ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемелекет проблемасы

XVIII ғасырдың екінші жартысында казақ коғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді. Жаңа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде бұл мәселе түйінді мәселелердің бірі болып келді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі салушы күштер басым бола бастады. Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өзінде де билік таласы асқына түсті. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары болды. Сайлаудың өзі «бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның үйінде өтті… Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні тарап кетті». Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық тағайындалды.

Нұралының саяси қайшылықтары осыдан кәрінді — ол қазақ хандарынан бұл атаққа бірінші болып бекітілді, сондықтан да өз қызметінде патша үкіметіне толық тәуелді болды. Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар мен ру аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған жылдарға созылды, соның салдарынан ру шонжарларының Нұралы билігін шектеуге әрекет жасауы тыйылмады.

Нұралы тіпті Кіші жүздің өзінде әкесінің барлық иеліктерін сақтап қала алмады. Шектілер Батырды өздерінің ханы деп мойындады. Нұралының інілері Айшуақ пен Ералы тәуелсіз болуға ұмтылды. Сырдарияның төменгі ағысын-дағы коныстарды иеленген Ералы өзін Нұралыға тәуелсізбін деп сезінді.Батыр сұлтан өзіне бағынышты рулармен Сырдарияның төменгі ағысы мен солтүстік Арал өңіріндегі жайылымдарды иемденді. Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін оны хан деп жариялауға әзірлік жасалды, олар формальді түрде оны жариялады да, оның иелігіне шекті, шөмекей, төртқара рулары ауылдарының бір бөлігі қарады. Батыр ханның баласы бір кездерде Хиуаның ханы болды.

Нұралы ханның ішкі жағдайы да тұрақты болмады. Оның беделі едәуір дәрежеде елдің ақсақалдарымен қатынастарға тәуелді еді. Батыр ханмен бақталастық қауіпті болды, сондықтан Нұралы сырттан қолдауды қажет етті. Оған Хиуа да, Бұхара да мұндай қолдау көрсетпеді. Сөйтіп бұл жағынан ол патша әкімшілігіне иек артты. Сонымен бірге Нұралы алғашкы кезде өзінің барлық қазақ жүздерінің аға ханы болып сайлануы туралы қияли ойға берілді. Нұралының мұндай көтерілуіне қазақ хандары мен сұлтандары тарапынан да, патша өкіметі тарапынан да нақты қолдау жасалмады. Нұралы ханның парлары және олардың нақтылығы жөнінде тарихшы М. П. Вяткин иеліктерінің патшалык Ресейге вассалдық қатынастарын нығайтуға ғана жетті, бірақ феодалдық негізде қазақ хандығының бірігуін қайта жаңаруына жете алмады»,—деп дұрыс атап айтқан. Шындығында, Нұралының би иеліктері Жем мен Жайықарасында көшіп жүретін қазақтармен, байұлы және жетіру руларымен ғана шектелді. Кіші жүздегі саны мейлінше көп және ықпалды әлімұлы рулық бірлестігінің көпшілік бөлігі Нұралыға тәуелсіз болды. Ықпалды шекті руы да одан аулақтап кетті.