Информациялық объектілердің атрибуттарын анықтау

Автоматтандырылған жүйенің сипаттамасын тиімді түрде бейнелеу үшін оны кестелер мен процедуралар жиыны деп қарастырғаннан гөрі түрлі ақпараттық объекттердің жиыны деп қарастырған дұрыс болады. Автоматтандырылған жүйенің нақты сипаттамасынан абстракцияланып, жүйенің ішкі функциялары мен ақпаратарды өңдеу операцияларын икемді түрде көрсетуге мүмкіншілік береді. Бұл объекттерді автоматтандырылған жүйенің ақпараттық моделі деп атайды.

АЖ-ның ақпараттық моделі Мәліметтер базасының құрылымын және негізгі ұғымдарын анықтайды.

Реляциялық мәліметтер қорының базалық жүйесінде өңделетін мәліметтер кестелерде сақталады: белгілі бір объектіге қатысты информация кесте жолдарын құрайды; кесте бағаналары объектіні анықтайтын атрибуттарды білдіреді. Әртүрлі объектке (мысалы, клиенттер туралы информация мен олардың кредиттері туралы ақпараттар) қатысты кестелерде мәліметтердің қайталанып жазылуын болдырмау үшін олар бір ортақ белгілері бойынша өзара байланыстырылады, әдетте ол үшін байланыстырушы белгіден (код) тұратын атрибут қолданылады. Демек, реляциялық мәліметер қоры өзара байланыстырылған кестелерде жазылған мәліметтер жиынтығы. Мұндай реляциялық моделдің негізін 1970 жылдары Е.Ф.Кодд ұсынған болатын. Бұл – берілген кестелерге амалдар қолдану арқылы басқа кестелер анықтауға мүмкіндік береді, демек бұл жағдайда барлық информацияны сақталатын және сақталмайтын түрде екіге жіктеу мүмкіндігі туады, бұл электронды есептеуіш машинаның жадын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.