Байқоңыр және Байқоңыр ғарыш алаңы

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. II. Негізгі бөлім:

2.1.Байқоңыр және Байқоңыр ғарыш алаңы.

2.2.Байқоңырдың  экологиялық  мәселелері.

III. Қорытынды

  1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі  ең  үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс.  Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ . Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр . Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздеді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.

Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар.

Байқоңыр және Байқоңыр ғарыш алаңы

Байқыңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы)- Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам темір жол станциясынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдемінде орналасқан. Тұрғыны 53 мың адам (1997). Қаланың іргесі 1955 жылы Байқоңыр ғарыш алаңын салуға байланысты қаланған. 1960 жылы қаланың тұрғыны 40 мыңға, ал 1975 жылы 74 мыңға жетті. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі  қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температурасы –11 С , кейбір күндері -35 С -қа төмендейді; шілдеде 26 С, кейбір күндері 45 С -қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеогон кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынын түзілген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Шалғынды-боз және бозғылт құмдақты топырағында баялыш, күйреуік, жусан, сораң шөптесіндер басым. Бірнеше мың га жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойына “аса құпия” нысан болып саналды. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы “10-алаң” деп атап келген. Ал қалаға іргелес жатқан “Крайний” әуежайы мен көптеген шаруашылық мекемелері және Төретам темір жол станциясы “9- алаңға” кіреді. Қалада Мәскеу авиация институтының филиалы, электр техтикалық колледжі, ірі есептеу орталығы, әскери аурухана, емхана, әуежай электр станциясы, нан, сыра зауыттары, түрлі мәдениет ошақтары, көптеген сауда, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Байқоңыр қаласының орталық алаңына бас конструкторлар С.П Королев пен М .Г Янгельдің ескерткіштері, сондай-ақ, тұғырға С.П Королев құрастырған ғарыш кемесі орнатылған. Қаланың демалыс саябағында ракеталарды сынақтан өткізу кезінде қаза болғандардың (200-ден астам) бауырластар, ғарышты зерттеу тарихы музейі бар. Байқоңыр қаласы мен ғарыш алаңына қажетті құрал-жабдық, техника, құрылыс материалдары, тағы басқа заттар Төретам темір жол станциясы арқылы жеткізіледі.

Байқоңыр- ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін  Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық обьектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, тағы басқа факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші обьектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және темір жол арқылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі обьектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техникалық және арнаулы технологиялық құрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, тағы басқа көмекші және қызмет көрсету обьектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, тағы басқа жатады. Байқоңырда ракета-тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.

Ұлы конструктор (зымыран жасау жөніндегі әлемге әйгілі С.П Королевтің) басшылығымен алғаш рет космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш- космонавт  Ю.А Гагарин 1961 жылы көкек айының 12 күні  “ Восток” атты космос кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл геостанционарлық орбита болатын. Планетааралық зымырандарды ұшыру тек қана Байқоңыр космодромында сынақтан өткізіледі. Оның алдында 1957 жыл тамыздың 21 күні космос кеңістігіне алғаш рет жер серігі ұшырылған болатын. Ол ұзақ уақыт геостанционарлық орбитада ұшып жүрді де, кейіннен ұшу үрдісін тоқтатқан соң, әуеде жанып кетті.

Байқоңырда одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, “Восток”, “Восход”, “ Союз”, “Прогресс” ғарыш кемелері, “ Салют”, “ Мир” орбиталық станциялары, сондай-ақ , зерттеу-барлау жұмысын жүргізуге арналған “Космос”, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған “Протон”, “Зонд”, “Прогноз” байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған “Молния”, “Экран”, “ Горизонд”, “Радуга”, “Метеор” тағы басқа жердің жасанды серіктері ұшырылды. Айды, марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров “Союз Т-13” ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994,1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К. Әбілғазин, полк. Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов тағы басқа болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А Гагаринмен бірге дайындықтан өтті.

Байқоңырдың экологиялық мәселелері

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Байқоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Федерациясына оны жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол қойған. Жал мерзімі 20 жыл деп белгіленген. Ресей жағы Байқоңыр космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, о жағы бізге беймәлім.

Байқоңыр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңғы кезде космодром орналасқан жердің ауа райын,  табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортоға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар. Мысалы, Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым- экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар растап отыр.

Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістерді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей:

  1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар  табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұзып жіберетіні белгілі болды;
  2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаны мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;
  3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми- зерттеу жұмыстары  толығымен дәлелдеді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды;
  4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.

Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. Өйткені зымырандар осы көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады.

Зымырандарға жағылатын отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстардан тұрады.

а) Усыз отынның негізгі компоненті- сұйық күйіндегі (радиоактивті) оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымен бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі (радиоактивті) сутек болады.

ә) Өте улы зымыран отынның құрамында- улы тотықтандырғыш типіне жататын (радиоактивті) “самин” және (радиоактивті) “меланж” болады. Сонымен қатар, симметриялы емес радиоактивті- диметил гидразин (гептил) бар. Осы аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, өсімдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша уландырады. Олар биосферадағы барлық тіршілік  иелерін жойып жіберуі де мүмкін.

1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран, 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған.

Зымырандардың отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы тәсілдерімен тазартылу керек деген Ресей Федерациясымен келісім шартта баптар бар. Тазарту жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген емес. Зымырандардан түскен қалдықтардың бәрі тірі ағзаларға өте зиянды. Өйткені олар радиоактивті заттардан тұрады. Қазақстан жағы шамасы келгенінше, экологияны бұзбайтын тәсілдерді Ресей жағының пайдалануын қадағалап отырады. Зымыран ұшатынынан 5 күн бұрын, қай мезгілде зымыран ұшатынын Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының басшыларына алдын ала хабарлап отырады. Дауды дер кезінде шешіп отыратын тұрақты комиссия бар. Ол комиссия “Байқоңыр” деп аталады.

Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран- тасымалдаушылар апатқа ұшырауы- табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника ғой, ешкім де апат болмайды деп кепілдік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін.Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты кенеттен апатқа ұшырап отырған жайттар болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы (радиоактивті) отындардың жарым – жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін. Ал отын төгілген жерге кәресін шашып, оны өртеп жібереді. Немесе отынның улылығын жоятын бірнеше химиялық препараттар қолданады. Сонымен бірге, жерді өртеген кезде, жердің үстіңгі қабатындағы пайдалы микроағзалар түгелімен жойылып кететіні сөзсіз. Сөйтіп топырақ құнарлылығынан айырылып қалады. Ондай жерлерге өсімдіктер өспейді. Осы кезде улы заттардың улылық қасиетін тез арада жоюдың жетілдірілген тәсілдері қарастырылуда. Бұл кезек күттірмейтін күн тәртібінің басты мәселелерінің бірі. Зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектерінің аспаннан жерге құлап түсетін жерлерінде адамдар тұратыны белгілі. Оларды басқа жаққа көшіріп әкету мемлекетке оңайлыққа соқпайды. Тек зымырандардың қалдықтары құлап түскеннен кейін олардың улы қалдықтары орасан зор аймақтарға тарайтынын арнаулы зерттеулер анықтап отыр. Осы қайғылы оқиғаны болдырмау үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арнаулы экологиялық мониторинг жүйесін пайдаланады. Әсіресе РН “ Протон ” зымыранынан бөлініп шығатын улы қосылыстардың  зиянды  әрекетін азайту  жолдары  көзделуде. Неше түрлі жетілдірілген технологиялық үрдістер пайдаланылады. Осының нәтижесінде РН “Протон” зымыраны улы қосылыстарды қоршаған ортаға аз мөлшерде бөліп шығаруда мұның өзі кейінгі кездегі ғылым мен техниканың жетістігі екені өзінен-өзі белгілі. Экологияны мөлшерден тыс бұзбайтын РН “Протон” зымыранының отыны ретінде КБ “Салют” деп аталатын отын қолданады. Ол отынды ойлап тапқан Ресей ғалымдары. Олар М.В Хруничев атындағы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері. Егер РН “Протон” зымыраны апатқа ұшырай қалған кезде, ондағы гептилдердің барлығы жерге түспей, әуеде жанып кетеді. Ал жерге түскенде, оның көлемі айналаға онша көп тарамайтыны байқалады.

Зымырандарды жасаған кезде, оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұшырған кезде айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды. Осы жоғарыда айтылған мәселелерді қорыта келе, Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық әкеліп отырғаны сөзсіз. Соңғы кезде ауа райы өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды.

Дегенмен, кейінгі кезде Байқоңыр космодромының пайдасыз жағын жан-жақты зерттеу келешек жас ғалымдардың міндеті деп есептейміз. Байқоңыр космодромын салғанда қисапсыз көп қалдықтар болғаны жасырын емес. Олардың ішінде металл сынықтары, темірбетон қалдықтары болған. Бұл қалдықтарды пайдаланып құрылыс жұмыстарын жүргізуге болатыны анықталып отыр. Байқоңыр космодромының экологиясын қатаң бақылауға алған мекемелердің бірі — Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары мен табиғат қорғау  министрлігі.1996 жылдан бастап зымырандардың улы қалдықтары азайып, тек азғантай жерлерге түсетін болды. Айналаны қоршаған ортаға ұзақ мерзім әсер етпей, тез арада ыдырап кететіні байқалады, медициналық белгілерден аспайтыны белгілі болды.

Қаншама жуып-шайғанымен апаттың аты апат ғой. Зымыран-таситын зымырандар апатқа ұшырағанда, айналаны қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні айтпаса да түсінікті. Өзімізге белгілі ғарыш кемелерінің негізгі отыны болып табылатын гептил (химиялық атауы- нитрозодиметиламин) – айрықша сасық иісті түссіз сұйық . Ол ауадағы оттегімен жылдам  реакцияға түседі де, суда шексіз еритін тотықтардың түр-түрі пайда болады. Айналаға тез тарайды, жер бетінде де, топыраққа сіңгенде де өз қасиеттерін жоймай ұзақ сақталады. Тірі организмдерге, өсімдіктерге жедел сіңіп кететін болғандықтан, қоршаған ортаға аса зиянды. Қауіптілігі жағынан бірінші дәрежелі улы заттардың қатарына жатады. Адам ағзасына ас жолы, тыныс мүшелері арқылы жылдам тарайды, денеге тиіп кетсе, тері арқылы да тез сіңеді. Сондықтан адамға қатері орасан. Ойламаған жерден есіріп кету, тыныс тарылу, бұлшық еттердің тартылуы, орталық жүйке жүйесіндегі және қан қысымындағы ауытқулар, бауыр мен бүйректің бұзылуы сияқты аурулар гептилмен уланудың клиникалық белгілері болып табылады. Сол сияқты гептил ұрықты жатырда жатқанда-ақ ауруға шалдықтырады, адамдардың ұрпақ әкелу қабілетін төмендетеді, қатерлі ісіктердің пайда болуына және жедел өсуіне әсерін тигізеді.

1999 жылы шілденің 5 күні болған РН Протон зымыран тасымалдаушының апатынан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеті мен Ресей Федерациясы арасында 1999 жыл қарашаның 18 күні келісім шарт жасалынып, оған қол қойылады. Ол келісім шартта  кейінгі уақытта Байқоңыр космодромын қалай пайдаланудың жолдары көрсетілген. Зымыран апатының салдарын бірлесе отырып жою мәселелері жазылған.

Қорытынды

Байқоңыр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.

Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ долларын береді. Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25-40 миллион АҚШ долларын жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 миллион доллар кіріс кіреді. Бұл кіріс қазақ елінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтамасыз етілген. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып отырады. Ресей Федерациясы үздіксіз қаржыландырып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектеп, оның 5-еуі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектеп. Халықаралық космостық мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алады. Денсаулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырады.

Ал егер Байқоңыр космодромын жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтыны сөзсіз. Біріншіден, жергілікті халық жұмыссыз қалады. Екіншіден, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғаудан айырылып қалады. Қазақстан Республикасы көптеген мүмкіншіліктерден айырылып қалатыны байқалып отыр. Экономикалық және әлеуметтік даму болмауы да мүмкін. Байқоңыр космодромы жер жүзіне белгілі болғандықтан көптеген көмектер әр түрлі мемлекеттерден келіп тұрады. Космодромда эколиялық өзгерістердің болмауын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау министрлігі бақылау жасап отырады.

Байқоңыр космодромы болуына байланысты Қазақстан Республикасының беделі күннен күнге арта түсуде. Байқоңыр космодромында келешек ұшқыш-космонавтар іріктеліп алынады. Оның ішінде көптеген қазақ елінің жастары бар.

Байқоңыр космодромы келесі мыңжылдықта ең басты космостық аппараттар мен космос корабльдерін космосқа ұшыру және космос кеңістігін зерттеуде айрықша рөл атқаратыны сөзсіз. Ол космосты зерттейтін ғылыми-техникалық орталығы болып қала беретіні айдан анық. , оның келешегі зор, берері мол.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Космонавтика.Энциклопедия, Москва 1985 ; В.А.Алексеев, А.А. Еременко, А.В.Ткачев.
  2. Космическое содружество, Москва 1988 ; В. Чундеров , М.Мұқанов.
  1. Экология негіздері, Алматы 2004; Ж.. Ж.. Жатқанбаев.