Ирак тарихынан мәліметтер

Соғыстан кейінгі кезеңде қоғамдық өмірдің жалпы демократизациалануы Иракта 1940 жылдың соңында ұлт-азаттық қозғалыстың өрленуіне негіз болды. Шаруалар , жастар, прогресшіл интеллегенция және ұлттық буржуазияның саияи өмірдегі белсенді белсендігі арта түсті . Сонымен қатар , жұмысшы тобының, кәсіподақпен Ирак камунистік партиясының рольі өсті.

Соғыс жылдарында бірқатар патриоттық партиялар, елдердің ішінде халық Партиясымен Ұлттық бірлік партияларда болды.Бұл екеуіде интеллегенция, оқушылар, ұсақ саудагерлермен қолөнершілер арасында ықпалды болды .халық партиясын Азиз Шериф , Ұлттық бірлік партиясы – Абдель Фаттах Ибрагим басқарды.

1946 ж сәуірде Ирактың Ұлттық – демократиалық партиясы құрылды, ол интелегенцияның және қаладағы ұсақ буржуазияның мүдделерін қорғады. Либералдар партиясы мен Тәуелсіздік партиясы құрылды. Либералдар партиясы- либералды помецехтер мен ірі буржуазия өкілдерін біріктірді саны аз болғанымен парламентте және деревнияларда ықпалды болды . Тәуелсідік партиясы ұлтшыл кеңес күйдегі ірі буржуазия мен феодалдар партиясы болды. 1946ж бастап Күрдістанның демократиялық партиясы өз қызметін бастады.- күрд халқының мүдесін қорғады.

1946ж 23 ақпанда Тауфих аз –Суведи алғашқы кабинетті құрды. 1947ж наурызда саяси регрресия жағдаиында парламенттік сайлау өтті.1948ж қаңтар айында қол қоиылған тең құқықсыз ағылшын –Ирак келісімі маңында күрес бастады . Ол келісім 1930 ж келісімді қайталады.Ағылшындар бұрынғыдай Ирак қарулы күштерінде бақылауын сақтады. Бұл келісім елде наразылық тудырды.

Бұқара халықтың бас көтеруі нәтежиесінде үкімет бас көтерді олардың талаптарымен келісуге мәжбүр болды .1948 ж наурыздан бастап көтеріліске қатысушыларға қарсы қуғындау басталды. 1948ж мамырда басталған арап –израиль соғысына байланысты елде әскери жағдаи енгізіліп, генерал – монархист Нури Саид опазидцияға қысым жасады.

1950ж басында бүкіл араб әлемінде ұлт- азаттық қозғалыс өршіді , оның салдарынан Иракта патриоттық қозғалыс жанданды.Көптеген жаңа саяси ұйымдар құрылды.

Үкіметке қарсы бас көтерулер салдарынан 1944ж парламент тарапынан парламенттік сайлау өткізу жоспарланды. Парламенттік сайлау барысында Британдық әскери- саяси , экономикалық бақылауын жою, демократиялық қайта құру және тәуелсіз сыртқы саясат жүргізу ұрандары көтерілді. 1954ж тамызда жаңа сайланған парламент тарапына барлық саяси партялар қызметіне тиым салды. Елде ашық әскери диктатура режимі орнады.

Монархиялық Ирак көршілес мұсылман мемлекеттерінің реакциялық режидерімен жақындасуды бастады . 1955ж Англяның белсенді түрде қатысуымен Ирак ,Иран ,Туркия, Пакистанның қатысумен Бағдат пакті (СЕНТО) әскери-саяси одағы құрылды. 1955ж ағылшын- ирак келісіміне сәйкес Англия Иракта өзінің әскери саяси бақылауын сақтады.Таяау және орта Шығыстағы агрессивті сехушыларына тартты , бұл Ирак халқының наразылығын туғызды.

1954ж Ирактың саяси күштері арасынан ПАСВ,БААС партясының ұлттық бөлімшесі ерекшеленіп шықты. Олр халық арасында танымал болды.

1957ж ақпан айының басында Ұлттық Демократиялық партия ,Тәуелсіздік партиясы, ПАСВ,Компартия Ұлттық бірлік маиданына бірігу туралы шешім қабылдады. Оның бағдарламасы патриоттық ұйымдар мен әскери «Еркін офицерлер, »арасында қолдау тапты. Генерал АКХасем және полковник А.С Ареф бастаған Ирак әскерлері билік басындағы режимге қарсы шықты.

Әскери көтеріліс Ұлттық Бірлік Маиданымен келісіліп басталды. 1958ж 13 шілдеде 14-не қараған түрі король Феисал 2 мен премыр- министір Нури Саид Туркияның Ливанға қарсы интервенциясына Ирактың қосплатындағы туралы келісімді жалау үшін Бағдаттан Стамбулға қарай ұшатын уақытта басталды.

Әскерлерді азаматтық халық қолдады. Көтерілісшілер Иракты тәуелсіз республика етіп жариялады.

Республикалық үкімет жоғары офицерлер мен ҰБМ өкілдері кірді. Ирактың Бағдат пактінен шығуы , әскери базаларын жою туралы жарияланды.Ел басы А.К Касем болып тағаиындалды. 26 шілде күні уақытша конститутция енгізілді . Мемлекет басында призидент болды., және ол жоғары заң шығарушы оргон ревалюциялы басшылықтың Ұлттық кеңксінің де төрағасы болды. Атқарушы билік Министірлік Кеңесінің қолында болды, оның мүшелерінпризидент тағаиындады.

1958ж шілде оқиғаларын отаршылдыққа қарсы ұлттық революция деп сипаттауға болады.Ол манархияға қарсы опозициялық күштердің бірлігі, бұқара халықтың қатысуы нәтежиесінде жеңіске жетті.

1958ж кеиін елдің саяси өмірінің мәні екі ықпалды ПАСВ және Ирак компартиясының қызметі аиқындады. Екі партияның мақсаты бір болды; ұлттық социялизмді құру.

1958ж 30 қыркүйекте аграрлық қайта құру туралы заң жарияланды. Бұл заңды жүзеге асыруда шаруалық одақтар белсенді түрде қатысты.

Үкімет өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын да ұсынды.

1958ж 18 шілдеде Ирак пен КСРО арасында дипломатиялық қатынастар қалпына келтірді. 1958ж 11 қазанда КСРО мен Ирак арасында келісімге қол қоиылды, оның шарты боиынша Ирактың дәстүрлі тауарларының орнына кеңес одағы машиналар мен құрал- жабдықтарды экспорттауға мінднттенді . Осыдан кеиін екі ел арасында экономикалық және гумаитарлық бағыттан , жеңілдетілген несие мен қорғанс тапсырыстары жөнінде келісімер жасалды.

Үкіметтің осы бағыты компрадалық буржуазия мен феодалдық реакциясының наразылығын тудырды. Осындай саяси жағдаида Касеси жеке диетатурасын нығаита түсті , бұның саяси одақтастарынан аирылды .ПАСВ, ДАН және Ирактық насыршылдар Касемді қолдаудан бас тартты , олар бірігіп үкіметке опозитциялық Социолистік блокты құрды. 8-10 ақпан күні Касемнің саяси қарсыластары әскерге сүйене отырып , мемлекеттік төңкеріс жасады.

Төңкрістің нәтежиесінде биліктің жаңа оргондары құрылды – рево люциялық басшылықтың Ұлттық Кеңесі мек үкімет . Маңызды орындарда ПАСВ өкілдері болды .Абдель Салям Ареф- призидент , ал Ахмед Хасан әл Бахр – пример –министр болды.Бірақ Социолистік билік ішінде қарама- қайшылықтар шиеленсе бастады.

Жаздың ортасына таман саяси партиялар мен топтар ПАСВ пен қызметтен бас тартты.

Үкіметтің экономикалық саладағы іс шаралары ұлттық буржуазия мен шет ел компартиялардың наразылығын тудырды. Ұлттық буржуазия елдегі кәсіпорындарын жауып , капиталын шетелге жібере бастады , оның салдарынан жұмыссыздық өстті. Шетел компаниялары да иракпен сауданы қысқартты .КСРО т.б. социолистік елдермен экономикалық баиланыстар қысқарды.

ПАСВ ішінде екі топқа бөлініп кетті . Бұл жағдаимен А.САреф тобы қолданып 18 қараша 1963 ж мемлекеттік төнкеріс жасады.А.С.Ареф призиденттікке келді ал 1966ж ал авиоапатта қайтыс болғаннан кейін оның інісі генерал Абдель Рахман Ареф призиден болды .1958ж революцияға қатысушылардың көпшілігі тұтқындлды, ал күрдтерге қарсы әскери қимылдар жалғастырылды.

А.Р. Ареф үкіметінің алғаш бағыты елдің ішінде де сыртындада қолдау таппады. 17 шілде 1968 ж ПАСВ және әскери Афицерлері мемлекеттік төңкеріс жасап билікті өз қолына алды. Ареф тұтқындалып елден қуылды, призиденттік билік ПАСВ партиясының жетекшісі Ахмед Хасан Аль Бахрге өтті.

Төңкерістен кейін ПАСВ қайиа құрулар жүргізді , жаңа партиялық басшылық құрылды, оның құрамында 5 адам болды , осылардың ішінде белседі роль атқарған әскери офицер Саддам Хусейін еді.

16 шілде 1970ж жаңа уақытша Канституция қабылданды , ол бойынша Ирак халықтық демократиялық республика болып жарияланды. Мемлекеттік биліктің жоғары органы Революциялық Басшылық Кеңесі, ал атқарушы билік Министірлер Кеңесінің қолында болды.РБК- ң төрағасы әрі президент А.Х.Аль –Бахр болды.

1972ж «Ирак петропеум компани» мүлігі ұлттандыру туралы шешімінің қабылдануы 1972ж ірі оқиғаға айналды.1975ж соңында барлық көздері ұлттандырылды .1972ж сәуірде КСРО мен Ирак арасында достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қоиылды.

1970ж мамырда жер қайта құруы туралы заң қабылданды.

Маңызды әлеуметтік іс-шаралар да жүргізілді . 1970ж еңбек туралы заң қабылданды 1971ж әлеуметтік және зеинеттік қамсыздандыру туралы заң жарияланды.

1979ж 7 шілдеде Аль- Бахр мемлекетпен әскердегі барлық қызметтерінен босатылды. Ол ауырғандығынан отставкаға шықты. Призиденттік билік Саддам Хусейнге берілді.

Ол призидент , пример-министір , РБК- төрағасы , қарулы күштер қолбасшысы , партияның бас хатшысы болды.

Билік басындағы партия мен оның жетекшісінің басты мақсаты- толық идиеологиялық, саяси әкімшілік бақылау орнату болды.1979 ж Ирак камунистік партиясының қарсыластығын жатып елде бір партиялық жүйе орнады.

С.Хусеиіннің тоталитарлық режимі ұзаққа созылған иран-ирак және 1991ж ирак үшін ауыр болған Парсы Шығанағындағы соғыс жылдарда қалыптасты. Иран- Ирак соғысы жылдарында Бағдаттың сыртқы қарызы 80 млрд. Дол. Жетті С.Хусеин тез арада шағын әрі бай Кувеитті басып алу арқылы бұл мәселені шешуді көздеді . Сол мақсатта 1990ж 2 тамызда Кувеитке басып кірді.