Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Испанияның саяси экономикалық дамуы

Испания — Европаның оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Территориясы — 504,78 мын шаршы км. Испания Африканын солтүстік жағалауындағы Сеут және Мелилья қалалары, оған жақын жатқан Велес-де-да-Гомер Алу Семас, Чафоринайаралдарынбасқарады. Испания 1712 жылғы Утрехт келісімі бойынша ¥лыбритания иемденген Гибралтарға суверенитеттілікті өзіне қайтаруды талап етуде. Астанасы -Мадрид. ірі қалалары: Барселона, Валенсия, Севилья, Сарагос, Бильбао, Малага. Испания әкімшілік-территориялық жағынан 50 провинцияға бөлінген, оған 17 автономиялық облыстар кірген: Каталония, Баскілер елі, Галисия, Андалусия, Валенсия, Эстремадура, Кастилья, Леон, Кастилья-Ла-Манча,Астурия,Наварра,Мурсия,Риоха,Арагон, Кантабрия, Мадрид, Балеор аралы, Канар аралы. Халқы — 39,6 млн. (1995жылғысанақбойынша).Оныңішіндеиспандықтар, каталондықтар, негізінен олар Солтүстік, Оңтүстік Америкада, Батыс Европада тұрады. Ресми тілі — испан тілі. Елдің кейбір аймақтарында каталон, баскі, галисиялық тілдерді қолдану заңдастырылган халқының басым көпшілігі католик дініне табынады. Конституция бойынша шіркеу мемлекеттен бөлінген, олардың арасын 1979 жылдан бастап Ватикан реттеп отырады. Ақшасы — песета. ¥лттық мерекесі 12 қазан -Испан ұлтының күні (Х.Колумбтың 1492 ж. Американы ашқан күні). Испания — парламенттік монархия. Мемлекет басшысы — король. СоғыстанкейінгіИспания.1914-1918жылдардағыбірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Испания ұстанған бейтараптық саясатты елдің буржуазиясы мен помещиктері баю үшін пайдаланды. Соғысушы екі жақтың да стратегиялық шикізат, азық-түлік тапсырыстарын орындау зор пайда келтірді. Елдің экономикасында өнеркәсіптің үлесі артты: жалпы капиталы 500 млн. песетті құрайтын жаңадан 500 кәсіпорын ашылды. Көмір өндіру 67% өсті, металлургия, әсіресе болат қорыту саласы дамыды.Ірі буржуазияныңқоғамдық жәнесаясиөмірдеықпалыөсті.Бурбон монархиясының сүйеніші болып есептелінетін буржуазиялық-помещиктік блок монополистік капиталдың мүддесімен жер иеленуші аристократия мен шіркеу князьдерінің мүдделеріне қарағанда көбірек санасатын болды.

Осындай жетістіктерге қарамастан Испания әлі де ауыл шаруашылығында феодализмнің саркыншактары сақталған және өнеркәсібі баяу дамыған артта қалған ел болып қала берді. Испан экономикасының дербес дамуына шетел, әсіресе ағылшын капиталы жол бермеді. Өйткені ағылшын капиталы Испаниядағы шетелдік капиталдың жартысынан көбісін иемденетін.

Халықтың, әсіресе қарапайым халықтың жағдайы Испания соғыс кезінде бейтараптық саясат ұстанғанымен ауыр болды. 1914-1918 жылдары азық-түлік пен өнеркәсіп товарларының бағасы 107% өсті, ал нақты жалақы соғысқа дейінгі деңгейде қалып қойды. Африкандық отарлардағы халықтың жағдайы адам төзгісіз болды. Соғыс аяқталғаннан кейін согыс кейнде соғыс тапсырыстарынорындағанжүздегензавод-фабрикалир жабыллы, жұмыссыздар көбейді.Экспорт күрт қысқарды, песета 25% құнсызданды.Соғыс,соғыстан кейінгі дағдарыс жұмысшыларды тым күйзелтіп кетгі. Осының салдарынан елді жаппай ереуілдік қозғалыс жайлады. 1918 жылы -463, 1919 — 900, 1920 — 1060 ереуіл болып өтті. Ереуілге шыққандардың саны — күннен күнге көбейді. Егер де 1918 жылы 109 мың адам болса, 1920 жылы 245 мыңға жетті. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, жұмыс күнін қысқартуды, қымбатшылықты жоюды талап етті. 1918-1920 жылдары ғасырлар бойы помещиктер мен католиктік шіркеу езіп келген испан шаруалары да бой көтерді.

Қазан революциясының, большевиктік партияның әсерімен 1920 жылы 15 сәуірде Мадридте Социалистік жастар федерациясының жиналысында Испания коммунистік партиясы құрылды.

1920 жылдың екінші жартысында консерватор Дато басқарған либералдар мен консерваторлардың коалициялық үкіметі халықтың наразылығын барынша басып-тастауға ашық бағыт алды. 1920 жылы қарашада үкімет Каталонияға генерал Мартинес Авидоны азаматтық губернатор, генерал Арлегиді полицияның бас инспекторы етіп тағайындады. Олар өз жұмыстарын Еңбектің Ұлттық конфедерациясының 64 жетекшісі тұтқындау мен жұмысшылардың белсенді топтарына қастандық істеуден бастады. Олардың оғынан республикандық депутат Франсиско Лайрет сияқты демократиялық лидерлер қаза тапты. Испанияның барлық жерінде жұмысшылар мен олардың ұйымдарына қарсы террор басталды. Басқарушы топ оларға қарсы жандермерияны, полицияны, әскерді қолданды.

8 наурыз 1921 жылы анархистер министрлер Кеңесінің төрағасы Датоны жақтырмай қалды. Жаңа кабинетті консерваторлар партиясы лидерлерінің бірі Альендесоласар басқарды. Бірақ та бұл үкімет те билік басында ұзақ тұра алмады. 1921 жылдың жазывда Марокко халқына қарсы отарлық соғыста испан әскерінің жеңілуіне байланысты саяси дағдарыстың шиеленісуі Альендесоласар үкіметін отставкаға кетуге мәжбүр етті.

Альендесолар орнын консерваторлар партиясының екінші лидері Маура басты. Ол Мароккодағы оқиғаны жете біліп, комиссия арқылы шиеленісті бәсеңдетуге тырысты. Алайда халық қозғалысы толастамады. Компартияның шақыруы бойынша Мароккодағы соғысқа қарсы Бильбао жүмысшыларының жаппай ереуілі жарияланды. Үкіметтің Бильбао порты арқылы Мароккоға әскер жіберу жоспары іске аспай қалды. Марокко апатының айыптысы король Альфонс және оның жақындары деп тексерген комиссия дәлелдегенде, саяси жағдай одан әрі өршігіп кетті. Әшкерелеу бурбондар монархиясын қолдап отырған либералдық және консервативтік партияларға соққы болып тиді. 1922 жылы наурызда Маураны Санчес Герра ауыстырды, сол жылдың желтоқсанында либерал-демократ Гарсиа Прието бастаған үкімет құрылды.

Толастамаған жүмысшы қозғалысын басу үшін контрреволюция негізінен реакциялық көңіл күйдегі офицерлерден құрылған «қорғаныс хунтасын», Каталония буржуазиясының қаруланған отрядтарын, т.б. с.с. Осындай наразылық өршіп тұрған уақытта және Анволь жанындағы жеңілістің себепші іексерудің қорытындысы елде тек саяси дағдарысты шиеленістіріп қана қоймай, бүлік үйымдастырушылардың әрекетін де жандандырды. 13 қыркүйек 1923 жылы Каталония әскери округінің қолбасшысы генерал Мигель Примо де Ривера, әскерлер мен каталондық ірі буржуазияға сүйеніп, Барселонада өкіметті басып алды.

Примо де Ривера. Примо де Ривера-и-Орбанеха (Ргіто <Іе Кіүега у ОгЬапф), маркиз де Эстелья (йе Екіеііа), Мигель (8.І.1870-16.Ш.1930) -Испанияның мемлекеттік қайраткері, генерал. 1893, 1909-1913 жылдардағы Мароккода, 1895 жылы Кубада, 1897 жылы Филиппиндағы соғыс қимылдарына қатысқан. 1902 жылы Барселонадағы жұмысшы қозғалысын басуды басқарған. 1915-1917 жылдары Кадистің әскери губернаторы, онан соң Валенсияда, Мадридте және 1922-1923 жылдары Каталонияда әскери округты басқарған, генерал-капитан.Үкімет отставкаға кетуге мәжбүр болды, Мадридке келген Примо де Ривераға король Альфонс XIII өкімет билігін өз қолымен тапсырды. Өкімет билігін қолына алған Примо де Ривера үкімет орына генерал мен адмиралдардан күрылған әскери директория құрды. Ішкі істер министрі болып Каталония жұмысшыларын аяусыз қырған баскесер Мартинес Анидо тағайындалды. Ерекше жағдай енгізілді, конституция жойылды, кортес таратылды, жергілікті жерлерде билік әскери губернаторларының қолына көшті. Халыққа жолдаған манифестінде диктатор ел терең дағдарысқа ұшырап отырғанын мәлімдеп, бұрынғы тәртіптерді түбірімен жойып, жаңарту жүргізуге уәде берді. Ол жүргізген «жаңартудың» мәні: ереуілдерге, демонстрацияларға, жиналыстарға тыйым салу; КПИ, НКТ заңнан тыс, қатаң цензура енгізу; муниципалитеттерді тарату; өкілдіктер (суд присяжных) сотын жою т.б. с.с. Әскерді өзіне мызғымас таяныш ету мақсатында офицерлердің жалақысын көбейтті. Анволь жанындағы жеңіліс жөнінде тергеуді тоқтатты. Халықты өз жағына тарту үшін «Патриоттык одақ» атты фашистік партияны құрды, Муссолини тәріздес корпоративтік жүйе енгізді. «Ұлт бірлігі» деген ұран көтеріп, ол автономиялық қозғалысты болдыртпауға тырысты, каталон, баск, галисий тілдерінде ресми кұжаттардың жүргізілуіне тыйым салды. Диктаторлық режимнің орнауы дүниежүзілік капитализм дамуының уақытша тұрақтану кезеңіне түспа-түс келді. Барлық капитализм елдерінде, оның ішінде Испания да экономикалық конъюнктура жақсарды. Дегенмен Испанияда диктатордың жүргізген саясаты жартылай феодалдық күрылымды жоймай, кәсіпкерлердің пайдаларының ұлғайғанын көздеді.

1928 жылы карашада король Альфонс XIII және Примо де Ривера Римде болды. Онда Альфонс XIII генералды итальян короліне: «Бүл менің Муссолиниім», деп таныстырды. Ал итальян диктаторы болса оны «Испан фашишінің басшысы және Испания жаңғыртушысы» деп атады. Шынында да Примо де Ривера диктатурасы Муссолини диктатурасының алғашқы жылдарын еске түсіретін еді.

Примо де Ривера Марокко проблемасын өз күшімен шеше алмады. Испания мен Франция арасында бірігіп қимылдау жөнінде келісім болғаннан кейін барып, 1У2(> жылы рифтердің кетерілісі аяусыз басылды.

Примо дс Риіи-ра 1925 жылы оскери директориялық бпскару қолдау тапнагаіі соц, оиы аіамапық үкіметпен ауыстырды. Пірақ Пасқарудың әдістері, мазмүны өзгерген жоқ, диктатор бүрынғысынша шексіз билікке ие еді. Алғашқыда әскери төңкеріске үйреніп қалған халық жаңа режимнің табиғатын түсінген жоқ. Оның үстіне ИСРП және ВСТ лидерлері диктатурамен күресуден бас тартты, репрессиядан тамтығы қалмаған анархо-синдикалистер НКТ тарату жөнінде мәлімдеді. Халықтың арасында әлі де қолдауға ие болмаған Испания Коммунистік партиясы ғана табанды қарсылық көрсетуге шақырды. Диктатураға қарсы демократиялық бостандықты талап етіп, репрессияға үшырағандарына қарамай жазушылар, ғалымдар, студентгер, профессорлар қарсы шықты. Испанияның көрнекті жазушылары — Мигель де Унамуно, Висенте Бласко Ибаньес, Антонио Мачадо еш нәрседен қаймықпастан диктатураның шын бейнесін ашып көрсетті. Диктатураның реакциялық мәні айқындалған сайын оппозиция күші нығая берді. Жүмысшылар қозғалысының жандануы ИСРП және ВСТ басшылығын диктаторды қолдаудан бас тартуға мәжбүр етті.

Анархо-синдикалистер террорды күшейтті. Елдегі монополистік буржуазияның диктатор шетел капиталының жолын бөгеді, монополиямен күресуге кемектеседі деген үміт ақталмады. Сондықтан олар оппозицияға қосылды. Шаруалардың мүддесі (жер алу және помещиктік езгіден азат болу) орындалмады. Шаруалар да күреске көтерілді. Каталондықтар автономия алу үшін қайсарлықпен күресе берді. Елдегі жағдай Примо де Ривераның кортес іспеттес ¥лттық Ассамблея ешқандай билікке ие болған жоқ, жаңа конституция жобасын жасау да жүзеге аспады. Режим күні бітті.

Оның үстіне дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1929 жылы басталған Испанияға да келіп жетті. Примо де Ривера өкіметіне бәрі де теріс қарады. Тіпті оны әскери округ басшылықтары да қолдамады. Сондықтан оған 28 қаңтар 1930 жылы отставкаға кетуден басқа жол қалмады.

Примо де Ривера диктатурасының қүлауының басты себебі Испания экономикасының қүлдырауын тоқтатып, дамыта алмауы, жүмысшы және ұлттық қозғалыстың талабын қанағаттандырып, наразылықты баса алмауы еді.шілдеде) бүлікшілдер әскерінің оңтүстік тобын басқарған. 1936 жылы қыркүйекте әскери хунта мемлекетінің басшысы (каудильо) және ұлтшылдар әскерінің бас қолбасшысы деп жарияланған. 1937 жылы Испандық фаланга — фашистік партияның хефесі (көсемі) болған. 1938-1973 жылдары мемлекет басшысы, премьер-министр, әскердің барлық түрінің бас қолбасшысы. 1973 жылы премьер-министрліктен бас тартып, бірақ қалған орындарды сақтап қалған.

Оның салдарының Испания үшін қайғылы болғандығын мына мәліметтер айқындайды: соғыс барысында 1 миллион адам өлді; 500 мыңнан астам испандықтар жеңгендердің қудалауынан паналап, отанынан кетуге мәжбүр болды. Көрнекті испан экономисі Рамон Тамаместің анықтауы бойынша 1939-1940 жылдары ауыл шаруашылық өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 21%-ын, өнеркәсіп — 31%-ын құрады. 192 қала мен елді мекендер үйлерінің 60%-ы бүлінді, 250 мың пәтер толық қирады және оның 250 мыңын пайдалану мүмкін емес еді. Ел теміржолдың жылжымалы құрамының жартысынан, сауда флоты кемесінің 30%-ынан, автомашинаның 70%-ының астамынан айырылды. 1939 жылы еңбекшілердің негізгі табысы 1900 жылғы деңгейіне дейін төмендеді. Соғыс алып келген тек материалдық шығынды жою үшін елге 10 жылдан астам уақыт қажет еді.

1936 жылы шілдеде республикаға қарсы бүлік ұйымдастырушылар халыққа олардың басты мақсаты анархиядан шаршаған елге «бейбітшілік, гүлдену және ұлттық бірлік», ал әрбір испан жанұясына — «теңдік пен береке» әкелу деп сендірді. Алайда франкистер өздерінің жауларына қарсы аяусыз террор ұйымдастырды. Республиканы қолдаған барлық саяси партияларға, оның ішінде Испания Коммунистік партиясы (КПИ), Испания Социалистік жұмысшы партиясы (ИСРП), әр түрлі республикандық партиялар, Еңбекшілердің жалпы одағы (ВСТ), Еңбектің ұлттық конфедерациясы (НКТ) сияқты жетекші кәсіподақ ұйымдарына да тыйым салынды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда 2 миллионға жуық испандықтар түрмелер мен концлагерлерден өтті. 1939-1944 жылдары төтенше трибуналдың үкімі негізінде және ешқандай үкімсіз 164 мың, (кей мәліметгерде 200 мыңға жуық деп көрсетілген) антифашистер атылған. Франко «үлттық бейбітшілік, бейбіт өмір» уәдесі испандықтар үшін көп жанұяны қайғыға ұшыратты, түрмелер мен мүрделерге айналдырды.

Кейінірек репрессия аумағы едәуір азайғанымен, қатаң електен өткізу режимі «индультос» (помилование, рақымшылық ету) саяси тұтқындардың санын бірте-бірте азайтты, режимге қарсыларды, алдыңғы ойлыларды қуғындау бірде бір күн тоқтаған жоқ. Режимнің репрессивтік зор апаратын үстауға бюджеттің 7-10%-ы, ал білім саласына бюджеттің 5-6%-ы ғана жұмсалды. Бұл аппарат өмір сүріп отырған тәртіпті өзгертуге ұмтылудың қандайы болса да аяусыз басып отырды. Тұтқындар мен айдалғандарды қатал жазалау, демонстрацияны күштеп тарату, көтеріліске шыққан жүмысшылар мен студенттерге қарсы қару қолдану және басқа зорлық-зомбылықтар халық көпшілігінің наразылығын басудың кәдуілгі айла тәсілдеріне айналды.

Франкизм түсында Испанияның барлық сот жүйесі согыс кезіндегі төтенше зандар негізінде әрекет етті. 60-шы жылдардың ортасында жүргізілген кейбір реформалар ешқандай түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ, 70-ші жылдардың басында өкімет бұрынғы заң әдісіне қайта оралуды жөн санады. Режим оппозицияны басу үшін елдің кейбір аудандары мен территорияларында төтенше жағдай енгізуді бірнеше рет пайдаланды: 1962, 1963, 1968, 1969, 1973, 1975 жж. Осы жылдары солшыл партиялар мен үйымдар қатаң репрессияға ұшырады. Бұл ұйымдардың мүшелері үшін 20-30 жылдық түрме жазасы кәдімгі «әдетке» айналды. 70-ші жылдардың ортасывда «терроризммен күрес жөніндегі» төтенше заң негізінде «ерекше қауіпті қылмыс» үшін өлім жазасы қалпына келтірілді. Осылайша, режим өзі өмір сүрген жылдары испан қоғамын «жеңгендер» мен «жеңілгендер» деп. бөліп, өзінің қарсыластарына қарсы азамат соғысын жүргізуін тоқтатпады.

Терроризм мемлекеттік саясат дәрежесіне дейін көтерілді. Бүкіл елде бостандықтың барлық түрі жойылды, оның ішінде аз ұлттардың автономия құру құқылығы; кәсіподақтар мен саяси партиялардың заңсыз деп жариялануы т.б. Елде қалыптасқан саяси және мемлекеттік жүйе режим мен оның институттарын сақтауға бағытталды. Ол режимді республика құлаған соң 1939 жылы Испанияның үстем тобы қүрған болатын. Олар Франко өлген соң тарихи аренадан кетті.

Диктатураның өмір сүрген алғашқы кезеңінде оның басқару қүрылымы мен әдістерінде герман нацизмі және итальян фашизмінің саяси мен рухани ықпалы айқын көрінді. Франконың өзі мен режимнің басқа лидерлері өз режимдерінің Европадағы басқа фашистік режимдермен ұқсастығын жасырмады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында фашизм талқандалған соң франкистік режим өзгерген ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделе бастады. Франкизм идеологтары оны ұлттық традицияны сақтаған Испанияның өзіндік даму жолы, «демократияның бір бөлігі», «өзгертулерге ашык бағыт алған» деп сипаттады. Франкистік режим өзінің соңғы кезеңінде испания үшін фашистік типтегі реакциялық диктатураға айналды.

1939 және 1970 жылдардағы режимнін арасында айырмашылық болғанымен, олардың көп ұқсастығы бар еді, атап айтқанда саяси, заң, атқару, сот және әскери билік диктатураның өмір сүрген барлық кезеңінде Франконың қолында болды. Франко үкіметтің қызметінің барлық бағыттары мен нормаларын анықтауда, декреттер мен зандарды бекітуде, әскери және азаматтық шенеуніктерді, кортес пен муниципалитеттердің депутаттарын тағайындауда барлық билікке ие болатын. Ол мемлекет басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы, жалғыз саяси партия — Испан фалангасының, ол күйреген соң режимнің барлық жақтастары біріккен «Ұлттық қозғалыс» партиясының каудильосы болды. 1973 жылға дейін барлық қүрылған үкіметтің Франко басшысы болды. 1969 жылы кортестің төтенше сессиясы мемлекет басшысының мирасқоры етіп, 1931 жылы революция қүлатқан король Альфонс ХІП-нің немересі Хуан Карлосты тағайындауы да, ал 1973 жылы адмирал Карреро Бланконың премьер-министр болуы да Франконың абсолюттік билігін шайқалта алмады.