Тағатұмсықты жарқанаттар тұқымдасы және олардың туысы

Өкілдерінің тұмсығының алдыңғы бөліміндегі тері қатпары күрделі құрылысты, сырттай қарағанда тағаға ұқсайды. Ол танау тесіктерін алдына, екі бүйірінен және үстінен қоршап тұрады. Құлақ қалқандары жапырақ тектес, жұқа, кез- келген бағытта қозғала алады. Оның ішінде тері өсінді- түйме болмайды. Құйрығы жан-жағынан жарғақпен көмкерілген, ол отырған кезде арқасына қарай түріліп жатады. Ультрадыбыстарды мұрын арқылы шығарады. Төсінде екі емшегі бар; сол сияқты шатының арасында да емшек тәрізді қос өсінді болады. Оған жаңа туған балалары жабысып тұрады. Қазақстанда үш түр кіретін бір ғана туысы бар.

Тағатұмсықты жарқанаттар туысы.

Ол  кіші тағатұмсық жарқанат. Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 30-42 мм, салмағы 5,1 – 10,8 гг. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 42 мм-ден аспайды. Қанаты жалпақ. Арқа түсі- қоңыр күлгін, бауыры ақшыл, ұшу жарғағының түсі- қоңырқай. Басқа тағатұмсықтылардан айырмашылығы дене мөлшері кіші. Ұшу бағытын жиі- жиі өзгертіп жемін аулайды. Өте сезімтал. Топ-топ болып жиналып тұрған жеріне адам жақындағаннан-ақ бірден дүр етіп ұша жөнеледі.

Таралуы мен сан мөлшері. Батысы Ирландиядан бастап Кашмирге дейін тараған. Қазақыстанның оңтүстігіндегі Өгем, Қоржынтау, Талас жоталарында кездеседі. Сан мөлшері онша көп емес.

Биологиясы. Тауларда әртүрлі үңгірлерде, күмбез, сарай қуыстарында жиі қоныстанады. Жазғы және қысқы қоныстары бір- бірінен 20-30 шақырым қашықтықта орналасқан. Үңгірлердің қабырғасы мен төбесінде әр-әр жерде бастары төмен салбырап, қанат жарғақтарына оранып қыстап шығады. Ымыртта ұйқысынан оянып, азығын- насекомдарды аулауға кіріседі. Жылына бір рет көбейіп, маусым- шілде айларында бір ғана сорғыш шыбын- Nycteribia integra табылған.

Халық шаруашылық маңызы. Түрлі қансорғыш насекомдармен қоректеніп пайда келтіруі мүмкін. Ғылым үшін үлкен маңызы бар.

Үлкен тағатұмсық жарқанат.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 52-99 мм, салмағы 12,8-23,7 г. Қары сүйегінің ұзындығы 53 мм-ден аспайды. Арқасының түсі сұр теңбілдері бар көгілдір, бауыры ақшыл.Ұшу жарғағы қоңыр сұр, құлақ қалқаны сұрғұлттау. Ерекшелігі – денесі үлкен, ұшқанда қанаттарын жай қағып, 1,5-4 м биіктікте жемін аулайды.

Таралуы мен сан мөлшері. Евразияның оңтүстік аудандарында, Орта Африкада тараған. Батыста Англиядан бастап, шығыстағы- Жапония аралдарына дейін кездеседі. Республикамыздың оңтүстігіндегі тау етектерінде, сонау Маңғыстау түбегінен Балқаш көлінің шығысына дейін мекендейді. Бұл жарқанаттың сан мөлшері жөнінен бізде деректер шамалы, тек Қазақстанның оңтүстігінде біршама бар.

Биологиясы. Тау етектеріндегі өзектердің жағалауларында мекендейді. Үңгірлерде, күмбез шаңырағында жалыз- жарым, кейде 30-40- тан топтанып тіршілік етеді. Қысқа қарай жылы жаққа ұшыып кеткді немесе кей жылдары жазғы үңгірлерінде де қалып қоятын кездері болады. Қараңғы түсе баспаналарынан ұшып шығып, жемін аулауға кіріседі. Қорегі – түн көбелектері, зауза қоңыздары мен шыбындар. Бұлар да қанатына оранып, басы төмен салбырап қыстап шығады. Мамырдың соңында бір ғана жас өсім туады.Оның көздері ашылмаған, денесінің әр жерінде қысқа жүндері болады. Анасының емшегін еме жүріп, өз бетінше қоректенуге біртіндеп көшеді. Үш жаста ғана жыныстық жағынан жетіліп, көбеюге қатысады. Үлкен тағатұмсықтың денесінен әртүрлі кенелер, қансорғыш шыбындар, паразит құрттар табылған.

Халықшарушылық маңызы. Қазақстанда саны аз болғандықтан аса көп зияны байқалмайды. Биологиялық түр есебінде ғылым үшін оның маңызы зор. Олар мекендейтін үңгірлерді сақтап, қорғау жұмыстарын қолға алған жөн.

Бұқар тағатұмсықты жарқанат.  

Сыртқы пішіні. Дене мүлшері ірі, тұрқы 52-60 мм, салмағы 8,3-20,6 г. Қары сүйегінің ұзындығы 49-53 мм. Түсі біріңғай, ақшыл, тіпті ақ десе де болғандай.

Таралуы мен сан мүлшері. Орта Азия мен Қазақстанда ғана таралған. Республикамыздың тек оңтүстік аудандарында ғана кездеседі. Саны өте аз.

Биологиясы. Тек қана үңгірлерді мекендейді. Жазда ұрғашылары топтанып тіршілік етіп, маусым- шілде айларында 1 жас жарқанат өмірге келеді. Қыста терең үңгірлерге жиналып, сәуір айларында оянады. Жерге тым жақын ұшып, жемін аулайды. Негізгі қорегі- түн көбелектері. Тіршілігінің көптеген жақтары әлі белгісіз.

Халықшаруашылық маңызы. Ол туралы мәлімет жоқ.

Жалтыртұмсықты жарқанаттар

Дене мөлшері әртүрлі.Құлақ қалқанының ішіндегі түйме жақсы жетілген. Улььтрадыбыстарды аузы арқылы шығарады. Бірқатар түрлеріінде тепкілерінен құйрық жағына қарай эпиблема деп аталатын тері өсінді өсіп шығады. Тұқымдас өкілдерінің көбі – насеком қоректілер. Қазақстанда 8 туысы мекендейді. Оларға жарқанаттардың 21 түрі енеді.

Тун жарқанаттар туысы.

Сыртқы пішіні.қазақстанда мекендейтін жарқанаттардың ең ірісі. Дене тұрқы 62-73 мм , салмағы 16,2 -33 г, қары сүйегінің ұзындығы 52,8-61,9 мм.Арқасы көкшіл сұр немесе қара сұр бауыры сұр. Жүні ұйпақ- тұйпақ. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі қоңыр сұр, тұмсығы – қызғылт. Әуеде ұшып жүргенде басқа жарқанаттармен салыстырғанда әлде қайда үлкен болып көрінеді.

Таралуы мен сан мөлшері. Солтүстік Африкада, Евразияда тараған. Қазақстанда 1883 жылы Маңғыстау түбегінен Г.С.Карелин кездестірген. Республикамыздың оңтүстігі мен шығысындағы таулы аудандарда – Қаратаудан бастап Тянь-Шянь мен Алтайға дейін таралған. Топтанып тіршілік етеді. Қазіргі кезде Қазақстанда жеті жерде осындай үлкен топтар белгілі; Қаратауда – 2 , Боралдайда, Ұзынағашта, Жаркентте, Андреевкада және Маңырақта бір-бірден. Бұл жерлердегі сандары 250 – ден ондаған мыңға жетеді.

Биологиясы. Қазақстанда тау бөктеріндегі қуыс үңгірлерде, сол сияқты шағын елді мекендерде қоныстанады.Мекендейтін жерлрі шатырлар,табиғи үңгірлер мен олдан жасалған тас өткелдер. Жазда , қыста қоныстарын алмастырады. Бірақ қайда қыстайтыны белгісіз. Түн жануары, 6-7 сағат бойы жемін аулайды. Қорегі –қоңыздар, инелектер, аралар, шегірткелер, көбелектер. Ұшып жүріп насекомдарды қанатымен қағып, бауырына қарай жинап, сонан соң ұстап алып жейді. Көбеюге тамыздан бастап, келесі көктемге дейін қатысады. Шағылысуға қолайлы кезең – күз айлары. Көктемде туған жастары күзде көбеюге қатысуы мүмкін. Қыстаған қоныстарынан наурыздың соңында – көкектің басында қайтады. Жылына бір рет көбеюге қатысып, бірғана өсім береді. Оның көздері ашылмаған, денесінің түсі қызғылт, өте сирек қылшықтары болады, туғанда салмағы 5 граммға жуық, 10-15 куннен соң денесін жүн басып, анасының бауырынан ажырайды. Бір айдан соң өз бетінше ұша бастайды. Жарқанат денесінен кенелер , бүргелер, қансорғыш шыбындар, ішкі паразит құрттар табылған.

Халықшаруашылық маңызы. Көптеген зиянды насекомдарды жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Сонымен қатар, тұрғын және әкімшілік үйлердің шатырында жазда үлкен топ болып мекендеп, қысқа қарай ұшып кеткен соң, кандалалар адамға жаппай шабуыл жасауы да ықтимал. Десе де, үшкірқұлақты жарқанат – қорғауды қажет ететін хайуанат.

Тоған жарқанаты.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 51-73 мм, салмағы 15-22,5 г. Арқасы бозғылт сұр, қара қоңыр. Құлақ қалқанының ішіндегі түймесі қысқалау, ұзындығы құлағының жартысындай. Су қоймаларының үстінде өте төмен ұшып, жемін аулайды.

 Таралуы мен сан мөлшері. Евразия құрылығында – Бельгия, Голландиямен Оңтүстік Швециядан бастап Енесейге дейінгі аралықта тараған. Қазақстанның батысында, солтүстік- шығысында кездеседі. Жазғы тобында саны 10- нан бірнеше мыңға жетеді.

 Биологиясы. Жазық жердегі өзен мен көлдердің маңында тіршілік етеді. Үйлердің шатырында, қабырғаларының қуыстарында паналайды. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша тоған жарқанаты отырықшы, кейде жақын жерлерге қоныс аударады. Кешке қарай баспанасынан ұшып шығып, бірден жақын жердегі су қоймаларына бағыт алады; қалықтай ұшып жемін аулайды. Қорегінің құрамында түн көбелектері басым. Жылына 1 рет көбейіп, 1 ғана өсім береді. Елді мекендерде негізгі жауы – үй мысығы.Халықшаруашылық маңызы. Маса, шыбын- шіркей тәрізді ұсақ қансорғыштары онша ауламайды. Сондықтан да оларды жоюда атқаратын орны онша емес. Десе де ғылым үшін маңызы үлкен. Үлкен тобын қорғап, тіпті бұл түрді Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізуді де ойлану.

Су жарқанаты.

Сыртқы пішіні.дене тұрқы 47 мм, қары сүйегінің ұзындығы 37,7-39,4 мм. Арқас көкшіл сұр, бауыры сұр түсті. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі- көкшіл. Құлақ қалқанындағы түйме кішкентай. Тепкісінде тері өсіндісі болмайды. Су қоймаларының үстімен өте төмен ұшып, ұшу бағытын жиі әрі шапшаң өзгертіп, жемін ұстайды.

Таралуы мен сан мөлшері. Евразияның орталық белдеуінде – Испания мен Франция жерлерінен бастап Камчатка мен Оңтүстік Сахалин аралығында тараған. Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс аудандарында кездеседі.

Биологиясы.Су қоймалары бар орманды тоғайлы жерлерде мекендейді. Ырғай мен қайың қуысында, үңгірлерде тұрғын үйлердің шатырында тіршілік етеді. Көшіп- қонуы белгісіз. Қорегі- майда қосқанаттылар, соның ішінде – масалар. Көбеюі жөнінде Қазақстанда деректер жоқ. Десе де көршілес аудандарда ұрғашылары 2 жаста ғана өсіп- өнуге қатысса, еркектері 11 айда жыныстық жетіліп, шағылысуға дайын тұрады. Жылына бір рет ғана ұрпақ береді. Тіршілігінің басқа жақтары жөнінде мәліметтер өте аз.

Халықшаруашылық маңызы. Сан мөлшері шамалы болғандықтан практикада алатын орны онша емес. Бірақ та ғылым үшін маңызы ерекше.

Үштүсті жарқанат.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 41,7-44 мм, салмағы 8,8-10,6 г, қары сүйегінің ұзындығы 38,8-42,2 мм. Арқасы 3 түсті қылшығының түбі қара, ортасы ақшыл, ұшы – қоңыр. Бауыр жағы – сұрғылт. Жүні жібек тәрізді жұмсақ, бұйраланып тұрады. Тепкісінде тері өсіндісі жоқ. Құлақ түймесінің ұзындығы қалқаның жартысына жуық. Басқа жарқанаттардан ерекшелігі жоғарыда айтығандай түгінің үш түстілігі. Ұшуы шапшаң, оңды-солды, жоғары-төмен бұрылыстары жиі.

Таралуы мен сан мөлшері. Мароккодан Бермаға дейінгі аралықта тараған. Қазақстанда Шақпақ асуы мен Қаратау сілемінде ұсталған. Саны көп емес. Қазіргі кезде белгілі жазғы мекендейтін жерлеріндегі топтарда олардың саны 60- тан асқан емес.

Биологиясы. Қазақстанда шөлді аймақтардағы тау бөктерлерінде қоныстарын аударып, түрлі үңгірлер мен мешіттерде мекендейді. Күн бата жемін аулауға шығады, қорегі- қосқанаттылар мен шегірткелер. Жылына бір рет көбейіп, бір ғана өсім береді. Қазақстанда әлі күнге дейін қыстайтын жері белгісіз. Жарқанат денесінен қан сорғыш шыбын Nycteribia табылған.

Халықшаруашылық маңызы. Сан мөлшері аз болғандықтан пайдасы шамалы., бірақ ғылымда алатын орны ерекше.

Мұртты жарқанат.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 40-49 мм, салмағы 4,5-8,9 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 32-36 мм. Жүнінің түсі арқа жағында ақшыл, сарғыш, бауыры ақ немесе ақшыл сұр. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі- қоңыр, көкшіл сұр. Басқа жарқанаттардан ерекшелігі- дене мөлшері кіші, ұшуы шапшаң, ықшам, айқыш-ұйқыш қалықтап ұшады.

Таралуы мен сан мөлшері. Европа, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда тараған. Қазақстанда көптеген аудандарда, әсіресе, республикамыздың оңтүстік- шығысы мен шығысында көптеп кездеседі. Үлкен топтардың мекендейтін жерлері осы күнге дейін белгісіз. Дегенмен де кездестіру деректеріне сүйенсек, бұл жарқанаттың Балқаш өңірі, Зайсан ойпатындда, сол сияқты Ақтау мен Маңғыстауда сан мөлшері біршама деуге болады.

Биологиясы. Шөлде және шөлейтті аймақтарда, жазық далаларда, тау етектері мен тауларды, елді мекендерде кездеседі. Көбіне күмбездер мен қорғандардың жарықтары мен қуыстарында тіршілік етеді. Күн батып, іңір қараңғысы түсе жемін аулауға шығады. Р.Т.Шаймардановтың бақылауына қарағанда, баспанасынан шыға салысымен- ақ су қоймаларына қарай ұшып, бірден су ішеді. Қорегі – ұсақ насекомдар. Жылына бір рет көбейіп, бір ғана өсім береді. Балқаш өңірінде бұл жарқанат маусымның соңғы аптасында жаппай туады. 18-20 күн сүт еміп, шілденің екінші жартысында өз бетінше ұша бастайды. Денесінде майда кенелер, қан сорғыш шыбындар мен қандалалар паналайды. Тіршілігі жайындағы басқа деректер жоқ.

Брандт жарқанаты. 

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 38,6-48 мм, қолдың қары сүйегінің ұзындығы 34,5-39,1 мм. Арқасы көкшіл, бауыры сұр түсті. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі – қоңыр сұр. Тепкісінде тері өсіндісі жоқ. Құлақ түймесінің ұшы үшкір. Оның ұзындығы қалқанының жартысынан артық.

Таралуы мен сан мөлшері. Палеарктиканың солтүстік бөлігінде Франциядан бастап, Приморье өлкесіне дейін және Сахалин аралында таралған. Қазақстанда тек солтүстік және шығыс аудандарда ғана кездеседі. Алтайда Бұқтырма өзенінің жоғарғы тұсында, Қатон- қарағай елді мекенінен, Бурабай курортынан табылған. Саны аз.

Биологиясы. Таулы, орманды және орманды – далалы жерлерді мекендейді. Түрлі үңгірлерде қыстап шығады. Тіршілігі толық зерттелмеген.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылым үшін маңызы бар.

Иконников жарқанаты.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 37-42 мм, қары сүйегінің ұзындығы 30-33 мм. Арқасы қара сұр, бауыры-ақшыл сұр түсті. Мұртты жарқанатқа өте ұқсас, бірақ дене мөлшері одан кіші.

Таралуы мен сан мөлшері. Оңтүстік Сібір мен Алтайда тараған. Қазақстанда Бұқтырма өзенінің бойында орналасқан Черновинск марал совхозы, Таловка өзенінің бойынан және Қатонқарағай ауданынан ғана белгілі. Сан мөлшері жайында деректер жоқ.

Биологиясы. Таулы ормандарда мекендейді. Жаз айларында жартастардың жарықтарында, ағаштан салынған үйлердің қаптауының астында тіршілік етеді. Биологиясы әлі толық зерттелмеген.

Құлақты жарқанаттар туысы- қоңырқұлақты жарқанат. 

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 42-49 мм, қолдың қары сүйегінің ұзындығы 39-43,3 мм. Құлақ қалқаны үлкен. Желкесінің екі бүйірінде қызғылт дағы бар. Танау есіктерінің үсті жүн басып ісік тәрізді көмпиген. Көздерінің алдыңғы ұзын мұртшалар өскен сүйел тәрізді қос төмпешік бар. Арқа түсі қоңыр немесе көкшіл, бауыры- құм түстес сарғыш. Бұлар мекендейтін жерлерде құлақты жарқанаттардың басқа өкілдері кездеспейді.

Таралуы мен сан мөлшері. Палеарктиканың солтүстік аймақтарында Европаның батысынан Жапонияға дейінгі аралықта тараған. Қазақстанда Алтайда, сол сияқты республикамыздың солтүстік- шығыс, солтүстік- батыс аймақтарында кездеседі. Сан мөлшері жайында деректер жоқ.

Биологиясы. Орманды жерлерді мекендейді. Жаз айларында тұрғын үйлердің шатырын, ағаш қуыстарын паналаса, қыста үңгірлер, жартас қуыстары, үй шатырындағы пеш мұржаларының қабырғаларына жапысып тұрады. Жайлауы мен қыстауы бір – бірінен алыс емес. Негізгі қорегі- көбелектер мен олардың жұлдызқұрттары немесе личинкалары. Соңғыларын ұстауына қоңыр жарқанаттың әуеде бір орында қалықтап тұра алуына байланысты. Қазан- Қараша айларында қысқы ұйқыға кетіп, наурыздың соңы мен сәуірдің басында ойанады. Тіршілігінің басқа жақтары ғылымға әлі белгісіз.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылым үшін едәуір маңызы бар.

Сұрқұлақты жарқанат.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 41-53 мм, жаз айларында салмағы 8-9,5 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 39-46 мм. Түсі реңсіз, арқасы- ақшыл, ашық сұр. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі мөлдір. Қоңыр жарқанаттан өзгешелігі- танау тесіктерінің үстіндегі ісік тәрізді көмпиген жер жоқ, көз алдындағы сүйел тәрізді төмпешік кішкентай.

Таралуы мен сан мөлшері. Солтүстік Африкада, Оңтүстіік және Орталық Европада, Алдыңғы және Орталық Азияда тараған. Қазақстанда Батыс Үстіртте, Маңғыстауда, Қаратау бойында табылған, сол сияқты республикамыздың оңтүстігі мен шығысында кең таралған. Іле Алатауы мен Сарыарқада көптеп кездеседі.

Биологиясы. Тауы, қыраты бар орманды жерлерді мекендейді. Жаз айларында тұрғын үйлердің шатырында, үңгірлерде тіршілік етеді. Қоңыр жарқанат тәрізді қуыстарға тығылмай, ашық жерлерді қоныстады. Ұрғашылары жас балалары мен жүзім жемістеріндей бір-біріне жақын орналасып, бастарын төмен салып салбырап тұрады. Отырықшы. Жемдерін аулауға кеш шығарады. Қорегі- көбіне көбелектер. Бір түнде 550-1100 мг жем жейді. Тамызда шағылысып, келер жылғы маусымда жаппай туа бастайды. Жаңа туған жарқанат бір айдан соң дене мөлшері жағынан анасынан кем соқпайды. Тіршілігінің көп жақтары ғылымға әлі белгісіз.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылымда алатын орны ерекше.

Жалпаққұлақты жарқанаттар туысы — Азия жалпаққұлақты жарқанаты.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 48-53 мм, қолдың қары сүйегінің ұзындығы 42 мм, арқа түсі ақшыл, бауыры ақ болып келген майда жарқанаттар жатады. Ұшу жарғағы қоңыр қара. Құлақ қалқаны жалпақ әрі ұзын. Ұшуы шапшаң, мәнерлі.

Таралуы мен сан мөлшері. Синай түбегінен Жапония мен Үндіқытайға дейінгі аралықта таралған. Қазақстанда әзірге 2 жерден Бартоғай мен Жаркент қаласынан ғана табылып отыр. Сан мөлшері өте аз.

Биологиясы. өзен жағалаувындағы жартасты жерлерді мекендейді. Панасы- әртүрлі үңгірлер мен қуыстар. Отырықшы. Тіршілігінің көп жақтары ғылымға әлі белгісіз.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылымда алатын орны ерекше.

Кешкі жарқанаттар туысы- кіші кешкі жарқанат.

Сыртқы пішіні.дене тұрқы 58-72 мм, салмағы 16 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 42-46 мм. Жүні қалың және ұзын. Арқасындағы түктері 2 түсті ұшы көкшіл, қоңыр, түбі- қаралау, бауыры ақшыл. Қанаты ұзын әрі жіңішке, ұшу жарғағы қара сұр.

Таралуы мен сан мөлшері. Мадейра аралы мен Ирландиядан бастап Ауғаныстанға дейінгі аралықта тараған. Қазақстанда өткен ғасырда Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында табылған. Қазіргі кезде Жымпиты елді мекенінің маңынан 1 ғана жарқанат ұсталған. Соған қарағанда, Жайық өзенінің бойында мекендеуі мүмкін. Саны өте аз.

Биологиясы. Жапырақты ормандарда мекендейді. Ағаштың үлкен қуыстарында 10- нан , 40- тан топтанып тіршілік етеді. 2-ден кейде 1- ден өсім береді. Тіршілігінің басқа жақтары әлі зерттеле қоймаған.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылым үшін алаты орны ерекше.

Қызғылт жарқанат.

Сыртқы пішіні. Ден тұрқы 70-79,3 мм, салмағы 19-47 г. Қолдың қарының ұзындығы 52-59,9 мм. Денесі бір түстес қысқа жүнмен жабылған. Арқасы ашық қызғылттан бастап қою қызғылт түске дейін боялған, бауыры- ашықтау. Құлақ түймесі түйреуіш тәрізді, қара қоңыр. Қанаты енсіз әрі ұзын. өте шапшаң тұра ұшады ұшып жүріп адам құлағы қабылдайтын дыбыс шығарады. Қуыс, шатырлардағы жарқанаттарды шығаратын дыбысы арқылы басқа қолқанаттылардан оңай айыруға болады.

Таралуы мен сан мөлшері. Англия мен Мароккодан бастап Жапония мен Тайваньға дейінгі аралықта тараған. Қазақстанның оңтүстік –шығысы мен шығысында Қаратаудан Алтайға дейін кездеседі. Сол сияқты республикамыздың батыс аудандарында бірен-саран жерлерден ұсталған. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста сан мөлшері біршама.

Биологиясы. Өзен жағалаулары мен тау бөктерлерлерінде орналасқан жасыл желекке шомылған елді мекендерде қоныстанады. Жайлауы мен қыстауын ауыстырып отырады. Көшіп қонуы Қазақстаннның оңтүстік және оңтүстік шығысындағы таау бөктерлері арқылы өтеді. Жемін аулауға әр-түрлі құстар тынышталып, түнеуге кеткен соң шығады. Қорегі -ірі насекомдар, әсіресе қоңыздар, көбелектер. өте қомағай. Қолда ұстағанда өз салмағының жартысына жететіндей 99 ұн құртын жеп қойғаны белгілі. Қыркүйек -қараша айларында қыстайтын жерлеріне ұшып кетеді. Қыста салмағының 25 -29 процентін жоғалтады. Наурызда ұйқысынан оянып, жазда мекендейтін жерлеріне ұшып келеді. Тамыз -қазан айларында көбеюге қатысып, келер жылы көпшілігі егізден ұрпаққа береді. 5 -6 жасқа дейін өмір сүреді. Қызғылт жарқанатқа қығи, мықи тәрізді жыртқыш құстар шабуыл жасайды. Денесінде түрлі кене лер, қандалалар, бүргелер және паразит құрттар тіршілік етеді.

Халықшарушық  маңызы.көптеген зиянды насекомдарды, әсіресе, зауза қоңызын көптеп аулап, санын кемітеді. Түрлі қатерлі ауруларды тарату да атқаратын рөлі зор.

Кішкентай жарқанаттар туысы- ергежейлі жарқанат. 

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 33,7-42,8 мм, салмағы 3,4-8,9 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 29-32 мм. Құлақ қалқаны кішкентай, дөңгеленген ұшы жіңішке. Құлақ түймесі қысқа, қанаты сүйір. Тепкіріндегі тері өсіндісі жіңішке, жақсы дамыған. Жүні қалың. Арқа түсі қоңыр, көкшіл сұр; бауыры ақшыл. Қылшығының түбі қаралау. Қазақстанды мекендейтін жарқанаттардың ең кішкентайы. Қанатын баяу қағып, жай ұшады. Жемдерін бірігіп аулайды. Мекендерінен ымыртта ұшып шығады.

Тарлуы мен сан мөлшері. Испания мен Мароккодан бастап солтүстік батыс Қытайға дейінгі аралықта таралған. Қазақстанның оңтүстік шығысындағы таулы аймақтарда Қараатаудан Жоңғар Алатауына дейін кездеседі. Саны ең көп жарқанаттардың бірі.

Биологиясы. Мекені- әртүрлі ескілі- жаңалы құрылыстар. Кірпіштен және ағаштан салынған үйлерді паналайды.отырықшы, кей жылдары қоныстарын аударады. Корегі- майда қоңыздар, оларды ағаш басынан сикундына 4,5-6,6 м жылдамдықпен ұшып бірігіп ұстайды. Қарашаның басында қыстайтын мекендеріне топ-тобымен жиналады. Одан 4-4,5 айдан соң, яғни наурыздың ортасында ұшып шығады. Қыста салмағының 26,3 процентін жоғалтады. Қыркүйек, қазан айларында шағылысады. Маусымда жаппай туып, бірден екіге дейін өсім береді. Жаңа туғанда қызылшақа, көздері ашылмаған, бірақта анасына жабысып әртүрлі қимылдар жасайды. Үш күннен соң денесін түк басып, 7-10 күнде көздері ашылады. Айдың ортасында ұша бастайды. Денесінен кенелер, бүргелер, паразит құрттар табылған.

Халықшаруашылық маңызы. Түрлі орман -тоғай зиянкестерімен қоректеніп, шаруашылыққа пайда келтіреді.

Тоғай жарқанаты. 

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 42-48 мм, қолдың қары сүйегінің ұзындығы 33-36 мм. Арқасы бір түстес қара қоңыр, бауыры қызғылт сұр. Ұшу жарғағы қоңыр қара. Қанаты сүйір. Тепкіріндегі тері өсіндісі жақсы дамыған және көлденең орналасқан қалқаны болады. Құлақ түймесі ортасына қарай жуандаған. Ергежейлі жаарқанаттан сәл ғана үлкендеу.

Таралуы мен сан мөлшері. Англияның оңтүстігінен басткап Жайық өзенінің бойына дейін тараған. Қазақстанда Жайық өзенінің бойында, Орал қаласында табылған. Сан мөлшері жайында мәліметтер жоқ.

Биологиясы. Жайық өзенінің бойындағы көк майса шалғында, орман арасындағы алаңдарда қорегін аулайды, ағаш қуыстары мен шатыр астында мекендейді. Мамырдың соңы маусымның басында көпшілігі екіден өсім әкеледі. Тіршілігінің басқа жақтары әлі зерттеле қоймаған.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылым үшін орны ерекше.

Жерорта теңізі жарқанаты.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 40-55 мм, салмағы 6,6-9,1 г. Қолдың қаоры сүйегінің ұзындығы 34-37 мм. Арқа түсі бозғылт, сарғыш, бауыры- ақшыл. Түктерінің түбі қара қоңыр. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқаны қара көк. Екі сан мен қанаттың арасындағы жарғақтардың шеттері ақ түсті. Ол артқы аяқтың тұсында үлкейіп, жалпақ ақ даққа айналады. Мұндай белгі тек осы жарқанатқа ғана тән. Бірден жоғары қарай шарықтап, күрт төмен түсіп, қайта көтеріліп ұшып, жоғары-төмен қалықтайды.

Таралуы мен сан мөлшері. Африкада, Алдыңғы Азия, Европада Перенейден Балқан түбегіне дейін таралған. Сол сияқты Қырым, Кавказ, Каспий өңірінің солтүстік батысында және Түркменстанның оңтүстік батыс аудандарында кездеседі. Қазақстанда Қамыс-Самар көлінің маңынан, Ганюшкин, Орта мен Жәнібек елді мекендерінде табылған. Бұл жарқанат соңғы жылдары республикамыздың батысында жиі-жиі көріне бастады; болашақта сан мөлшерінің көбеюі мүмкін.

Биологиясы. Өзен бойларында, теңіз жағалауындағы елді мекендерде көптеп кездеседі. Ешкім бара алмайтын әртүрлі қуыстарда топтанып тіршілік етеді. Отырықшы. Қорегі-насекомдар. Қарашаның ортасында қысқы ұйқыға кетіп, көкектің басында оянады. Өте сақ; секем алған жағдайда қуыстың түкпіріне қарай кетеді.Жылына бір рет көбейіп, маусым айының екінші жартысында көбіне екіден, кейде бірден өсім береді. Жаңа туған жарқанаттың салмағы 1,5 г-дай. Олар шілденің басында өз бетінше ұша бастайды. Тіршілігінің басқа жақтары туралы мәліметтер аз.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылым үшін үлкен маңызы бар.

Жарғақты жарқанат.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 43-52, қолдың қары – 33,4-34,5 мм келген ұсақ жарқанат. Арқасы қоңыр, ашық қызғылт, бауыры арқасына қарағанда ақшылдау. Жүні бұйра; басқа кіші жарқанаттармен салыстырғанда тепкіріндегі тері қатпары нашар дамыған. Қанаттарын жиі-жиі қағып ұшады.

Таралуы мен сан мөлшері. Евразияның оңтүстік аудандары мен Африканың солтүстік аймақтарында тараған. Қазақстан Үстірттің солтүстігінен, Ақсу-Жабағалы қорығынан, Бетпақдаланың оңтүстік-шығысында орналасқан Байғара тауынан, Шу Іле тауларынан, Балхаш өңірінің солтүстік-шығысындағы Шұбартаудан, Балхаш-Алакөл ойпатынан табылған. Саны аз.

Биологиясы. Негізінен таулы, биік жарлары бар жерлерді мекендейді. Жартастағы майда қуыстарға паналайды, кейбір жерлерде қыстаудағы бос үйлерден де кездесіп қалады. Тіршілігінің көп жақтары әлі ғылымға белгісіз.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылым үшін маңызы зор.

Жарғақты жарқанаттар туысысолтүстік жарқанаты. 

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 54-46, қолдың қары сүйегінің ұзындығы 40,4-41,2 мм. Арқасы қара қоңыр, арасында бірен-саран жылтыр қылшықтары болады. Қанаты ұзыфн әрі үшкір. Тепкіріндегі тері өсіндісі нашар дамыған. Құлағы ұшына қарай дөңгеленіп келеді. Құлақ түймесі қысқа.

Таралуы мен сан мөлшері. Шығыс Франциядан бастап, Тынық мұхит пен Жапонияға дейін таралған. Қазақстанда Бурабай көлі мен Қызылжар, Көкшетау қалаларының маңындағы орманды-далалы, республикамыздың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы Іле, Күңгей Алатауынан Алтайға дейінгі тау қойнаулары мен жазықтарында кездеседі. Сан мөлшері жөнінде деректер жоқ.

Биологиясы. Орманды даладағы көл жағалаулары қайың мен самырсын ормандарын мекендейді. Тас, жартас пен өзен жағалауындағы жарлардың қуыстарында тіршілік етеді. Тіршілігінің көптеген жақтары әлі зерттелмеген.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылым үшін маңызы зор.

Боринский жарқанаты.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 46-61 мм, салмағы 5,5-12 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 32,5-37,3 мм. Жүні ұзын, қалың әрі майда. Арқасы құм түстес сарғыш, бауыры – ақшыл. Ұшу жарғағы жартылай мөлдір. Құлақ қалқаны сәл сұрғылттау. Басқа жарқанаттарға қарағанда түсі ашық, дене мөлшері орташа. Тек қана Орталық және Батыс Қазақстанның шөлейтті аудандарында кездеседі.

Таралуы мен сан мөлшері. Негізінен біздің республикамызда таралған, сондай-ақ бірен-саран жарқанаттар Саха елінде, солтүстік Осетия мен Иранда ғана ұсталған. Қазақстанның батысы мен орталық аудандарында табылған. Саны онша көп емес.

Биологиясы. Қазақстанның жазық жерлерінже ескі бейіттер мен ғимараттардың қуыстарында қоныстанады. Кеш түсіп, қараңғы түсісімен жемін аулауға шығады. Азығы – түн насекомдары. Туыстың басқа өкілдерімен салыстырғанда бұл жарқанат маусымның екінші жартысында бір ғана өсім әкеледі. Тіршілігінің басқа жақтары ғылымға белгісіз.

Халықшаруашылық маңызы. Қазақстанның табиғат жағдайы өте қатал солтүстік шөлдерінде мекендейтін бірден-бір жарқанат болғандықтан ғылым үшін маңызы өте зор. Оның мекендейтін қоныстарын қорғауға алу керек.

Кәдімгі жарқанат.

Сыртқы пішіні. Қазақстанда мекендейтін жарғақты қолқанаттылардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 60-75 мм, салмағы 13-31г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 45,3-55 мм. Құлағы әрі биік, әрі жалпақ. Арқасы сұрлау, бауыры ақшыл сұр. Үлкен топ құрып тіршілік етеді. Қанаттары жалпақ, асықпай қанаттарын жай қағып ұшады.

Таралуы мен сан мөлшері. Англиядан бастап, Кореяға дейін кездеседі. Біздің республикамызда шөл, шөлейт, дала және таулы аудандарда қоныстанады. Сан мөлшері едәуір.

Биологиясы. Елді мекендерде немесе оған жақын маңда кездеседі. Су қоймаларын болуы олардың тіршілік етуінің бір кепілі. Қоныс аударуы жайында деректер жоқ. Баспаналарын бірнеше жыл қатарынан пайдаланады. Ымыртта, кейде күн ұясына қонбай-ақ жемін аулауға кіріседі. Қорегі – қоңыздар, көбелектер және жұлдызқұрттар. өз салмағынаң 25-30%-дей болатын жем ұстайды. Су ішеді. Маусым айында жаппай туа бастайды. Жаңа туған жарқанаттардың көзі ашылмаған, денесін ақшыл түсті сирек талшықтар басқан. Туғанда салмағы 3,5-3,7 г. Алғашқы күндері анансының денесіне жабысып тұрады. Тез жетіледі. Маусымның аяғында жас жарқанаттар жеке топтанып, өз бетінше тіршілік етуге кіріседі. Қыркүйекте дене мөлшері жағынан ересектеріндей болады да, бірақ салмағы жеңілдеу келеді. Жарқанат денесінде кенелер, қандалалар кездессе, қанында паразит қарапайымдылар таралған.

Халықшаруашылық маңызы. Заузақоңыздармен қоректеніп, көп пайда келтіреді. Алайда олардың денесінде тіршілік ететін қансорғыштар, жарқанаттар ұшып кеткен соң, адамға шауып, түрлі аурулар таратуы мүмкін.

Шөл жарқанаты.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 54-62 мм, салмағы 10,1-15,2 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 42-44,3 мм. Кәдімгі жарқанатқа өте ұқсас, бірақ денесі сәл кішкене. Арқасы екі түсті, түгінің түбі ұшына қарағанда қаралау.

Таралуы мен сан мөлшері. Египеттен солтүстік-батыс Қытайға дейін тараған. Терістікте Түркия, Кавказ, Оңтүстік-батыс және оңтүстік Қазақстан мен Моңғолияда кездессе, оңтүстікке қарай таралу шегі Оман, Иран, Ауғанстан мен Пакистан арқылы өтеді. Қазақстанда Үстірттің оңтүстік-батысында, Маңғңыстау түбегінде, солтүстік-шығыс Қызылқұмда кездеседі. Сан мөлшері жайында деректер өте аз.

Биологиясы. Шөл аймақөта ғана кездеседі. Адам қолымен жасалған құрылыстар мен табиғи қуыстарды мекендейді. Кешкі ала кеуімде жемін аулауға шығады. Қорегі – түрлі насекомдар. Жылына бір рет көбейіп, мамыр мен маусымда көбіне екіден ұрпақ береді.тіршілігінің басқа жақтары ғылымға мүлдем белгісіз.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылым үшін атқаратын орны ерекше.

Гоби жарқанаты.

Сыртқы пішіні. Дене мөлшері солтүстік жарқанатқа ұқсас. өзінше жеке түр болып ғылымда соңғы жылдары ғана Санкт-Петербургтік ғалым П.П. Стрелковтың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бөлінді. Арқасы бір түсті, құм тектес.

Таралуы мен сан мөлшері. Іле, Жоңғар Алатаулары, Тарбағатай мен Зайсан ойпатының оңтүстігінде тараған. Сан мөлшері жайында мәліметтер жоқ.

Биологиясы. Тіршілігі әлі де зерттелмеген.

Халықшаруашылық маңызы. Қолқанаттылардың жаңадан ашылған түрі есебінде ғылым үшін зор маңызы бар.

Қостүсті жарқанаттар туысы – қостүсті жарқанат.

Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 50-60 мм, салмағы 8,2-17,9 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 42-46 мм. Арқасы өте жұмсақ, сәл бұйраланған, түбі қара, қызғылт қылшықтары бар, қоңыр түсті ұшының ақшылдығы бірден байқалады, бауыры ақшыл. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқаны – қара қоңыр. Құйрық жарғағының түбін жүн басқан.

Таралуы мен сан мөлшері. Евразияның қылқан жапырақты, аралас, жалпақ жапырақты ормандарда, далалы-орманды, дала, шөл және таулы аймақтарда тараған. Қазақстанда Алтай, Қызылқұм мен Арал өңіріндегі Қарақұмдардан басқа жерлдердің бәрінде кездеседі. Сан мөлшері едәуір.

Биологиясы. Елді мекендер мен ескі қыстаулардағы үйлердің шатырында, ағаш, тас қуыстарында мекендейді. Көшіп-қонып тіршілік етеді. Күн батып, қараңғы түсе жемін аулауға шығады. Қорегі – насекомдар. Жазғы қоныстарына көкек айының басында ұшып келеді. Жылына бір рет көбейіп, мамыр маусым айларында көпшілдігі екіден, жастары бірден өсім береді. Олар тез ер жетіп, маусым айының аяғында ұша бастайды. Денесінде түрлі кенелер болады. Тіршілігінің басқа жақтары әлі зерттелмеген.

Халықшаруашылық маңызы. Орман, ауылшаруашылығындағы атқаратын рөлі әлі анықталмаған. Жұқпалы аурулар таратуға қатысуы мүмкін.

Найзақұлақты жарқанаттар

Сыртқы пішіні. Ірі денелі, оның тұрқы 66-82 м. Құлақ қалқаны жалпақ әрі ұзын Арқасы құм түстес, бауры ақшыл.

Таралуы мен сан мөлшері. Алжирден Индияға дейін қоныстанған. Қазақстанда өте сирек кездеседі. Екі жерден ғана: Қартаудың батысындағы Ақмешіт үңгірі мен Үстірттің батысындағы Қарамая тауынан табылып отыр.

Биологиясы. Таулы жерде тас, жартас, тұрғын үйлердің қабырғасындағы қуыстарында мекендейді. Биологиясы әлі зерттеле қоймаған.

Халықшаруашылық маңызы. Ғылым үшін маңызы бар.

Иттұмсықты жарқанаттар тұқымдасы.

Дене мөлшері ірілі-ұсақты. Қалың әрі етті жоғарғы ерні ауыз қуымының үстінде жиырылған. Құлақ қалқаны қысқа, бірақ қалың, жалпақ. Қанаты жіңішке, ұзын, ұшу жарғағы қалың. Жүні қоңыр, сарғыш, сұр немесе қара. Етті құйрығы мен тепкірі – тежеу құралы. Маңдайына бірігіп біткен құлақ қалқандары жоғары-төмен ұшуды басқару қызметін атқарады.

Жиырерін жарқанаттар туысы – кеңқұлақты жарқанат. 

Сыртқы пішіні. Қазақстанда тіршілік ететін жарқанаттардың ішіндегі ең ірісі; дене тұрқы 81-92 мм, қолдың қары сүйегінің ұзындығы 57-63 мм. әуеду сұр қарлығаш тәрізді өте тез ұшады.

Таралуы мен сан мөлшері. Оңтүстік Европа мен солтүстік Африкадан бастап, оңтүстік-шығыс Қытай мен Жапонияға дейін таралған. Қазіргі кезде Қазақстанда үш жерде: оңтүстік-батыс Тянь-Шаньның сілемдеріндегі Піскен өзенінің бойынан, Талас Алатауы мен Қаратаудың түйіскен жеріндегі Шақпақ асуынан және Қартаудағы Ақмешіт үңгірінен табылған. өте сирек кездесетін жарқанат түрі.

Биологиясы. Қолдағы бар деректер бұл жарқанаттың таулы жерлердегі түрлі үңгірлерде мекендейтіндігін көрсетеді. Қыста қонысын ауыстырып, жылы жаққа ұшып кетеді. Басқа жарқанаттарға қарағанда, жемін аулауға кеш шығады. Қорегі – түн насекомдары. Жылына бір рет көбеюге қатысып, маусым айында бір ғана өсім береді. Жапалақтар аулап, сан мөлшерін кемітуі мүмкін.

Халықшаруашылық маңызы. Сирек кездесетіндіктен Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген жарқанат. Кездескен мекендерін қорғауға алу керек.