Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыздар, олардың жалпы сипаты, саны, сапасы. Байырғы қазақ тіліндегі дауыссыз фонемалар мен қазіргі қазақ тіліндегі дауыссыздар. Орыс тіліндегі дауыссыз фонемалардың саны, сапасы. Қазақ тілі дауыссыздарына қатысы: ұқсастық, алшақтықтары. Дауыссыздардың жіктелуі. Дауыс, салдырдың қатысына (айтылымына) қарай үнділер (л, м, н, ң, р, й, у), ұяңдар (б, г, ғ, д, ж, з, в) және қатаңдар (п, к, қ, т, ш, с, ф, х, һ, ч, ц) болып бөлінетіні. Бұларды білудің маңызы. Дауыссыз фонемалардың жасалымына (артикуляциясына) қарай ерін (б, п, м, у, в, ф), тіл және көмей (һ) болып бөлінуі. Бұларды нақты білудің маңызы. Қос фокусты (ж, з), аффрикат (ц, ч) фонемалар. Айтылу (ауа) жолына қарай дауыссыздардың шұғыл (б, п, т, д, к, қ, м, н, ң, ц, ч), ызың және діріл (р) болып бөлінуі. Оларға тән ерекшеліктер. Дауыстылар қоршауындағы шұғылдардың айтылуындағы ерекшеліктер. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу, жазылуына байланысты кездесетін түрлі ерекшеліктер. Ахмет айтатын тоң дыбыстар, олардың қолданылуындағы ерекшеліктер. Тілдегі фонемаларды анықтауға қатысы. Кірме сөздерде ғана кездесетін дауыссыздар. Қазақ тілінде диалектілік көріністің, әдеби тілге қатысы.