағашы өседі.Өсімдік сияқты жануарлары да биіктік қабаттарға бөлініп таралған. Ағаштарда быжынаған бунақденелілер, ағаш бақалары, жыландар, шиқылдаған құстар қаптап жұреді. Оларға маймылдардың бақырған үні қосылады.

Экваторлық белдеуде жер бетіне түскен өсімдімдік қалдықтары мен жануарлардың әлекселрін быжынаған құрт-құмырсқалар мен мйкроорганизмдер әп-сәтте жоқ қылады.қарашірік жиналмай, шайылып кететіндіктен топырағы құнарсыз келеді. Әсімдік тамыры топыраққа тек бекуі үшін ғана кіреді.

Субэкваторлық белдеу. Экваторлық ауаны қыста торпиктік ауа ауыстыратын әңірде жыл екі маусымға, яғни жоңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бәлінеді. Белдеудің құрғақ маусым 2-3 айға ғана созылатын аудандарында ауыспалы ылғалды ормандар әседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормадарға қарағанда ағаштар біраз аласарып аралары ашылады соған байланысты онда бұта және шәп әсімдігі кәріне бастайды.Ағаштың кейбір түрлері құрғақшылық маусымда бойындағы суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.

Құрғақ кезең 5-6айға созылатын жерлер саванналы болып келеді (саванна оңтүстік Америка үндістерініғң тілінен алынғансәз.саванна деп әр жерінде жекенемесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін, кәбінесе шәп басқан алқапты айтады

Саваннаның әсімдігі ұзаққа созылатын құрғақшылққа бейімделген шәптері жапырағы қатқыл жіңшке,тікенкті астық тұқымдастардан тұрады олардың бйік болып әсетіні соншалық,кей жерледе арасынан атты адам кәрінбейді. Ағаштары аласа,тікенекті,діңдері су жинауға ыңғайлы жуан болып келеді (баобаб,шәлммек ағаш.т.б.

Әсемдіктің бітік әсуі сан алуан жануардың тіршілігне қолайлы әсіресе Афри ка саванналары жануарларға аса бай. Мұнда неше түрлі киік, зебр жираф,піл үйір-үйірімен жүреді шәп қоректі жануарларды арыстан, қабыылан. Гепард,т.б. жыртқыштар аулайды.Олардан қалған әлекселер қорқауларға артығымен жетіп жатады .

Ауыспалы ылғалды ормандары мен саваннаның қызыл түсті топырағы құнарлы болғандықтан, ол барған сайын егіншілікке кеңінен пайдаланылуда. Қазіргі кезде саваннаның кәлеміқысқарып,табиғи қалпындааз сақталыпотыр.