Сақиналық топология

Сақиналық топологияда жұмыс желiлерi станциялары бiр-бiрiмен шеңбер бойымен байланысқан, яғини 1-жұмыс станциясы 2-жұмыс станциясымен, ал 3-жұмыс станциясы 4-жұмыс станциясымен және т.б. байланысқан. Соңғы жұмыс станцияциясы бiрiншiсiмен байланысқан. Коммуникациялық байланыс сақинаға тұйықталады .

Бiр жұмыс станциясынан келiсi станцияға кабельдерді өткiзу қиын, әрi қымбат болуы мүмкiн, әсіресе егер жұмыс станциялар георгафиялық жағынан сақинадан алыс орналасса (мысалы, сызық бойымен).

Мәлiметтер әрдайым шеңбер бойымен айналып жүреді. Жұмыс станциясы алдын-ала сақинадан сұранып алып, берiлген ақпаратты ақырғы мекенжайымен жібереді. Көптеген хабарламаларды “жолға” кабельдi жүйе бойымен бiрiнен кейiн бiрiн жiберуге болатындықтан, хабарламаны жiберу өте нәтижелі болады. Барлық сақиналы станцияларға сақиналы сұранымды өте оңай жiберуге болады. Ақпаратты беру уақыты есептеу желiсiне енетiн жұмыс станциялар санымен пропорционалды түрде үлкейедi.

Сақиналық топологиясының негiзгi проблемасы — ол барлық жүмыс станция ақпаратты тасымалдауда беделдi түрде қатысу керек және сол станциялардың бiруi iстен шықса, бүкiл желi парализацияланады. Кабелдік жалғаулар жеңіл түрде қалпына келтiрiледi.

Жаңа жұмысшы станция қосу – желi жұмысын қысқа мерзiмге жұмыс iстеуiн тоқтатуды талап етеді, өйткенi орнату кезiнде сақина ажыратылу қажет. Есептеу желiлерiнiң ара қашықтығына шек қойылмайды, өйткенi нәтижесiнде ол екi жұмыс станцияның ара қашықтығымен анықталады.

Сақиналы топологияның арнайы формасы болып логикалық сақиналы желi болып табылады. Физикалық тұрғыдан ол жұлдызды топологиялы бiрiктiру ретiнде орнатылады. Жеке жұлдыздар кейде “хаб” деп аталатын арнайы коммутаторлар (Hub – концентратор) арқылы қосылады. Жұмыс станцияларының саны мен олардың арасындағы кабель ұзындығына тәуелдiлiк арқасында активтi және пассивтi концентраторлар пайдаланады. Активтi концентраторлар қосымша 4-тен 16-ға дейiн жұмыс станцияларын қосатын күшейткiштерi бар. Пассивтi концентратор тек қана тармақталу құрылғысы болып табылады (максимум 3 жұмыс станциясына).

Жеке жұмыс станциясын басқару кәдiмгi сақиналы желiде сияқты логикалық сақиналы желiде де өтедi. Әрбiр жұмыс станциясына сәйкес басқаруы берiлетiн (үлкенне кiшiге және ең кiшiден ең үлкенге) мекен-жайын меншiктейдi. Бiрiгудiң бөлiнуi тек қана төмен орналасқан (жақын орналасқан) есептеу желiсiнiң түйiнiнде ғана болады, сондықтан кейбiр жағдайларда ғана бүкiл желiнiң жұмысы бұзылуы мүмкiн.