халықаралық географиялық терминдердің, өзге де кейбір сөздердің топонимдер құрамындағы мағыналық жүктемесі

Қазақ халқының географиялық терминологиясы аса бал болуымен ерекшеленеді. Бұл жүйенің қалыптасу тарихы халықтың тарихымен, мал шаруашылығын ұйымдастыру сипатымен табиғат жағдайларымен, қазақ тілінің құрылымымен тығыз байланысты болғандықтан, оны жеке – дара құбылыс ретінде қарастыру мүмкін емес.

Халықтық географиялық терминдерден топонимикалық зерттеулердегі маңызды белгілі географ, топонимист Э.М. Мурзаев былайша түйіндейді: «Терминдер – топонимикасының негізі, олар графикалық атаулардың мағыналық мағыналық мазмұның анықтайтын белгілі болып табылады… кез келген топономикалық зерттеу халықтық географиялық терминдерді талдаудан басталуы қажет және қазіргі, сол сияқты түбірлі (субстратты) жергілікті топономия міндетті түрде ескертілуі қажет». Осы тұжірымды басшылыққа ала отырып, қазақтың жер – су аттарын зерттеу олардың мағыналық жүктемесін ажырату ісін халықтын және жергілікті географиялық терминологияның кейбір ерекшіліктерін талдауға болады.

Бай халық қазынасының осы күнге дейін зерттеулер назарын аударып, халқымыздың ғылыми тілінің жасауына негіз болуының өзін тарихи феномен деуге болады. Бұл жөнінде 1916 жылы шығатай тілінде жарық көрген «Тауартх – и хамса – йи шарқит» кітабында Қ.Халил былай жазған: «Менің өте таң – тамаша болатыным қазақ оқымаған халық деген лақап айтылады. Ал жағрафия, астрономия сияқты атауларды пән оқымай білуге қиын соғатын жердің бірлігін айырып, соған дәлме – дәл ат ат қойып сөйлейді.

Қазақтың географиялық терминдерінің ғылыми әдебиеттер бетінде жарық көруіне Орыс Географиялық қоғамы ұйымдастырған ғылыми экспедициялардың есептері мен жазбалары белгілі дәрежеге ықпал еткен. Қазақ жеріндегі герграфиялық атаулар 1863 – 1885 жылдары жарық көрген П.П.Семеновтың «Россия империясының географиялық – статистикалық сөздігіне» де жинақталған. Бұл еңбектің ерекшілігі – топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған. Мұны өзі қазақ тіліндегі жазылу нормасына сәйкес келмегенімен, орыс тілінде оқитындар үшін қазақ терминдерінің айрықшалаудың бір жолы болғанға ұқсайды. Сөздікке терминнің қазақшадан аударғанда мағынасы жақша ішінде берілген. Бұл сөздіктің қазіргі география, топонимика ғылымдары үшін маңызы атаулардың тізімін, мағынасын берумен ғана емес, объектінің географиялық ерекшеліктерін қысқаша сипаттаумен де құнды мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге мағынасы жан – жақты талдауға мүмкіндік береді.

Қазақ терминдерін қарастыруда ХҮІІ – ХХ ғасырларда жарық көрген ғылыми әдебиеттер кеңінен пайдаланылды. Қазақ терминдері басқа түрлі халықтардың географиялық терминологиясының құрамында Э.М.Музаевтың еңбектерінде тапқанды. Халқымыздың географиялық терминологиясы ғылыми көпшілікке насихаттап түсіндіруде Э.М.Мурзаевтың 1984 жылы жарық көрген «Халықтық теографиялық терминдер сөздігінің» маңызы зор. География ғылымдары тұрғысынан қазақ географиялық терминдерін алғаш топтастырып, мағынасына анықтама берген Ғ.Қ.Қоңқаннансвтың зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Қазақ оқырманына бұрын белгісіздеу болып кейбір құнды еңбектер тарихи талқысынан өтіп, бүгінгі заманда жарық көруінің өзі осы құралына арқау болды. Мұндай туындылар қатарына 1602 ж жазылған Қадырғали би Қосымұлына «Жамиат – тауарих» (Жылнамалар жинағы) ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Шанырантты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп – тақиянат өзіме шейін»

Географиялық ортадағы табиғи жағдайларын нақты бейнелеуге топонимдер құрамында болатын халықтық және жергілікті географиялық терминдер себепші болды. Топонимика ғылымында индикатор – терминдер деп аталатын мұндай сөздер тобы физикалық географияның объектілерінің типін, ланшафтық – белдемдік ерекшеліктерін, морфологиялық сипатын, шығу тегін (тенезис)сипаттайды. Осы тұрғыдан алғанда, табиғат жағдайларын сипаттайтын жер – су аттарында жергілікті жердің ландшафтық келбеті бейнеленіп, халықтың географиялық білімі жинақталған.

Ащы.Қазақ халқында бұл терминмен өзен, көл болйларындағы сортанды ойсытарды атайды. Ғали Қонқашбаевтың, түсіндіруінше, мұндай ойыстарда тұз бен ылғал сүйгіш өсімдіктер өседі. Мұндай өсімдік жамылғысы мал үшін жақсы азық болып табылады. Біз осы ерешелігі мен қолданылу («мал ащына жатыр»)сипатына орай, ащына жайылымдық термин ретінде қараймыз. Бұл реттеу тағы бір ескерткіміз келетіні, гидроним құрамында сын есім түрінде кездесетін ащы терминдік сипат алмай, судың қасиетін білдіретін анықтаушы болып табылады: Ащыкөл, Ащыбұлақ,; ал Ащлыөзен формасында жоғарыда айтқан терминдік мәніне ие болады. Мал жайылымы ретінде пайдаланылған ащылардың орналасқан жерлерін қазақ халқы географиялық атауларда бейнелеген; Ащылыайрақ, Ащылы, Ащылыкөл, Ащылысай гидронимдері, Қараащы, Кеңащы, Қызылащы, Үшащы тәрізді жер аттары ащылардың бар екендігін дәлелдейді.

Нақты картографиялық мәліметтер бұл атаулардың жоғарыда аталған терминге сәйкес келетінің байқатады. Құланөтпес жататын Көп өзенінің байқатады саласының бойын оның ортанғы арасында сортанды жерлер алып жатыр. Селеті өзенінің сол жақ саласы болып табылатын Ащылыайтақ өзенінің аңғарында да ащылар таралған. Сонымен:

  • мал шаруашылығы үшін қажетіне орай, «ащы» сөзі ландшафтық терминге айналады,
  • терминді судың тұздылығын білдіретін сын есіммен

шатастырмау қажет;

  • «ащы»сөзінің топонимдер құрамындағы мағаналық жүктемесі

жоғарыда аталған себептерге байланысты әркелкі болады (Ащылыкөл мен Ащылыкөлдің мағынасы екі түрлі).

Бауыр.Сөзінің де географиялықтермин ретіндегі мағынасы мал

шаруашылығының сипаттамасымен анықталады. «Желдерден қорғалған беткен немесе таудың табаны», «желдерден қорғалған тау алды жазығы» ретінде түсіндірілетін бауырлардақазақтар қыс кезіндегі боранды күндерде мал баққан. Қазақтар үшін тау етегінің желден қорғайтын ық жақ беткейлері ғана осы ұғымға ие болған, геграфиялық атау құрамында осындай объектінің сипатын анықтап, бар екендігіне хабар береді. Дегенмен атауларды талдап, мағынасын түсіндіру барысында әркелкі пікірлер айтылады. Мысалы, осы термин негізінде жасалынған Қарабауыр оронимі Ғ.Қоңқашбаевтың сөздігінен, жоғарыда аталған мағынада түсіндірілсе, басқа сөздікте Ақбауыр атауы «баурайы кең» деген мағынада талданады.

Бас. Қазақ тілінде дене мүшесі ретінде «бас» көптеген туынды сөздерге (басты, бастық, бастау, бастапқы және т.б.)негізгі болған. Халақтық географиялық терминологиядағы «бас» ұғымына