Нұралы ханның Хиуа хандығымен қатынасты дұрыс жолға қоя алмауы

Нұралы Хиуа хандығымен қатынасты жолға қоя алмады. Хиуа ханы Қайып Нұралымен жауласып жүрген өз әкесі Бараққа ашық қолдау көрсетті. Жер тапшылығы Жайықтың сол жағасы мен Сырдарияның төменгі ағысы бойынша ғана болып қойған жоқ. XVIII ғасырдың екінші жартысында бұл жерлер қарақалпақтардың Жанадарияға қарай жылжу үрдісі күшейді. Бұл арада олар Жанадария мен Қуандария бойындағы алқапты игеріп, Әмударияның төменгі ағысына дейін жетті. Қарақалпақтардың бір бөлігі Еділдің төменгі ағысына сол жағасына шықты. Қазақпен қаракалпақ халықтарының этникалық және мәдени ортақтығына қарамастан, Кіші жүздің қазақ руларының жекелеген қауымдары мен оңтүстіктегі көршілері арасында шиеленістер пайда болды. 1762 жылы Ералы сұлтан бастаған 20 мыңдай қазақ қарақалпақтарға қарсы аттанды. Өзара қырқыстар барысында қазақ сұлтаны Бура өлтірілді, қазақтың сауда керуені тоналды. Арасына уақыт салған әр түрлі өзара қырқыстарда екі жақта зардап шекті. Екі халықтың тарихи тағдырластығын мынадай жәйіт де дәлелдейді: XVІІІ ғасырдың екінші жартысында бірнеше қазақ сұлтаны қарақалпақтарға хан болды.

1766 жылы Кіші жүз қазақтары бір бөлігінің солтүстік түрікмен жәуміттермен қатынастары шиеленісті, әскери қақтығыстарға Нұралы, Есім, Ералы, Айшуақ хандар араласты. 1767 жылы түрікмен-жәуміттер қазақтардың қоныстарына тағы да шапқыншылық жасады, алайда қазақтар олардың шапқыншылығына тойтарыс берді, ал сәл кейініректе бірқатар қазақ сұлтандары түрікмендерге де хан болды. Көршілес екі халық ұзақ уақыт бойы бір — бірімен шаруашылық байланыс жасап тұрды /11/.

Кіші жүз қазақтары мен башкұрттар арасындағы қатынастар күрделі болмады. Башқұрттардың Батырша басшылық еткен көтерілісі кезеңінде патша әкімшілігі бір халықты екіншісіне айдап салуды қолданды. Татар мырзаларына башкұрттарды тонау ұсынылды. Патша өскерлерінің тегеуірініне шыдамай, 50 мындай башқұрт Қазақстанға көшті. Олардың көпшілігі Кіші жүз шегіне келді. Көтерілісшілер қазақтармен бірігіп, патша өкіметіне қарсы күресті жалғастырмақ ниетінде болған еді.

Орынбор өлкесінің наместнигі И. И. Неплюев қазақтың хандары мен сұлтандарына башқұрттарды ұстап беруді ұсынды. Орта жүз бұл талапты құлаққа ілмеді. Алайда Кіші жүзде Ералы, Айшуақ, Нұралы және олардың төңірегіндегілер башқұрттарға қысым көрсете бастады, қолға түскен башқұрттардың көбі байлар мен сұлтандарға бөліп берілді. Алайда бұған қарама-қарсы мысалдар да болды. Жетіру руының кейбір ауылдарында башқұрттар достық пейілмен қарсы алынды, тіпті шекаралық шептерге бірлесіп шабуыл жасау үшін ортақ жасақтар ұйымдастырылды. Бұл оқиғалар екі халықтың қатынастарына көп жылдарға созылған ізін қалдырды. Екі халық-тың қатынастары Батырша бастаған көтеріліс кезіндегі ұсақ қақтығыстармен немесе оқиғалармен сипатталған емес. Оларды туыстық, шаруашылық және мәдени өзара қатынастардың ондаған жылдары байланыстырып жатқан еді.

Батыс аймақта қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт қатынас қалыптасты, алайда оқиғалардың барысы XVIII ғасырдың 70-жылдарыңда өзгеріп кетті. 1761 жылдың өзінде-ақ Калмақ хандығына мың шаңырағымен торғауыттардың басшысы Церен келіп, тарихи отаны — Жонғарияға қайтып оралуға үгіт жүргізе бастағанды. Церен бұрынғы Жоңғар хандығының орнында ойраттардың тәуелсіз мемлекетін қалпына келтіруді мақсат етті. Үміт қызықтырарлықтай еді, бірақ бастапқыда ол қолдау таппады /12/.

Патша үкіметі калмақ ханының билік құқығын ашықтан-ашық елемей, Убаши ханнан Түркиямен соғысқа қатысу үшін саны айтарлықтай әскер бөлуді талап етті. Ресей қысымының ықпалымен және діни факторларға байланысты Убаши хан мен оның төңірегіндегілер қоныс аударуға біртіндеп ойыса берді. Жоспар мейлінше құпия ұсталды, оның үстіне бұл кезде қалмақтардың башқұрттармен, қазақтармен және Солтүстік Кавказ халықтарымен қатынастары өте шиеленіскен жағдайда еді. 1771 жылдың қаңтарында Убаши хан Іле өлкесін иелену мақсатымен Жонғарияға көшу туралы бұйрық берді. Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша, Еділдің оң жағасында қалған 11 мыңнан астам шаңырақты есептемегенде, қазақ даласы арқылы кеткен қалмақтар саны 30 мыңнан 33 мыңғадейін шаңырақ болған.

Қалмақтар Жайықтан өтіп, өз табындарымен Жемді бойлай жүрді. Бұл жерде Жаманқара бастаған қазақтар қалмақтарға қарсы шықты, бірақ тойтарыс тапты. Бұл жөнінде Убаши хан қазақ ханы Нұралыға: «Қалмақтар қырғыз-қайсақтармен жалпы тату тұрды, ал енді олар қалмақтарды ренжітпеуге тиіс», — деп жазды.» Алайда Жем өзенінде және Мұғалжар тауларында Нұралы ханның жасақтарымен қақтығыстар кезінде калмақтар зор шығынға ұшырады. Патша үкіметі қалмақтарды қайтару үшін асығыс әскер отрядын жіберді. Алайда генерал Траубенбергтің отряды қалмақтардың қазақ даласынатереңдеп өтіп кеткенін сылтау етіп,оларды қууға онша күш салмады. Сол арқылы патша өкіметінің арандатушылық рөлі айқын көрінді.

Солтүстік Балқаш өңірінде, Мойынты өзенінің бойында қалмақтарды Абылай бастаған жасақ, Нұралы ханның, Орыс, Әділ сұлтандардың жасақтары қоршап алды. Үш күндік уақытша бітім туралы уағдаластық жасалды.

Үшінші тәулік бітуге жақындағанда Убаши өз жауынгерлерімен қоршаудан шығып, Балқашка қарай ілгерілей бастады. Сонан соңолар Қастек, Каскелең ауданына өтті. Қалмақтардың Танжи тайшы бастаған, 20 мың жауынгерден тұратын екінші бөлігі Балқаштың солтүстік жағалауымен, Аягөз, Лепс өзендері арқылы жүрді. Алайда оларды өкшелеп келе жатқан казақ әскерлер оларды зор шығынға ұшыратты, соның салдарынан Қытай шекарасына қалмақтардың болмашы бөлігі ғана жетті. Жалпы алғанда, Қытай шегіне Еділді төменгі ағысынан шыққандардың оннан бір бөлігі ғана кірді. Шекарадан өткеннен кейін қалмақтар әр түрлі қауымдарға бытыратылып жіберілді, олар бір кездегі каһарлы Жоңғарияның бұрынғы жауынгерлік рухынан әлдеқашан-ақ айырылған еді.

Тарихи әдебиетте қалмақтардың соңғы көшуі теріс түсіндіріліп келді, оңда ол қорғансыз, қаруланбаған, бейбіт көш деп көрсетіледі. Шынына келгенде М. Мағауиннің деректері бойынша, көшіп шыққан 170—180 мың қалмақтар арасында жақсы қаруланған және жақсы дайындықтан өткен, ұрыска сақада сай 40 мыңнан астам жауынгер болған. Екі халықтың екі ғасырлық соғыс тағ таласын ескерген қалмақтардың қазақтармен алда соғыс қақтығыстары бол; тынын білмеуі мүмкін емес еді. Сондықтан Абылай бастаған қазақ сұлтанда- рының табысын «…Жоңғар-қазақ соғысындағы казақтардың түпкілікті жеңіс деп карастыру керек.

Алайда Нұралы ханның қазақ сұлтандарының көмегімен соғыста жеткен табыстары, патша әкімшілігінің алдында жағымпаздануы оның қазақ коғамын- дағы жағдайын өзгертпеді. Кіші жүздегі саяси билік дағдарысы айқын болды.

Нұралының жағдайы жөнінде губернатор О. А. Игельстром 1785 жылғы хабарламаларының бірінде казақ аксақалдарының ой-ниеттері туралы былай деп жазған: «Олардың бірден-бір тілегі қазір өздерінің жалпы халыктық игілі мен тыныштығы үшін Нұралы ханды олардын халқын басқарудан тайдыру болып отыр. Олардың депутаттары бүкіл қоғам атынан маған осы өтініш ауызша растап берді. Мен бар мүмкіндігімді салып, оларды ханмен татуласты- руға тырыстым, бірақ ешқандай үгіт оларды басқаша ойға келтіре алмады. Олар маған қазір өздерінің бағынуға берген антын ескере отырып, ханға қарсы өз тілектеріне оңай жетуге болатындай шаралар қолданудан тартынып отырғанын хабарлады».

Сонымен Нұралы хан өзі билік еткен жылдар ішінде мемлекет қайраткер қасиетін көрсете алмады, әдетте ол оқиғалардың жетегінде кетіп, өз тарапынан ешбір өзгеріс енгізе алмады.