«Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме

Windows ортасында пернелер  тақтасының көмегімен   жұмыс істеуге болады,  бірақ  «тышқан» тетігінмен басқарылатын   графиктік сілтемені   (Point)  немесе олардың  комбинацияларын (бірге) қолдану  өте тиімді. Сол бетімен «тышқанды» жылжыту экран   бетіндегі  тышқан сілтемесінің, яғни курсорының жылжуымен сай келеді.

«Тышқан»   тетігінің  екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен (көбінесе) оның сол жақтағы,  ал анда-санда   оңжақтағы  батырмасы  пайдаланылады. «Тышқан» тетігінің  ортағы  батырмасы (егер бар болса)  Windows ортасының тек    кейбір программаларымен жұмыс істеуде   пайдаланылады.

«Тышқан»  тетігімен  ең негізгі   операция – экран бетімен курсордың (сілтеменің) қозғалуы  болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол өздігінен ешқандай   әрекет-амал   орындамайды.

Келесі операция – шерту  (Click).   Бұл операция сілтемені   экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады,    мысалы,  сілтемені   графиктік элементтің   белгішесіне жеткізіп, шерту  операциясын   орындауға болады. Шерту деп тышқанның  сол жақ  батырмасын   бір рет басып, қайта  жылдам  қоя беруді айтады.    Жоғарыда   айтып  өйткеніміздей,   Windows жүйесінде   әдетте   жұмыс істеу   кезінде   негізінен тышқанның   сол жақ  батырмасы   кеңінен қолданылады. Сондықтан,  алдағы уақытта, тышқан  батырмасын   жай шерту  дегеніміз —  тышқанның сол жақ  батырмасын  басып жылдам қайта қоя  беру.

Бұл әрекет  меню  пункттерінің   бірін   таңдау, объектілерді   белгілеу немесе жол   курсорын   қалаған   орынға  жедел   көшіру   кездерінде  және терезелерді   екпінді етіп жұмысқа   қосу кезінде   және т.б.  қолданылады.

Тышқанмен орындалатын күрделі  операцияға оның сол жақ   батырмасын   жылдам  түрде екі рет шерту әрекеті жатады (Double-click). Оның жұмыс істеуі негізінен тышқанды жай   шерту   әрекетіне   өте ұқсас, яғни тықшан  сілтемесі   керекті   элементке  апарылғаннан соң, тез арада   тышқанның  батырмасын  екі рет сырт еткізу   қажет болады. Бұл әрекет алғаш   тышқанмен   жұмыс істей   бастаған адамға   күрделі  операция болып табылады. Оның  ерекшелігі   тышқанды екі  рет жылдам  шерту   аралығында    өте аз уақыт   өтуі тиіс,  ол секундтың оннан  біәр бөлігіндей  ғана уақыт.  Егер ол аралықта көп уақыт  өтіп кетсе, онда  Windows жүйесі   бұл әрекетті  жекеленген  екі бөлек    шерту деп түсінеді.  Ал егер  бұл амал   дұрыс  орындалса, онда  Windows жүйесі бірден  белгіленген операцияны (үнсіз келісім бойынша, көбінесе   белгілі бір   программаны,  құжатты екпінді  етіп іске қосу) іске асыра   бастайды.

Келесі операция — тасымалдау (Drag&Drop). Ол терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа  орынға тасымалдайды және терезелердің   ұзындығы  мен  енін өзгертуде   қолданылады. Объектілердің  тасымалдау амалы былай орындалады:  сілтемені  орны   ауыстырылатын элементке апарып,  тышқанның сол жақ  батырмасын  басып,  оны сол басулы күйінде ұстап тұрып,  сілтемені  қалаған жаңа   орынға жеткіземіз, сонан  соң батырманы  қоя   береміз.